Сабақтардың мазмұны бөлім. Кіріспе тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектеп және оның ерекшелігі


Тіл дамыту, шығармашылық жұмыстар



бет25/48
Дата08.06.2022
өлшемі8,03 Mb.
#146216
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Байланысты:
Ш к м жауаптары
ШКМ пәнінен мемл.эмтихан сұрақтары Б-18 (копия), Кіріспе бақылау жұмысын талдау, реферат
2.Тіл дамыту, шығармашылық жұмыстар
Шағын жинақты мектеп оқушыларының ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту мәселелері басқа оқу пәндерінің сабақтарында да шешілуі мүмкін. Барлық пәнді бір мұғалім жүргізетіндіктен, оның шешімі оңай.
Сөйлеу тілін қалыптастыруға және дамытуға көмектесетін негізгі талаптар – тілді дұрыс қолдану (екпін қою, ырғағы, т.б.), ауызша сөйлеуге дайындау тәсілдері (сұрақтар құру, тірек сөздерін іріктеу, жоспар құру, т.б.), монологтік сөйлеу тілінің құрылымдық формалары (түсінгенін айту, хабарлау, әңгімелеу).
Сыныпта оқушылардың саны аз болуы мұғалімге әрбір оқушының танымдық, білімдік өсуін жете зерделеуге, қабілет-қарымын ашуға бағытталған жұмыс жүргізудің ыңғайлылығы, ұжымдық жұмыс істеуге дағдылану үшін орта қалыптастырудың қолайлығы. Мұғалім осы мүмкіндіктерді қолдану керек. Осы орайда оқушыларды саралап оқыту оқу жұмысының жеке формасы ретінде біріктірілген сыныпты оқытудың барлық процесінде қолдануға болады
Сабақтағы біртақырыптық кезеңдерде жағдаяттық тіл жаттығулары, сөздік жұмыстары, диалог және жоспар құру, түрлі дидактикалық ойындар ұйымдастыруға болады. Бұл әдіс оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дамытуға, сенімсіз жағдайда психологиялық кедергіні жеңуге көмектеседі. Осылардың барлығы оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамытудың тиімді құралдарының бірі екендігін көрсетеді.
Жағдаяттық жаттығуларға нақты ортада айтылатын жағдаяттарға жақын оқушылардың нақты сөйлеу тілін тудыратын оқу-тіл жағдаяттары жатады. Жағдаятты іске асыру оқушының нақты жағдайда әрекет ететін тұлғаға айналуын талап етеді. Арнайы жағдаяттық тапсырмалар бойынша қажетті жағдайлар құру шығармашылық өзіндік жұмыстарда шешіледі. Оқытылатын тілдің практикалық жағын меңгеру міндеттерін шеше отырып, сөйлеу тілін өмірлік қажетті жағдаяттарда құру керек.
Уақыт аз кететіндіктен, ойындар сабақта тілдік орта құруға қолайлы. Әдетте аталған жұмыс сабақтың тақырыбына байланысты және сабақтың біртақырыптық кезеңінде өткізіледі. Ойынға арналған лексика бағдарлама тақырыптарына сәйкес таңдалады. Ойын элементтері сабақты қызықты етеді, өйткені оқытудың бастапқы кезеңінде оқушылар үшін ойын сабаққа қарағанда күнделікті іс-әрекет. Ойынды бір сыныпта сөздерді меңгерту, ал екінші сыныпта бекіту және қайталау мақсатында қатар және сынып арасында өткізуге болады. Мұндай ойындарды оқушылардың сөйлеу қажеттіліктері туындағанда ұйымдастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет