Сабақтар топтамасының тақырыбы: пирамида Күтілетін нәтиже



бет2/3
Дата25.08.2017
өлшемі439,07 Kb.
#27237
түріСабақ
1   2   3




Сабақ : № 2

Геометрия

Мектеп :

№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі

Күні :

13.10.2016ж

Мұғалімнің есімі:

Танкеева Перуза Бейсенхановна

Сынып:

11 «В»

Қатысқандар саны:

24

Сабақтың тақырыбы:

Дұрыс пирамида , оның элементтері

Қатыспағандар саны :

1

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Дұрыс пирамида туралы түсінік қалыптастыру, сызбасын сыза білу, оның қасиеттерімен таныстыру.

Оқу мақсаты

Осы сабаққа байланысты өткенді еске түсіреді. Жалпы пирамиданың қасиеттерін еске түсіреді, тең қабырғалы үшбұрыш, квадраттың ауданын және периметрінің формуласын еске түсіреді.

Дұрыс пирамиданың элементтерін есептеп табуды үйренеді.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Тілдік мақсат:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Талқылауға арналған тармақтар:


Есептің шартын түсіну, белгілей білу, қойылған сұрақты түсіну.

Дұрыс пирамида, дұрыс үшбұрышты пирамида, дұрыс төртбұрышты пирамида, апофема, диагональдық қима.

Апофема дұрыс пирамиданың бүйір бетіне қандай бұрыш жасайды? Диагональдық қиманың ауданы қалай есептеледі?

Дұрыс үшбұрышты пирамиданың табандары қандай фигуралар болады?



Алдыңғы тақырып:

Пирамида және оның элементтері

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих, сызу.

Ғаламтор, қосымша әдебиеттер

Құндылықтардағы байланыс:

Оқушылардың ұйымдастырушылық қасиеттерін жандандыру

АКТ-мен байланыс:

Таныстырылым, аудиожазба

Жоспар :

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер)

Ресурстар

Басталуы :

Психологиялық ахуал қалыптастыру. 2 мин

Топқа бөліну. 2 мин


Оқушылардың бүгінгі көңіл-күйлерін көтеру үшін «Шаттық» шеңберінде бір-бірімізге сәттілік тілейміз.

Смайликтер арқылы топқа бөлінеді.





Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы:

37 мин



Cергіту сәті:

Өткенді еске түсіру (талқылауға арналған сұрақтарға жауап алу). 2 мин. «Ыстық орындық» арқылы өткен сабақты еске түсіреміз.

Үй жұмысын тексеру. №10 есепті тақтаға шығару. 5 мин.

Қалған оқушылар есептерін тақтадағы есеппен салыстырып, тексереді. Өздерін бағалайды.

№10


Дұрыс төртбұрышты пирамида табанының қабырғасы 10 см. Пирамиданың биіктігі 12 см-ге тең. Апофемасын табыңдар.
Шешуі: SK-апофема. OK=5см.

Жауабы: 13 см.


Жаңа сабақ. Дұрыс пирамида , оның элементтері туралы таныстыру. Оның биіктігін, апофемасын, диагональдық қимасының қалай түсірілетіні туралы түсінік беру. 8 мин
Топтық жұмыс.10 мин. «Ойлан, жұптас, бөліс»

№12-В, №14-С, №8-А есептерді шығару. Деңгейлік тапсырмалар.

Жауабы: №12- 3 дм, №14- 1,6 м; , №8- 8 см.



Оқулық, дәптер, сызуға арналған құрал-жабдықтар

Қимыл-қозғалысқа арналған жаттығулар. Музыкалық әуенмен бірге билеу. 2 мин.

Жеке жұмыс. 10 мин.

№11 есепті тақтаға шығару.

Төртбұрышты дұрыс қиық пирамиданың биіктігі 5 см-ге тең. Табандарының қабырғалары 8 см және 6 см. Пирамиданың бүйір қырын табыңдар.

Жауабы: см.



Сабақтың аяқталуы:

4 мин


Сабақты қорытындылау. «Ой түрткі» сұрақтарын қою. 2 мин

Апофема дұрыс пирамиданың бүйір бетіне қандай бұрыш жасайды? Диагональдық қиманың ауданы қалай есептеледі?

Дұрыс үшбұрышты пирамиданың табандары қандай фигуралар болады?

Үй тапсырмасы. Нұсқау беру. 2 мин.

№12 есепті шығару.





Қосымша ақпарат

Саралау

Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша сұрақтар.

Трапеция, төртбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыштың ауданының формуласын еске түсіру, соған байланысты ауызша есептерді беру.

Үлгермеуші оқушылардан тең қабырғалы үшбұрыш, квадраттың қасиеттерін еске түсіреді.





Бағалау

Бағалау парағындағы критерийлер бойынша бағалау.




Рефлексия :



Мақсатқа сай жүргізілген сабақ болды. Оқушылар дұрыс пирамида туралы ұғымды түсінді. Кері байланыста дұрыс пирамиданың ерекшеліктерін атап, жеңіл түсінгенін жазған. Уақыт жеткілікті болды. Осы жолы «Джигсо» әдісін қолданғанда оқушылар тез қабылдап алар еді. Келесі сабаққа қосамын.

Қорытынды бағамдау: (Оқушылардың кері байланыста берген жазуларын ескеремін)
Қандай екі нәрсе табысты болды?

1.Бағалау жүргізу.
2.Өткен сабақты қайталау.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

  1. Критерийлер бойынша бағалау тиімді болды.




  1. Кері байланыс арқылы оқушының идеясы


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім?

Қабілеті жоғары оқушыларға трапеция, теңқабырғалы үшбұрыштың ауданын есептеуге арналған есептер қарастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет