Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет45/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt

Нитратты тыңайтқыштарды қолдану. Селитраларды әр түрлі топырақтарға қолдануға болады. Бірақ физиологиялық сілтілі тыңайтқыштар болғандықтан, оларды сілтілі топырақтарға енгізудің қажеті жоқ. Қышқылды шымды-күлгін топырақтарға тиімділігі жоғары болады, өйткені оларды ұзақ уақыт қолдану топырақтардың қышқылдығын бейтараптауға мүмкіншілік жасайды.
Селитраларды барлық ауыл шаруашылығы дақылдарына қолдануға болады. Натрий селитрасы құрамында натрий болғандықтан қант қызылшасы, малазықтық және асханалық тамыр жемістілер сияқты дақылдардың өніміне және сапасына оң әсер береді. Өйткені натрий көмірсулардың жапырақтардан тамырға жылжуына себепкер болады. Суармалы аймақтарда күріш, мақта сияқты дақылдарға қолданатын селитралар тиімділігі аммиакты тыңайтқыштарға қарағанда төмен болады.
Селитраларды кез келген тәсілмен: негізгі тыңайту, қатарлап, үстеп қоректендіру ретінде қолдануға болады. Бірақ гигроскопиялығы жоғары болғандықтан кальций селитрасын қатарлап енгізу тиімсіз.
Нитратты азоттың жылжымалылығы жоғары болғандықтан селитраларды көктемде тұқымды себер алдында және өсімдіктің вегетациялық кезеңінде үстеп қоректендіру үшін қолдану тиімді. Күзде енгізгенде топырақтың астыңғы қабатына шайылу қауіпі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет