Сабақтардың мазмұны бөлім. Кіріспе тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектеп және оның ерекшелігі



бет27/48
Дата08.06.2022
өлшемі8,03 Mb.
#146216
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
Ш к м жауаптары

2. Өзбетіндік жұмыстардың түрлері
1. Сөз тіркесін оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс
Зат есім мен етістіктен тұратын сөз тіркестерін жаса, ондағы сөздердің мағынасын түсіндір.
Сын есім мен зат есімнен тұратын сөз тіркестерін жаса, ондағы сөздердің мағынасын түсіндір.
Мәтінді оқып, сөз тіркестерін тап.
Құндыз – ғажап аң. Ол жуан ағаштарды жығады. Өздеріне үйшіктер жасайды. Құндыздың терісі аса бағалы.
2. Сөйлемді оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс
Тапсырмалар
1. Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр

2. Тірек сөздерді қолданып, сипаттау мәтінін құрастыр



дәмі түрі түсі

3. Суретпен жұмыс




5.1 тақырып. Бастауыш сыныптардағы математика пәнінің мазмұны мен мақсаты


Мақсаты: ШЖБМ-дегі математика сабағы, оның түрлері және олардың ерекшеліктері туралы білімін толықтыру. Математика пәнінен өзбетіндік жұмыстар түрлерімен таныстыру.

1. ШЖБМ-дегі математика сабағы, оның түрлері және олардың ерекшеліктері


2.Математика пәнінен бір пәндік сабақтар
1. ШЖБМ-дегі математика сабағы, оның түрлері және олардың ерекшеліктері
Ең дұрысы сабақ кестесін барлық сыныптарда математика сабақтары бір мезгілде өткізілетіндей етіп жасау. Ең нәтижелісі - барлық сыныптарда математика сабағын бір мезгілде өткізу. Бұл жағдайда мұғалімге бір сыныптан екінші сыныпқа ауысқан кезде өзінің назарын басты мәселеге аудару оңайырақ болады, өйткені біртекті материал балалардың өзіндік жұмысын орындау барысында басқаға алаңдамауына себепші болады. Сонымен бірге, барлық сынып балаларының ортақ жұмысын ұйымдастыру үшін жағдай туғызады. Мысалы, ауызша жаттығулар жүргізгенде тақтаға жазылған сандарды арттыру ұсынылады, яғни тапсырма барлық оқушыларға ортақ, сонда бірнеше бірлікке арттыруды (2 сынып), бірнеше есе арттыруды (3 сынып), ал 10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейтуді (4 сынып) ұсынуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет