Сабақтардың мазмұны бөлім. Кіріспе тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектеп және оның ерекшелігі


Өз бетімен беруге болатын қызықты тапсырмалар



бет30/48
Дата08.06.2022
өлшемі8,03 Mb.
#146216
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Байланысты:
Ш к м жауаптары
ШКМ пәнінен мемл.эмтихан сұрақтары Б-18 (копия), Кіріспе бақылау жұмысын талдау, реферат
Өз бетімен беруге болатын қызықты тапсырмалар
Ойын элементтері.
1 сынып "Он көлеміндегі сандардың нумерациясы" ойыны
2 сынып "Жүз көлеміндегі қосу мен азайту" ойыны
Қорытынды ойын "Қай қатар жылдам"


5.2 тақырып. Өзбетіндік жұмыстар мен ойынның ролі


Мақсаты: Өзбетіндік жұмыстар мен ойынның ролін түсінуін меңгерту. Ойын әдісінің әдістемесімен таныстыру.

1. Өзбетіндік жұмыстардың тиімділігі


2.ШЖБМ-те ойынның ролі


1. Өзбетіндік жұмыстардың тиімділігі
Шағын жинақты мектеп оқушылары назарды тақырыпқа шоғырландыруымен, өзіндік жұмыс істеу білігімен ерекшеленеді.
Сабақтың жалпы құрылымы мынадай болуы мүмкін:
1-нұсқа:
1-кезең. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.
2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).
2-нұсқа:
1-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.
2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.
4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).
Жоғарыдағы сабақ құрылымының сызбасында мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс барлық сыныпқа ортақ. Сабақтың бастапқы кезеңі ұйымдастырушылық кезеңнен тұрады: сабаққа көңіл аудару, тапсырмалар алу, сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау, алдыңғы өткен тақырыпты қайталау (терминдер мен сөз тіркестерін айтып түсіндіру, яғни оқу пәндерінің лексикасын меңгеру). Кейде жалпы оқу және интеллектуалдық біліктерді қалыптастыру бойынша түсіндірмелер беру, жаттығулар мен тапсырмаларды орындау: жоспарлау, нақты дереккөздерден алу.
2.ШЖБМ-те ойынның ролі
Ойын әдісі белсенді тұлғааралық қарым-қатынас арқылы өзін-өзі анықтау үшін өте қажет. Әрбір пәнді оқыту барысында ойындарды пайдалану мұғалімдерге өздерінің іскерлік сапалары мен тұлғалық қасиеттерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді, себебі ойын арқылы өзара іс-әрекетке түсу кезінде олар әртүрлі келісімдерді, қатынастарды талқылайды, іскерлік құжаттарға қол қояды, келіссөздер мен кеңестер, мәжілістер мен конференциялар жүргізеді, т.с.с.
Ойын әдісі оқу процесін белсендіру және жетілдіру құралы ретінде мына жағдайларда қолданылады:
оқу пәнінің ұғымдарын, тақырыптарын және тұтас бөлімін меңгеру үшін дербес технология ретінде;
жалпы технологияның бір бөлігі ретінде;
сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде;
сабақтан тыс жұмыста дербес технология ретінде.
Ойын әдісі педагогикалық процесті педагогикалық ойындар түрінде ұйымдастыру әдіс-тәсілдерінің тобын құрайды. Педагогикалық ойындардың басқа ойындардан айырмашылығы – онда нақты оқыту мақсаты қойылып, соған сәйкес педагогикалық нәтиже болады және олар нақты түрде негізделіп, бөлініп көрсетіледі де, оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталады.
Сыныпта оқушылар санының аз болуы «психологиялық бір сарындылыққа» әкеледі, ал бұл өз кезегінде оқушылардың оқуға деген қызығушылығын төмендетіп, олардың енжарлығын тудырады. Мұндай бірсарындылықтан қашу үшін мұғалім шағын топтар жұмысында ойын және тренинг әдістерін қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет