Сабақтас құрмалас сөйлем Аралас құрмалас сөйлем ереже



Дата18.03.2017
өлшемі134,18 Kb.
#11705
түріСабақ
Құрмалас сөйлем


Құрмалас сөйлем

Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді





түрі

Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас

сөйлем

Аралас құрмалас

сөйлем

ереже

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.

Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.

Бағыныңқы, басыңқы



Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.

Жасалу жолдары

Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі жолмен байланысады:

1. Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.



Бағыныңқысының баяндауышының негізгі жасалу жолдары:

Шартты рай

-са, -се

Көсемше

-а, -е, -й,-ып, -іп, -п

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі



Есімше

-ған, -ген, -қан, -кен, -дықтан, -діктен, -мен, -ша, -ше, -да, -де

Болымсыз етістік

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

-й, -йынша, -йінше, -стан, -стен






Құрамындағы үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екеуінің баяндауыштары тиянақты болып келеді.

М ысал

Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды. Ол кітаптарын жоғалтып алған еді, сондықтан оның бүгін мазасы болмады.

Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.

Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.



Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.



Салалас құрмалас сөйлем




түрі

Ыңғайластық

Қарсылықты

Себеп -салдар

Кезектес

талғаулы

түсіндірмелі

ереже

Жай сөйлемдері бір- біріне іргелес болған уақиғаны, істі білдіретін салалас түрі.

Жай сөйлемдерінің мағыналары бір –біріне қарама қарсы болып келетін салалас түрі.

Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіретін салалас түрі.

Жай сөйлемдеріндегі іс –қимылдың кезектесіп келетінін білдіретін салалас түрі.

Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалатынын білдіретін салалс түрі.

Екінші жай сөйлемі бірінші сөйлемінің мағынасын түсіндіріп тұратын салалас түрі.

жалғаулық

және, әрі, да, де, та, те

бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйтсе де, әйткенмен, алайда

өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десеңіз, сол себепті

бірде, біресе, кейде

не, немесе, я, яки, не болмаса, әлде, әйтпесе

Жалғаулығы жоқ

мысал

Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымнын үйіне бардым. Далада жел соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Ол бөлмесіне кірді де, тарс бүркеніп жатып қалды.

Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды. Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді. Есікті жауып қойған, сонда да ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ.

Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. Қорадан мал ұрланыпты, сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты.

Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.

Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек.

Я болар жеріңді айт, я бізге килікпей тыныш жүр.



Қорыққаны сонша-орнынан тұра алмай қалды.

Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.






Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем




түрі

Ыңғайластық

Қарсылықты

Себеп-салдар

Кезектес

Талғаулы

Түсіндірмелі

мысал

Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді. Маған ойыншық берді, ағама доп берді.

Күн жауып кетті, -оны елеген ешкім болмады. Көз- қорқақ, қол –батыр.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.

Жалғаулықсызы жоқ, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады.

Ауырып отырды ма, кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді.

Қорыққаны сонша- орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қалды.



Сабақтас құрмалас сөйлем




түрі

Шартты бағыныңқы

Қарсылықты бағыныңқы

Себеп бағыныңқы

Мезгіл бағыныңқы

Қимыл-сын бағыныңқы

Мақсат бағыныңқы

ереже

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің шарты болып келетін сабақтастың түрі.

Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келетін сабақтастың түрі.

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіретін сабақтастың түрі.

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіретін сабақтастың түрі.

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрі.

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіретін сабақтастың түрі.

сұрағы

қайтсе?

не етсе? қайткенде? не еткенде?



қайтсе де?

не етсе де?

қайткенмен?

не еткенмен?

не етпестен?


неліктен?

не үшін?


несі үшін?

не себепті?

не деп?


қашан?

қай кезде?

қашаннан бері?


қайтіп?

не етіп?


қалай?

не мақсатпен?

неге?


не үшін?

мысал

Не ексең, соны орасың. Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес.

Одан жақсы сөз естісе де, артына қарамай кетіп қалды. Оған сөз бергенмен, ертеңіне уәделі жерге келмеді.

Жанында әкесі болғандықтан, шешіліп сөйлей алмады. Біреу көмектесер деп, ол үйден шықты.

Айман барғанға дейін, той аяқталып қойды. Сабақ басталғалы, бұлар жиі сөйлесіп жүр.

Ол өздігінше сөйлемей, ағайындарының сұрақтарын жауап беріп отыр. Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті.


Олар үйге тезіре жетпек болып, аттарына қамшы басты. Өзін шаршатпайын деп, үйге кіріп демалды.




Шартты бағыныңқы




түрі

1

2

3

4

ереже

-са, -се+ жіктік жалғау

-май, -мей,

-пай, -пей,

-бай, -бей


-майынша, -мейінше,

-пайынша, -пейінше,

-байынша, бейінше


-ғанда, -генде,

-қанда, -кенде



мысал

Сабақ оқысаң бес аласың.

Сабақ оқымай, бес алмайсың.

Сабақ оқымайынша, бес алмайсың.

Сабақ оқығанда, бес алар едің.



Қарсылықты бағыныңқы


түрі

1

2

3

4

5

6

ереже

-са да,

-се де


-ғанмен, генмен,

-қанмен,

-кенмен


(-а,-е,-й)

+ тұра


(-ғанына, -геніне,

-қанына, -кеніне) + қарамай, қарамастан



(-ғаны,

-гені,


-қаны,

-кені)


+ болмаса

-ғанша,

-генше,


-қанша,

-кенше


мысал

Қыс келсе де, қар жаумады.

Қыс келгенмен, қар жаумады.

Қыс келе тұра, қар жаумады.

Қыс келгеніне қарамастан, қар жаумады.

Қыстың келгені болмаса, қар жаумады.

Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.


Себеп бағыныңқы




түрі

1

2

3

4

5

6

ереже

-ғандықтан,

-гендіктен,

-қандықтан,

-кендіктен



(-ғаны,

-гені,


-қаны,

-кені)+ үшін



(-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе)+ й

-ып, -іп, -п

үш шақтағы етістік +деп

(-ған, -ген,

-қан, -кен)+ соң



мысал

Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.

Күн жылы болғаны үшін, біз серуенге шықпадық.

Күн жылы болмай, біз серуенге шықпадық.

Күн жылы болып, біз серуенге шықтық.

Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.

Күн жылы болған соң, біз серуенге шықтық.



Қимыл –сын бағыныңқы




түрі

1

2

3

4

ереже

-а, -е, -й,

-ып, -іп, -п



(-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) + с +

(-тан, -тен)



(-ған, -ген, -қан, -кен) + күйі, қалпы, бойы

(-ған, -ген, -қан,

-кен) +(-дай, -дей) + болып



мысал

Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді.

Екі қолы дірілдеместен, Оспан ішке кірді.

Екі қолы дірілдеген күйі, Оспан ішке кірді.

Екі қолы дірілдегендей болып, Оспан ішке кірді.


Мезгіл бағыныңқы

Мен айт +



1

-ғанда, -генде,

-қанда, - кенде



ол жазды

2

(-ғанға, -генге, қанға, кенге) + дейін, шейін

ол жазды

3

(-ғаннан, -геннен –қаннан, -кеннен) +кейін, соң

ол жазды

4

(-ған, -ген,- қан,- кен)+ сайын

ол жазды

5

(-ған, -ген,- қан,- кен)+ кезде, сәтте, уақытта

ол жазды

6

(ған, -ген,- қан,- кен) + ша, ше

ол жазды

7

(-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе)+ с+ бұрын

ол жазды

8

-ысымен, -ісімен, -сымен, -сімен

ол жазды

9

-арда, -ерде, -рда

ол жазды

10

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі

ол жазып жүр

11

(-ғаннан, -геннен, -қаннан, -кеннен) +бері

ол жазып жүр

12

-са, -се+ (жіктік жалғау)

Ол келсе, сабақ аяқталыпты.



Мақсат бағыныңқы




түрі

1

2

3

4

ереже

(-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек) +шы, -ші+ болып

у+ үшін

(шартты, қалау, бұйрық райлар)+ деп

қалау рай (-қы, -кі)+ тәуелдік жалғау +келіп

мысал

Ол оқымақшы болып, қалаға келді.

Ол оқу үшін, қалаға келді.

Ол оқысам деп, қалаға келді.

Оның оқығысы келіп, қалаға келді.



Аралас құрмалас сөйлем


салалас+ сабақтас+ салалас

сабақтас+салалас+

салалас


сабақтас+салалас+

сабақтас+салалас



салалас+сабақтас+

сабақтас+салалас



Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.

Көзін сәулеге үйреткен Асқар терзеден қараса,

Аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.



Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады.

Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды.




Көп құрамды құрмалас сөйлемнің түрлері




Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем

салалас+салалас+салалас

Құрамындағы барлық жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болады

Ол келді де, есікті ашып қарап еді, бәрі тегіс келіп болыпты

Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

жарыспалы

сабақтас+сабақтас+салалас



сатылы

сабақтас+сабақтас+салалас



саб саб, +сал

саб + саб +сал



Күн жылы болғандықтан, шанамызды алып, далаға кеттік

Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

сабақтас+салалас+салалас

саб +сал сал

Басы ауырып, үйіне кеткендіктен, соңғы сабаққа қатыспады

Аралас құрмалас сөйлем

сабақтас+ салалас+салалас

саб+ сал +сал

Ол ретін тауып, бастықпен сөйлесіп еді, жоспарларын бекітпей қойды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет