Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Практикалық сабақтар
Тақырыбы: «Бастауыш мектепте критериалды бағалау» ЖОО-дағы оқу пәні ретінде
(Менталды карта әдісі арқылы талдау)
Орындаған: Курбаналиева Лаура Нурлубековна
Факультет: Педагогика және психология
Мамандық: 6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тексерген: Утюпова Гульнара Елетаевна
Алматы-2021
«Бастауыш мектепте критериалды бағалау» ЖОО-дағы оқу пәні ретінде
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесіне өзгерістер енгізілді. Осыған сәйкес ЖОО-да болашақ педагог кадрларды даярлауда «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні енгізілгені белгілі.
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» оқу құралы жоғары оқу орны 6В013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау мамандығына арналған.
Бағалаудың түрлі түрлері мен әдіс техникаларын қолдану тұлғаға бағдарлы оқытуда ерекше маңызды. Оқушылар өз білімдері мен біліктерін көрсету мүмкіндігіне ие болмай ғана, келешекте қандай жақтарын жақсарту керек екендігі туралы біле түседі. Ал оқытушылар оқушының білім мазмұнын тереңірек түсінуіне көмектесу үшін қажетті мәлімет алады.
Тақырыпты түсіну мен оқушының қалыптасқан дағдыларының деңгейі туралы мәлімет жинайтын бағалаудың түрлі түрлері мен әдіс/техникаларын шебер қолдану оқытушыға оқытуды дифференцияциялауға (бөлуге) – әр оқушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерімен санасуға, ал оқушыларға – өз оқуларын басқару мен оқу процесі мен болашақтарында қажет ететін құзыреттіліктер қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бағалау - оқу үдерісі мен нәтижелерін жүйелі түрде және сыни талдау, соның негізінде ағымдағы және кейінгі оқу үдерісіне қатысты тұжырым жасап, шешім және/немесе ұсыным шығаруға бағытталған қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: |