Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж


– БӨЛІМ ӨСІМДІКТІҢ ҚОРЕКТЕНУІ МЕН ТЫҢАЙТҚЫШ ҚОЛДАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТОПЫРАҚТЫҢ АГРОХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ



бет21/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt

2 – БӨЛІМ
ӨСІМДІКТІҢ ҚОРЕКТЕНУІ МЕН ТЫҢАЙТҚЫШ ҚОЛДАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТОПЫРАҚТЫҢ АГРОХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

1-тақырып. ТОПЫРАҚТЫҢ МИНЕРАЛДЫҚ ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ БӨЛІГІ – ҚОРЕКТІК ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ КӨЗІ


1. Топырақтың құрамы.


2. Топырақтың минералдық және органикалық бөлігі - қоректік элементтердің көзі.
3. Топырақтың қарашіріндісі және оның маңызы.
4. Әр түрлі топырақ құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері.
5. Топырақтың тиімді құнарлылығын арттыруда топырақтағы химиялық және биологиялық процестердің рөлі.
6. Топырақтың тиімді құнарлылығын арттыруда тыңайтқыштардың рөлі.

Топырақ негізінен бір-бірімен өзара тығыз байланысты үш бөліктен (фазадан) тұрады: газ немесе топырақ ауасы, сұйық немесе топырақ ерітіндісі және қатты бөлігі. Топырақтың осы үш бөлігі оның механикалық, химиялық құрамдары мен агрохимиялық қасиеттеріне жан-жақты әсер етеді.


Топырақ ауасы өсімдік тіршілігіне және оның тамырлары мен аэробты микроағзалардың тыныс алуы үшін маңызды рөл атқарады. Топырақ ауасының құрамы атмосфера ауасымен салыстырғанда өзгешелеу болады. Атап айтқанда, топырақ ауасының құрамында көмірқышқыл газы көп (пайыздың оннан бір бөлігінен 2-3 %-ға дейін), оттегі азырақ болады.
Топырақ ерітіндісі топырақтың жалпы массасының 20 %-ын құрайтын оның ең жылжымалы, өзгермелі және белсенді бөлігі. Топырақ ерітіндісінің құрамына минералдық, суда еритін органикалық заттармен еріген газдар (оттек, көмірқышқыл газы, аммиак және т.б.) енеді.
Топырақ ерітіндісінің құрамы мен концентрациясы тұрақты емес, ол түрлі биологиялық, химиялық, физика-химиялық құбылыстардың әсерінен өзгеріп тұрады.
Топырақтың қатты бөлігінде өсімдіктер үшін қоректік заттардың негізгі қоры жиналған. Ол минералдық және органикалық бөліктен тұрады.
Топырақтың қатты бөлігінің жартысына жуығы (49%) оттек үлесіне, үштен бірі (1/3) – кремний, 10%-ы - темір мен алюминий үлесіне, тек 7 %-ы басқа химиялық элементтердің үлесіне тиеді.
Жоғарыда аталған химиялық элементтердің барлығы топырақтың минералдық бөлігінде минералдық қосылыстар түрінде кездеседі. Көміртек, сутек, оттек, фосфор және күкірт топырақтың минералдық және органикалық бөлігінде, ал азот дерлік тұтас органикалық бөлігінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет