Сабақтардың мазмұны бөлім. Кіріспе тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектеп және оның ерекшелігі


Тәрбие шараларын жоспарлау ерекшелігі



бет21/48
Дата08.06.2022
өлшемі8,03 Mb.
#146216
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Байланысты:
Ш к м жауаптары

2. Тәрбие шараларын жоспарлау ерекшелігі
Пікірталас
Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікірталас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Пікірсайыс – бұл жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім көлемі болса, сонда ғана ол нәтижелі болады. Пікірсайыс – бұрын өткізілген тәрбие сағаттарының жалпы алғанда белгілі бір көлемде нәтижесін, өміршеңдігін көруге мүмкіндік туғызады.
Әңгіме
Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып - адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік, қарапайымдылық және озбырлық, жомарттылық және қатыгезділік, біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қарастырылады. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибесін дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі.Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлермен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда, ең алдымен адамгершілік ұстанымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн.Әңгіме жүргізу негізінен бастауыш сынып оқушыларын қамтиды.
Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар:
· Өз Отанына адал берілгендігі;
· Өзі өмір сүріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі;
· Шыншылдығы;
· Қайырымдылығы, қарапайымдылығы, адалдығы;
· Саналы тәртіп пен мінез- құлық, мәдениетіне жауапкершілігі;
· Жолдастық, достық қарым-қатынастыққа адалдығы;
· Немқұрайлылыққа және жамандыққа төзбеушілігі;
· Еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынасы.
Конкурстар
Мектепте өткізілетін конкурстар (бәйгелер) оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу мақсатын көздейді. Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн. Конкурстың түрлері әралуан: конкурс-викторина, конкурс- инсценировка, мәнерлеп оқу, фото-сурет т.б. Конкурсты өткізбес бұрын, конкурстың түрі анықталып, оған қатынасушыларға қойылатын шарттар белгіленеді және соған сай кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес хабарландыру ілініп, әділ қазылар тағайындалады. Конкурсқа қатысамыз деген командалар, ұйымдастыру тобына алдын ала тапсырыс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет