Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет46/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Аммиакты тыңайтқыштар.
Аммиакты тыңайтқыштарды қолдану. Аммиакты (аммоний сульфаты, хлорлы аммоний) тыңайтқыштарды әр түрлі топырақтарға қолдануға болады. Бірақ физиологиялық қышқылды тыңайтқыштар болғандықтан, оларды бейтарап және сілтілі реакциялы топырақтарға енгізген тиімді. Қышқылды шымды-күлгін топырақтарда аммиакты тыңайтқыштардың тиімділігі төмендейді. Сондықтан енгізер алдында топырақтарды әктейді немесе аммоний сульфаты мен хлорлы аммонийге бор, әк, доломит қосып, бейтараптайды (1 ц тыңайтқыш: 1,3-1,4 ц CaCO3).
Аммиакты тыңайтқыштарды қолданғанда дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн.
Аммоний сульфатын барлық ауыл шаруашылығы дақылдарына қолдануға болады. Құрамында күкірт болғандықтан бұршақ және крестгүлдер тұқымдас өсімдіктеріне оң әсер береді. Күріш үшін аммоний сульфаты ең тиімді тыңайтқыштың бірі болып саналады.
Аммоний сульфатын кез келген мерзімде енгізуге болады: көктемде тұқымды себер алдында, өсімдіктің вегетациялық кезеңінде, күзде де топырақты жыртар кезде, өйткені аммиакты азот әлсіз жылжымалы болғандықтан шайылмайды. Хлорлы аммонийді күзде топырақты жыртар кезде енгізу керек. Бұл жағдайда хлор иондары жауын-шашынмен топырақтың астыңғы қабатына шайылып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет