Сабақтарынан арналған әдістемелік өңдеу Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс» Курсы: ІІ семестрі: IV


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы



бет6/16
Дата10.06.2017
өлшемі6,02 Mb.
#18554
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 47 мин (35%)

Жасушаның молекулалық биологиясын, жасуша органоидтарын, ядро, митохондрия, лизосома, рибосома, ЭПТ құрылысын альбомға түсіру



Жаңа тақырыпты бекіту 14 мин (10%)

Сабақты қорытындалу 3 мин (2%)

Үйге тапсырма беру 3 мин (2%)

Жасушаның биологиялық ақпараттық құрылымы -нуклеин қышқылдары және ақуыздар.



3. Сабақтың тақырыбы: Жасушаның биологиялық ақпараттық құрылымы -нуклеин қышқылдары және ақуыздар.

Сағат саны: 135 мин (100 %)

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Студенттерге жасушаның биологиялық ақпараттық құрылымы – нуклеин қышқылдары мен ақуыз макромолекуласының бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымын, ақуыздың негізгі қызметін үйрету. Ақуыз молекуласының фолдингін, ақуыз молекуласының табиғи құрылымының адайтын факторларды, шаперондар қызметтерін, приондар құрылысын қызметін үйрету.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер

Материалды-техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а) техникалық құралдар: микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмысқа арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, нұсқау карталары, кестелер, сөзжұмбақтар, плакат жинағы.

б) оқыту орны: 408, 409, 410 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі оқулықтар:

1.Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,

2. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для вра

чей. 3. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.,Медицина, 2003. 4. Генетика учеб

ник для ВУЗов / под. ред. академика РАМН В.И.Иванова.- М., ИКЦ«Адемкнига»

5. Медицинская биология и генетика / Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы,

Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007
Ұйымдастыру кезеңі: 7 мин (15%) рапорт


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.




  • ДНҚ ның құрылысы

  • ДНҚ ның қызметі

  • ДНҚ ның маңызы

  • ДНҚ молекуласының РНҚ дан айырмашылығы қандай

  • РНҚ түрлері, маңызы

  • Ақуыз молекуласының І-, ІІ-, ІІІ- құрылысы

  • Ақуыз молекуласының маңызы неде

Сабақтың мақсаты мен міндеті: Ақуыз молекуласының 1 ші, 2 ші, 3 ші реттік құрылымын, ДНҚ және РНҚ молекуласының құрылысын оқыту



Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20 мин (15%)

  • Оқушылардың міндетін жан – жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру


Жаңа сабақты түсіндіру 41 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспармен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану

НҚ екі түрі белгілі: ДНҚ, РНҚ. НҚ –полимерлер, олардың мономерлері болып нуклеотидтер саналады. Нуклеотидтер өз кезегінде 3 бөліктен құралған. Қант Фосфор қалдығы Азоттық негіздер. Нуклеотидтер молекуласында азоттық негіздердің нуриндік –Аденин (А) не Гуанин (Г); немесе примидиндік –цитозин (Ц) не Тимин (Т), Урацил (У) деген түрлері, қант ретінде –дезоксиребоза не рибоза, 1 фосфор қышқылының қалдығы (монофосфат) кездеседі. ДНҚ (дезоксинуклеотид қышқылы) нуклеотидтері дезоксирибозадан А, Г, Ц, Т азоттық негіздерінен, 1 фосфаттан (монофосфат) құрылған, оларды д АМФ, д ГМФ, д ЦМФ, д ТМФ деп атайды. ДНҚ молекуласы қосширатпалы болып келеді (Ф. Крик, Д.ж. Уотсон). Оның алғашқы, екінші реттік, үшінші реттік құрылыстары белгілі. ДНҚ молекуласының алғашқы құрылысы- бір жіпшеде нуклеотидтердің (А, Г, Ц, Т) бірізділікпен тізбектеніп орналасуы болып табылады. ДНҚ алғашқы құрылысы фосфодиэфирлік байланыс арқылы тұрақтанады, яғни бір жіпшедегі нуклеотидтер бір-бірімен фосфаттық топ арқылы байланысқан: ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылысы оның екі жіпшесіндегі азоттық негіздердің бір-бірімен комплиментарлы сутектік байланыс арқылы байланысуы (А-Т; Г-Ц) арқылы түзіледі ДНҚ жіпшелерінің 51 және 31 ұштары белгілі, ДНҚ молекуласының қосширатпасы (тізбектері) бір біріне антипаралель орналасқан;

(51) ... АТТГАЦГГЦ ......( 31)

(31) ... ТААЦТГЦЦГ...... (51)

Р-РНҚ молекуласының ерекшелігі гуанин (Г) және цитозин (Ц) сияқты азоттық негіздерінің мөлшері басқаларына қарағанда әлде қайда көп болады. Сонымен қатар минорлық нуклеотидтер де жиі кездеседі.

Р-РНҚ-ның екінші реттік құрылымында қостізбекті учаскелер және ілмешіктер де көптеп кездеседі.

Нуклеин қышқылдарының нуклеотидтері көпшілік жағдайларда модификацияланады, осылайша олар ерекше қасиеттерге ие болады. Нуклеотидтердің модификациялануының бірнеше түрлері белгілі:

-ДНҚ –ның цитозині жиі метилденеді де 5 МЦ пайда етеді. Бұл құбылыстың маңызы –ДНҚ қос тізбегінің беріктігін күшейту болып табылады;

-а-РНҚ, р-РНҚ нуклеотидтерінде рибоза қалдығы метилденеді;

-т-РНҚ молекуласында

уридиннің тотықсыздануы (дигидроуридин);

уридиннің изомерленуі (псевдоуредин);

уридиннің метилденуі (метилуредин);

дезаминденуі (инозин)



-кейде нуклеотидтердің гликолизденуі және регликолизденуі де байқалады.




Сонымен қатар А-Т арасында 2 сутектік байланыс болса, Г-Ц арасында 3 сутектік байланыс болады сондықтан-да Г-Ц байланысы, А-Т байланысына қарағанда әлде қайда мықтылау болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет