Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет20/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Физиологиялық тепе-тең ерітінді – құрамындағы жеке қоректік элементтер өсімдік ең тиімді түрде пайдалана алатындай мөлшерде болатын ерітінді. Оның құрамында өсімдікке қажетті барлық қоректік тұздардың концентрациясы мен арақатынасы қолайлы болу тиіс.
Бір тұздан жасалған ерітінді физиологиялық тепе-теңсіз болып табылады. Ол өсімдіктің қоректенуге қажетін тіпті аз уақытта өтей алмайды.
Топырақ ерітіндісінде бірнеше иондардың болуының салдарынан олардың арасында әр түрлі арақатынас және өзара байланыс болады.
Иондардың антагонизмі – бір ион ерітінді құрамындағы басқа ионды тамыр клеткасының көп мөлшерде қабылдауына бөгет жасау.
Антагонизм құбылысы біртектес зарядты иондар арасында байқалады. Мысалы, ерітіндіде Са2+ концентрациясының жоғары болуы өсімдіктің К+, Na+ немесе Mg2+ молырақ пайдалануын тежейді. Сол сияқты антагонизм құбылысы К+ мен Na+, К+ мен NH4+; К+ мен Mg2+, NO3- пен H2PO4-, Cl- мен H2PO4- арасында да байқалады.
Иондардың синергизмі – бір ион ерітінді құрамындағы басқа ионның тамыр клеткасына көбірек енуіне көмек жасау.
Мысалы, SO42- анионымен салыстырғанда Cl- анионының жылжымалығы жоғары болғандықтан соңғысы өсімдік тамырының ерітіндідегі катиондарды көбірек қабылдауына көмектеседі.
Жалпы антагонизм мен синергизм құбылыстарының пайда болуы сыртқы орта реакциясына, ерітіндідегі элементтердің мөлшері мен арақатынасына, өсімдік түріне, сыртқы орта температурасына тағы басқа факторларға байланысты.
Өсімдіктің қоректік заттарды қабылдауына ерітінді реакциясы (pH) үлкен әсер етеді. Ерітіндінің реакциясы құрамындағы Н+ және ОН- иондарының арақатынасына қарай қышқылды және сілтілі болып ажыратылады. Қышқылды ерітіндіде Н+, ал сілтілі ерітіндіде ОН- концентрациясы жоғары болады.
Ауыл шаруашылығы дақылдары белгілі бір ерітінді реакциясында жақсы өседі. Өсімдіктердің дұрыс өсіп-өнуі үшін көбінесе топырақ реакциясы бейтарап немесе осыған жақын болуы қажет.
Көпшілік ауыл шаруашылығы дақылдары үшін жоғары қышқылдылық қолайсыз әсер етеді. Әсіресе өсімдіктің алғашқы өсу кезеңінде, топырақ ерітіндісінің жоғары кышқылдығы теріс әсер етеді.
Топырақ ерітіндісінің реакциясы өсімдікке тікелей және жанама әсер етеді. Тікелей әсер еткенде, топырақ ерітіндісінің реакциясы тамыр түкшелері бетіндегі Н+, НСО3-, ОН- иондарының концентрациясын өзгертеді. Оның нәтижесінде өсімдіктердің топырақ пен тыңайтқыш құрамындағы қоректік заттарды пайдалануы нашарлайды. Топырақ ерітіндісінің жоғары қышқылдылығы немесе сілтілігі иондардың физиологиялық тепе-теңдігін бұзады. Бұл өсімдіктің қоректенуін нашарлатады, оның ішінде көмірсу, белок және фосфор алмасуы бұзылады.
Топырақ ортасының жанама әсері кезінде, орта реакциясы өсімдікке емес, оның өсу жағдайларына ықпал етеді. Ерітінді реакциясы топырақтағы кейбір элементтердің сіңімді түрінің мөлшеріне әсер етеді. Мысалы, қышқылдық ортада темір, марганец, кобальт, мыс элементтерінің жылжымалы түрлері көбейеді, ал азот, фосфор, молибден және ванадий мөлшері азаяды.
Ерітіндінің сілтілік реакциясы өсімдіктің фосфорды пайдалануын төмендетеді. Сол сияқты Д.Н. Прянишников зерттеулері қант қызылшасының азотты сілтілік ортада азоттың аммоний, ал қышқылдық ортада нитрат түріндегі иондары көп қабылдайтынын көрсетті.
Топырақ ерітіндісінің реакциясы топырақтағы микроағзалардың тіршілігіне әсер етеді. Жоғары қышқылдылық топырақтағы пайдалы микрофлораға қолайсыз әсер етеді. Сонымен қатар, өсімдікке улы заттарды бөліп шығаратын бактериялар мен саңырауқұлақтар жақсы дамиді.
Өсімдіктің қоректік элементтерді қабылдауында топырақ ылғалдылығының да маңызы үлкен.
1. Өсімдіктердің жалпы физиологиялық күйінің жақсаруы тканьдардың сумен қамтамасыз етілуіне, фотосинтез, белок синтезделуі тағы басқа заттардың алмасу процестерінің қарқынына, қоректік заттарды жақсы сіңіруіне әсер етеді.
2. Топырақтағы ылғалдың қолайлы мөлшері тамыр жүйесінің дамуы мен дұрыс орналасуына әсер етіп, оның сіңіру қабілетін арттырады.
3. Судың сан алуан қасиеттерінің болуы топырақ ерітіндісі мен топырақтың сіңіру комплексіндегі иондардың тамыр түкшелеріне жылжуына көмектеседі.
Топырақтағы ылғалдың қолайлы мөлшерде болуы өсімдіктің N, Р, K, Ca, Mg, Zn, Cu, Mn, Co, Fe, Мо, B элементтерін пайдалануын күшейтеді.
Ал ылғал жеткіліксіз болған жағдайда өсімдіктің қоректік элементтерді пайдалануы төмендейді.
Топырақта ылғал қоры көп болса, онда кейбір иондарын ғана (Fe, Mn тұздары) сіңіріп, бұл жағдайда олар улы заттар рөлін атқарады.
Топырақта ылғалдың жеткіліксіз болуы өсімдіктерде ферменттер мен органикалық заттардың түзілуін төмендетіп, олардың гидролиз бен ыдырауын арттырады, фотосинтез қарқынын төмендетеді, өсімдіктің өсуін тоқтатады.
Өсімдіктердің құрғақ заттың бірлігін түзу үшін ылғалды жұмсалуы қоректік заттар жеткілікті болғанда азаяды.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болғанда судың булануы төмендейді. Сонымен бірге өсімдіктің өсуі және оның қоректік элементтерді сіңіруі жақсарады.
Топырақтағы ылғал қорына және дақылдардың ылғалды пайдалану ерекшелігіне қарай тыңайтқыш қолдану мерзімін, мөлшерін, әдістерін анықтайды. Мәселен, ылғал аз аймақтарда тыңайтқыштарды топыраққа тереңірек енгізсе, дақылдар ылғалды жақсы пайдаланады.
Тыңайтқыштардың өздері де дақылдардың ылғалды үнемдеп пайдалануына біршама көмектеседі.
Өсімдіктің қоректенуіне ауа және топырақ температурасының маңызы зор.
Көптеген дақылдар үшін жарық пен ылғал жеткілікті болған жағдайда ауаның қолайлы температурасы 15-300С аралығында болады.
Тамырдың жақсы дамып өсуі үшін топырақтың температурасы ауаның температурасынан аздап төмен болуы қажет. Бірақ олардың араларында үлкен ауытқұлар болмауы қажет. Мысалы, жаздық дәнді дақылдар тамырларының өсуі үшін топырақтың температурасы 4-50С кем болмауы керек. Өсімдіктердің репродуктивті мүшелерінің қалыптасуы үшін дәнді дақылдарға 10-120С болса жеткілікті.
Температура өсімдіктің қоректік элементтерді сіңіруіне үлкен әсер етеді. Мысалы, суық топырақтан өсімдік қоректік заттарды қажетті мөлшерде сіңіре алмайды. Өсімдіктің аммонийлі азотты сіңіруі үшін температура азоттың нитратты түріне қарағанда төменірек болса жеткілікті.
Температураның 10-110С дейін төмендеуі өсімдіктің фосфорды пайдалануын тежейді. Ал 5-60С- тан төмен болуы нитратты азотты қабылдауын нашарлатады. Бұл температура өсімдіктің негізгі қоректік элементтерді сіңіруіне қауіпті болып табылады. Жалпы температураның 100С- тан төмендеуі өсімдіктің барлық қоректік элементтерді пайдалануына теріс әсер етеді.
Температура көтерілген сайын өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіруі күшейеді, бірақ бұл белгілі бір кезеңге дейін болады.
Сонымен бірге температураның шектен тыс жоғарылауы да өсімдіктің қоректік заттарды сіңіруін тежейді. Көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының топырақтағы азот пен фосфорды сіңіруіне температура 23-250С оңтайлы болып табылады.
Топырақ пен топырақ ерітіндісіндегі аэрация құбылысы өсімдіктің қоректік заттарды сіңіру қарқынын күрт өзгертеді. Оттектің жетіспеуінен (анаэробты жағдай) клетка қабығында көмірқышқылы көбейіп, тамыр жүйесінің сіңіру қабілеті мен тыныс алуы төмендейді. Аэрация өсімдіктің жеке қоректік элементті сіңіруіне бірдей дәрежеде әсер етпейді: KӨсімдіктің қоректік заттарды сіңіруіне күн көзінің жарығы да әсер етеді. Жарық жеткілікті болса дақылдардың қоректік заттарды сіңіруі, органикалық қосылыстардың түзілуі жақсы жүреді. Ал жарық жеткіліксіз болса фотосинтез қарқыны төмендеп, тамырлардың қоректік заттарды сіңіруі нашарлайды.
Өсімдіктің қоректенуіне топырақтың микроорганизмдерінің алатын орны ерекше.
Топырақ микроорганизмдері өсімдіктің тіршілік етуінің барысында, оның денесінен бөлініп шығатын улы заттарды пайдалануынан, өсімдікті өліп қалмауынан сақтайды. Микроорганизмдер қиын еритін қосылыстарды өсімдікке сіңімді түрге ауыстырады. Өсімдік қоректенуінде бұршақ тұқымдас дақылдардың тамырындағы түйнек бактериялары мен еркін тіршілік ететін микроорганизмдердің рөлі ерекше. Олар ауадағы азотты өз бойына сіңіреді де оны өсімдікке жеткізеді.
Өсімдік топырақтағы суда еритін қоректік заттарды толық бірден пайдаланбайды. Олардың шамалы бөлігі микроорганизмдер денесіне ауысады. Ал микроорганизмдер клеткалары ыдыраған соң ол қоректік заттарды өсімдіктің қабылдауына мүмкіндік туады. Сөйтіп өсімдік тамырының айналасындағы микроорганизмдер қоректік заттарды шайылудан сақтап, «биологиялық тіркеуші» рөлін атқарады.
Топырақтың микроорганизмдері түрлі ферменттер, өсімдік өсуін тездететін заттар және дәрумендер (витаминдер) бөліп шығарады. Бұл заттарды өсімдік тамырының сіңіруінің арқасында, оның өсуі қарқынды түрде жүреді. Сонымен қатар микроорганизмдер көп мөлшерде антибиотиктер бөледі. Олар өсімдікті түрлі аурулардан сақтайды.
Кейбір микроорганизмдер өсімдік қоректенуінде антагонистік қасиет көрсетеді. Мысалы, целлюлоза мен гемицеллюлозаны ыдырататын бактериялар топырақтағы азот пен фосфордың жеңіл сіңірілетін қосылыстарын пайдалану арқылы өсімдіктің азот және фосформен қоректенуін нашарлатады. Көптеген бактериялар мен саңырауқұлақтар, әсіресе қышқылды топырақтарда, өсімдікке улы заттарды бөліп шығарады.
Сонымен, өсімдік қоректенуінде сыртқы орта факторларының маңызы үлкен. Мұны ауыспалы егіс дақылдарын тыңайтуда ескеру қажет.
Өсімдік қоректенуінің кезеңділігі.
Өсімдік өзінің бүкіл вегетациялық дәуірінің барысында қоректік заттарды бірқалыпты сіңірмейді. Өсімдік тіршілігінде қоректік заттардың жетіспеуі өңімнің төмендеуіне және оның сапасының нашарлауына әсер етеді.
Сондықтан кез келген ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыш қолданудың жүйесін жасағанда олардың биологиялық ерекшелігін ескерумен қатар, даму кезеңдеріндегі қоректік заттарды сіңірудегі қасиеттерін білуді қажет етеді.
Өсімдік тіршілігінде қоректенудің екі кезеңін ажыратуға болады: қоректік элементтерді пайдалануының жауапты кезеңі; қоректік элементтерді барынша көп пайдалану кезеңі.
Өсімдіктің қоректік элементтерді пайдалануының жауапты кезеңі – бұл уақыттағы қоректік элементтердің жетіспеушілігі өсімдіктің бүкіл дамуына теріс әсер етеді.
Өсімдіктердің қоректік заттарға жетіспеушілігі немесе артықшылығы жас, алғашқы даму кезеңдерінде қатты сезіледі. Өсімдік өзінің алғашқы даму кезеңінде фосфорды қажет етеді.
Жас өсімдіктердің алғашқы даму кезеңінде қоректену жағдайларына қоятын талабы, осы уақыттағы синтетикалық процестердің қарқынды өтуі мен тамыр жүйелерінің әлсіз жетілуі не байланысты.
Өсімдіктің қоректік элементтерді барынша көп пайдалану кезеңі – бұл уақытта өсімдік қоректік элементтерді өз бойына ең қарқынды сіңіреді.
Бұл кезең өсімдіктің кештеу даму фазаларына сәйкес болады және олардың биологиялық ерекшеліктерімен анықталады.
Сыртқы ортадағы қоректік заттарды қабылдайтын уақыт аралығын, өсімдіктің қоректену кезеңінің ұзақтығы дейді. Өсімдік алғашқы өсу кезінде тұқымның құрамындағы қоректік заттарды пайдаланады. Ал вегетациялық дәуірінің аяқ кезінде бұрынырақ қабылдаған қоректік заттарды пайдалануды жалғастырады.
Өсімдіктің қоректену кезеңінің ұзақтығын тыңайтқыш қолдану әдісін белгілеуде ескеру керек.
Вегетациялық дәуірінде өсімдіктер қоректік заттарды бірқалыпты қабылдамайды.
Астық дақылдары түтіктену мен масақтану кезеңі аралығында қоректік заттарды мейлінше мол қабылдайды. Мәселен, азот, фосфор, калий элементтерінің жалпы мөлшерінің бидай 76%- ын, арпа 67%-ын, сұлы 47%-ын масақтану кезеңінде қабылдаған.
Өсімдіктердің қоректік элементтерді сіңіру қарқыны да түрліше болып келеді. Мысалы, мақта өсімдігі бастапқы кезде азотты, гүлдеу-жаппай пісу фазаларында фосфор мен калийді көбірек сіңіреді.
Өсу кезеңінде қоректендіру режимі дұрыс сақталып, тиісті мөлшер бойынша қоректендіріліп тұрса барлық ауыл шаруашылығы дақылдары жақсы өсіп, мол өнім береді.
Өсімдіктердің қоректену жағдайларын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі зор.
Тыңайтқышты беру мезгіліне қарай енгізудің үш тәсілі бар: негізгі тыңайту (себер алдында), тұқымды себу кезінде тыңайту (себумен бірге), үстеп қоректендіру (сепкеннен кейін).
Негізгі тыңайту – өсімдіктің бүкіл вегетациялық кезеңінде қоректік элементтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлылығын арттыру үшін тыңайтқышты енгізудің тәсілі.
Себумен (тұқыммен) бірге – өсімдіктің алғашқы даму кезеңінде қоректенуін күшейту үшін тыңайтқышты енгізудің тәсілі.
Үстеп қоректендіру – өсімдіктің белгілі бір кезеңінде қоректенуін күшейту және өнім сапасын жақсарту үшін тыңайтқышты енгізудің тәсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет