Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары. Сабақтың мақсаты



бет1/5
Дата30.01.2017
өлшемі1,44 Mb.
#8313
түріСабақ
  1   2   3   4   5
1сабақ 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары .

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік - тұқымды себер алдында даярлау туралы түсінік беру,бұрыш түрлерімен, бұрыштың тұқымдарын ажырату жолдарымен және өңдеу тәсілін,жылыжайлар туралы,оларды қалай дайындау керек екенін үйрету.Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге үйрету.

2.Дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру,эстетикалық талғамдарын дамыту;

3.Тәрбиелік – еңбек мәдениетіне,іскерлікке,ұқыптылыққа,өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: биология,химия,информатика.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,тұқымдар,бұрыш тұқымдары,тыңайтқыш түрлері.

Қажетті құралдар: интерактифті тақта,күрек, кетпен, тырма,тыңайтқыш, полиэтилен.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Бүгінгі сабақтың ерекшелігі теориямен практиканы байланыстыра өту;

2.Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.

ІІ.Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау.

1.Сорт дегеніміз не?

2.Тұқым сапасына қандай талаптар қойылады?

3.Тұқымның өңгіштігін қалай анықтап бере аласың?

4.Тұқымның дымқылдануы неліктен болады?

5.Қуатты өсімдіктер дегенді қалай түсінесің?

6.Тұқымды сақтау ережесін айтыңдар?

7.Практикалық тапсырма :а)берілген тұқымдарды ажырату;

б)тұқымның өңгіштігін анықтау.

ІІІ.Жаңа сабақ:Теориялық бөлім.

Тұқымды себер алдында арнайы өңдеуден өткізеді.Сонда ғана тұқымның өніп-шығуына және өсімдіктердің одан әрі өсуіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етіледі.Осындай жағдаларды атап өтелік:1)ылғалды барынша сақтау,

2)арамшөмтерді отау,

3)өсімдіктің бойына қоректік заттар жинақтау,

4)топырақты су,ауа және жылу келуін қамтамасыз ететін күйге жеткізу,

5)дақылдардың зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізу.

Мұндай шаралар топырақты тырмалау, өңдеу,культивациялау және тегістеу арқылы жүзеге асырылады.

Тырмалау арқылы топырақтың үстіңгі қабатын қопсытып,арамшөмтерді жоямыз. Ылғалдың бұға айналып,ұшып кетуін азайту үшін,егістіктің бетін тегістейді.

Бұл үшін ауыр,орташа және жеңіл тырмаларды пайдаланады.Ауыр тырмалар топырақтың беткі қабатын терең әрі күшті қопсытады.Тырмалардың түрін топырақтың жағдайына қарай таңдап алу.Тұқым сепкенге дейінгі культивациялаудың мақсаты тырмалаудың мақсатымен бірдей,яғни арамшөмтерден тазарту,ылғалды жинап,сақтау.Егер тырмалаған кезде топырақтың үстіңгі қабаты 4-7 см тереңдікте өңделіп, қопсытылатын болса, культивациялаған кезде 8-14 см тереңдікте өңделіп,қопсытылады.

Тығыз топырақтың су және ауа өткіштігі төмен болады,онда өсімдіктердің тамыр жүйесі нашар өсіп дамиды,тез сіңетін минералды қосындылар саны азаяды,микробиологиялық процестер баяу өтеді,сондықтан оны қопсыту керек.Тұқымның қалыпты өсіп-өнуі үшін су, жылу мен ауа қажет. Тұқымда суды өз бойына сіңіріп алатын заттар бар.Құрғақ тұқым ылғал тұқымға қарағанда суды көбірек сіңіреді.Тұқымға ылғал келмей қалса, оның өсіп-өнуі тоқтайды.Малалау топырақтың белгілі бір қабатын нығыздауға мүмкіндік береді,ал мұның өзі ылғалдың капилляр арқылы төменгі қабаттан жоғарғы қабатқа көтерілуін және дәннің нығыз болуын қамтамасыз етеді, сондықтан тұқымның өнгіштігі жоғары болады.Топырақтың құнарлығын ,егіннің өнімділігін арттыру үшін топыраққа органикалық және минаралды заттар қосады.Тыңайтқыш топырақтағы физикалық, химиялық және микробиологиялық процестерге әсер етеді.Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар органикалық,минералдық бактериялық болып үш топқа бөленеді.



Органикалық :шымтезек , қи, көң , өсімдік шіріндісі,

құс саңғырығы.





Тыңайтқыш

Минералдық :азот , фосфор , калий , әк , пеш күлі , құрамында калий мен әк бар.



Бактериялық

Минералдық тыңайтқыш көп қаржыны қажет етеді,сондықтан өз ауылымызда бақшаға органикалык тыңайтқыш пайдаланған жөн.

Бітік егін алынған жылы оның ішінен бірігей тұқымдарын таңдап алып, дұрыс сақтау, дер кезінде тұқымдық сапасын тексеріп, тұқым себуге жақсылап әзірлеу керек.Тұқымды тазалаудағы мақсат-оны әр түрлі қоспалардан тазарту,ал сорттаудың мақсаты-тазартылған дәнді тұқымға және азық-түлікке арнап бөлу.

Тұқым танап бетіне біркелкі себілуі тиіс.Себу кезінде тұқымның танап бетінде біркелкі орналысуы, қажетті тереңдікке сіңірілуі және нығыздалған топыраққа түсуі, өсіп шыққан сабақтақтар жиілігінің бірқалыпты болуы қажет.Дақылдардың себудің түрлі әдістері бар,олардың ең көп тарағаны-қатарлап себу.Ол жаппай ,тар қатарлы,таспалы, кең қатарлы және ұялап себу деп бөленеді.

IV. Сабақты қорытыңдылау. Жас бағбандарға кеңес.

1.Көкөністер егетін жерді әзірлеу.

2.Жерді тыңайту.

3.Дақылдарды егу.

4.Тұқымды әзірлеу.

5.Тұқымды себу мерзімі.

6.Тұқым себудің тереңдігі.

1001 ұсақ –түйек.

Тұқым себу.


  • Әсірісе ұсақ тұқымды себу кезінде мұқият болған жөн.

  • Ұсақ тұқымды ұшталған шыбықпен тайыздау қазған жүйекке себеді;

  • Тұқымды тым жиі салуға болмайды;

  • Жүйекке тұқымды салған соң оның бетіне 0,5 см қалындықта шіріген көң аралыстырылған топырақты салады да алақанмен нығыздау керек;

  • Соңсон оның үстіне тағы да 1-2см қалындықта көң не шымтезек себеді,бұл жүйекті тез кеуіп кетуден сақтайды.

V.Бағалау.Бүгінгі сабаққа білімдерін көрсетіп, белсенділікпен қатысқан барлық оқушыларды бағалау.

VI.Үйге тапсырма.§2;6;7;8;9.

VII.Практикалық бөлім.

Тәуелсіздік алып ,Республика атанған сәттен бастап,еліміз өз таңдауы бойынша нарықтық экономикаға бет алды.Казіргі уақыттағы жаһандану кезіндегі нарықтың бір бөлігі болу үшін бізге тез арада жаңа жағдайларда бейімделіп,жаңа қағидаларға сүйенуіміз қажет болды.Соған орай үкімет ауылда орналасқан мекптерге жержәне техника тегін бөліп отыр.Біздің мектепке де жер берілген соңы игеру үшін тұқым себіп,көшеттер дайындау керек. .



1.Жартылай күрек жердің бетіңдегі топырақты аламыз.

2сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Асқабақтар тұқымдасын өсіру тәсілі

Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Оқушыларға жабық тұқымды өсімдіктердің қосжарнақты класы бөлімін және оған жататын асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар туралы мағлұмат беру
дамытушылығы: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырап,оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын,жадысын,шығармашылық қабілеттерін арттырып, сабаққа қызығушылықтарын ояту

тәрбиелігі: Оқушыларды өз беттеріменжұмыс жасауға,тапсырылған

жұмысты мұқият орындауға,алған білімдерін іс-жүзінде қолдана

білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

6-сынып .№1сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Ас үй. Қазіргі пәтерлердің ас үйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлерін атқаруға пайдаланылады.

Негізінен ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу, киім тігу сияқты үйдің басқа да ұсақ-түйек істері сол бөлмеле атқарылады. Ас үй мақсатына, жабдықталуы мен пайдаланылуына қарай тамақ әзірленетін ас үй, тамақ ішетін ас үй, яғни асхана деп бөлінеді.

Тамақ әзірлейтін ас үй негізінен тамақ әзірлеуге және шаруашылық жұмыстарын істеуге есептелген. Мұндай ас үйде отбасы мүшелері тамақты әр кезде, бөлініп-бөлініп ішеді.Тамақ ішетін ас үйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс.Ас үйде атқарылатын барлық жұмыс түрінің ішіндегі ең негізгісі — уақытты көп алып, күштің де көбірек жұмсалатыны — тамақ әзірлеу және ыдыс-аяқты жинау.Тамақ әзірлеуге әйел күніне орта есеішен 4 сағат уақыт жұмсап, бірнеше км жер жүреді екен. Оның үстіне ас үйдегі жұмыс жағдайынық қолайсыздығымен бірге (ыстық, ылғал, булану, шу, ауа құрамының өзгеруі) әйелдің тамақты негізінен тік тұрып әзірлейтінін де естен шығармау керек. Ас үйдегі жұмыстар тиімді түрде ұйымдастырылса, үй шаруашылығын жүргізуге жұмсалатын уақытты қысқартып, еңбекті жеңілдетуге әбден болады.



Ас үй түрлері



Ас үй жабдықтарын қолайлы топтастыру және орналастыру, барлық қажетті затқа әйелдің қолы еркін жететіндей болуы, тұрмыстық , техниканы кеңінен пайдалану жұмысты жеңілдетуге, дене еңбегін азайтуға мүмкіндік береді.

Жұмысты тиімді ұйымдастыру, мақсаттылық принципін сақтау және тұрмыстық техниканы кеңінен қолдану тамақ әзірлеуге жұмсалатын уақытты 1,2—1,5 есе қысқартыл әйелдің еңбегін азайтады және оның көп шаршамауына септігі тиеді.

Әрбір ас үйде қажетті жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Ас үйдегі жабдықтың жиынтығы пәтердегі бөлмелердін орналасуына және отбасы құрамына байланысты болуға тиіс. Ал олардың қайсысын қай жерге қою керектік ас үйдегі шаруашылық жұмыстарының қандай кезекпен атқарылатынына сәйкес келуі керек.[1]

6-сынып .№2сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тағам даярлаудың негізгі әдістері

Сабақтың мақсаты: II тарау бойынша білімдерін жинақтау және жүйелеу.

Білімділік: тамақ әзірлеу және қамыр түрлерінен өнімдер даярлау технологиясы бойынша білімдерін жүйелеу, білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: қиялдай білуге, елестете білуге, еңбектенуге, өз бетінше жұмыс жасап, өзін - өзі тексеруге, тапсырманы шығармашылықты түрде орындауға үйрету.

Тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыру, жеке және топ арасында жұмыс жасай білуге үйрету, қарым - қатынас мәдениетіне, өз күшіне сенімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: өтілген материалды жалпы қайталау және жүйелендіру сабағы.

Пәнаралық байланыс: биология, химия, әдебиет.

Сабақ өтудің әдістемелік ерекшеліктері:

- сабақ ойын түрінде өтеді, топ арасындағы жарыс.

- бұл сабақ осы тараудың соңғы тақырыбы болып табылады.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаны қолдану, слайдтар көрсету.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылардың сабаққа қатысымын қарау.

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Бүгін біз «Тамақтану мәдениеті мен тамақ әзірлеу технологиясы» тарауы бойынша соңғы сабақ өткіземіз. Өз туған күндеріңді естеріңе алыңдаршы, үй іші жарқырап, дәмді күлшелердің иісі аңқып және осы иістен жайлы сезім туып, көңілденесіңдер. Әрине, күлшелер мен бәліштерді дүкеннен де сатып алуға болады. Бірақ осы дәмді тағамдарды әзірлеп үйрену соншалықты қиын емес. Сондай - ақ сендер менің ойымша, көп нәрсені жасай аласыңдар және білесіңдер.

Бүгін біз бұған көз жеткізуге тырысамыз. Ал біз мұны білу үшін сабағымызды топтар арасындағы жарыс түрінде өткіземіз.

II Жарыс - ойын

1. Таныстыру.

2. Сұрақ - бізден, жауап - сізден.

3. Үй тапсырмасы.

4. Біліммен шықтық жарысқа.

5. Ойлан тап.

6. Мақал - мәтелдер сайысы.

7. Капитандар сайысы.

8. Қорытынды.

Ойын ережесі.

Ойын топтар арасында жарыс түрінде өтеді, сайыс тапсырмалары балмен бағаланады. Жеңген топ жинаған бал саны бойынша анықталады.

Бағалау критерилері: дұрыс және толық орындау шешімнің өзіндік ерекшелігі тапсырманы берілген уақытта орындау.

Мадақтау ұпайлары: қосымша жауап (3 ұпай)

уақыттан бұрын айтылған жауап (2 ұпай)

айыпты болған жағдайда шегерілетін ұпайлар:

дәптер қолдану (2 ұпай)

мұғалімнің көмегі (2 ұпай)

қате талдау жасау (2 ұпай)

Мынадай кесте тақтаға ілінеді:

Топтар. Байқау. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.

I Витаминдер

II Крахмал

1 Таныстыру

Әр топ басшысы топ мүшелерімен таныстырады.

2 Сұрақ - бізден, жауап - сізден.

1. Ішек жұқпалы аурулары қалай жұғады? (Қайнатылмаған су ішкенде, жуылмаған, тазартылмаған жеміс - жидектер жегенде т. б)

2. Бұл аталған аурудың алдын алу қалай жүзеге асырылады?(Жеке бастың гигиенасын қатаң сақтау керек)

3. Сальмонеллаза ауруына адам қалай шалдығады?(Пісірілмеген сүтті, етті,

№1 сабақ 7-сынып «Бекітемін»-------------




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет