Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі
жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін
қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы
ақпараттар ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;
Оқу бағдарламасы;
Оқу жоспары;
Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі; Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
Достарыңызбен бөлісу: |