Сабақтас құрмалас сөйлем Мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі129,71 Kb.
#31751
түріСабақ
Алакөл ауданы Алматы облысы

«Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы

бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Жаксыгулова Алтын Зейнелгабделовна



Сабақтас құрмалас сөйлем


Мақсаты:


Білімділік: сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолымен таныстыру, тәжірибеде қолдануға және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру .

Дамытушылық: оқушылардың салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: адамгершілікке, ана тілін қадір тұтуға, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың тегі:

теория мен тәжірибені ұштастыру сабағы

Сабақтың түрі :

топпен жұмыс

Сабақтың әдіс- тәсілдері:

7 модульді оқыту, СТО стратегиялары: «Болжам ағашы», «Спираль» , «Блум түймедағы», ойсергек.

Күтілетін нәтиже :

Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және тақырыптың идеясын аша отырып пәнге қызығушылығы артады.

Ресурстар:

сызба кестелер, стикерлер, компьютер, проектор, бағалау парақтары

Бағалау:

топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Сабақ кезең

дері

Уа

қыт


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдас

тыру кезеңі


3 мин





Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысын тексеру.

Оқу құралдарын түгендеу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Көңіл- күйлерін сұрау.


Оқушыларға кеспе қағаздарды таңдап алу арқылы, екі түрлі әннің шумақтарын құрастырып, топқа бөлінуді ұсыну.


Оқушылар сәлемдеседі. Кезекші мәлімдеме жасайды.

Сабаққа дайындықтары айтылады.

Кеспе қағаздарын таңдап алу арқылы өлең шумақтарын құрастыру бойынша екі топқа бөлінеді.



Үй тапсырмасын сұрау



7 мин


Семан

тикалық карта

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Өткен тақырыптар бойынша бекіту жұмыстарын жүргізу және семантикалық карта толтыру



Зымыран сұрақтар:

  • Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  • Құрамалас сөйлемнің түрлері қандай?

  • Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  • Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, байланысу тәсілі қандай?

Семантикалық карта

Ре

ті


Мысалдар

Ыңғай

лас сала


лас

Себеп салдар салалас

Қарсы

лықты сала

лас


Түсіндір

мелі салалас



Талғау

лы салалас



Кезек

тес салалас



1

Мен сол күні келмедім, себебі көлік жоқ еді.




+













2

Қорыққаны сонша -орнынан тұра алмай қалды.










+







3

Еңбек адамды көрікті етеді және ойды тазартады.

+
















4

Кейде қар жауады, кейде боран болады.
















+

5

Ол мені жұмсаған жоқ, өзім келдім.







+










6

Сені не әкең келіп алып кетер, не ағаң жеткізіп салар.













+






Мұғалім берген тапсырманы орындау. Үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап береді, шапшаңдылық таныту, өз ойларын жеткізу.

Семантикалық картаны толтырады. Берілген мысалдар салалас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын айтады.


Білім

10 мин

« Болжам ағашы» әдісі

Өтілген тақырыпты негізге ала отырып, ой қозғау арқылы жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағынасын аштыру.

1. Қазақ тілі қандай салаларға бөлінеді?

2. Құрмалас сөйлем қай салаға жатады ?

3. Күнделікті өмірде қолданыста болып жүрген сөйлемдер ме?

4. Құрмалас сөйлемнің түрлері қандай ?

5. Құрмалас сөйлемдер қалай жасалады?

6. Құрмалас сөйлемдерді қалай ажыратамыз?

Міне, білімге құштар оқушылар, өздеріңіз болжағандай біз бүгін құрмаластың тағы бір түрімен танысқалы отырмыз. Күнделікті қолданып жүрген сөйлемдердің құрамына зерделей қарап, құрамындағы жай сөйлемдердің байланысына мән беру, құпиясын ашу өздеріңе де қызық болар.Сабақтас құрмалас сөйлемнің қызықты әлеміне қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты салалас құрмалас сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемнен ажырата білу және сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын меңгеру болып табылады.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің біреуінің /алғашқысының/ баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауышы тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем, ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейміз. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері:



  • Шартты бағыныңқылы,

  • Қарсылықты бағыныңқылы,

  • Себеп- салдар бағыныңқылы,

  • Қимыл- сын бағыныңқылы,

  • Мезгіл бағыныңқылы,

  • Мақсат бағыныңқылы.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің ара –жігін үтір арқылы ажыратады.

Жадыны жаңартуға арналған тапсырма

Жаңа сабақты толық меңгеру мақсатында оқушыларға сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын оқып ,кестені толтыруды тапсыру.



Сабақтас құралас сөйлемнің жасалу жолының сызбасы

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Мысалдар

1. Шартты рай

-са, -се

Мен келсем, оқушылар жиналып отыр екен.

2. Көсемше

-а, -е, -й, - ып, - іп, -п, -қалы, -келі, - ғалы, -гелі,

Осы хабарды жеткізіп, Айбар жөніне кетті.

3. Есімше

-ша, -ше, -дай, - дей жұрнақтары; жатыс көмектес септіктерінің жалғаулары; - дықтан, -діктен, қосымшалары жалғану арқылы жасалады.

Есімшеден кейін, сайын, соң, бері, шейін, бұрын шылаулары немесе кезде, шақта, уақытта көмекші сөздерінің келуі арқылы жасалады.



Кенжебектің қарасы үзілгенше, Ермек үйге кірмеді.

Осы хабардың өзі жанға арқау болғандай, келушіліер көңілденіп тарасты.

Ауыл шетіне іліге бергенде, жолаушылардың алдынан балалар жүгіріп шықты.

Ай әлі тумағанмен, самсаған жұлдыздың жарығы жақын тұрған қараны анық аңғартады.

Әбден тозығы жеткен үй болғандықтан, оған ешкім кірген жоқ.

Осы үйге келген сайын, өткен күндер елесі мазалайды.



4.Етістік негізді.

-ысымен, -ісімен

Бәрі жиналысымен, Ажар ойын ортаға салды.




Өтілген тақырыптарды негізге ала отырып, әр түрлі болжамдармен өз дерінің ой-пікірлерін ортаға салады. Стикерге жазып, Болжам ағашына іледі.

Оқушылар оқулықтағы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын оқып, кестені толтырады. Мысалдар келтіреді.




Түсіну

7 мин



Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырату

Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер.

Басқарма мәжілісінен шығып, Мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты. Пышақ қанша өткір болғанмен, өз сабын жона алмайды.

Сабырды ала кетейік, өйткені ол жер мөлшерін анық біледі.

Менің де ойлап жүргенім сол- енді біз татуласайық.

Адамның арманы болмаса, ертеңі болмағаны.

Біраз отырған соң, күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды.

Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзді ол кек тұтқан жоқ.



Оқушылар өз ойлары мен пікірлерін айтады. Топтағы оқушылар сөйлемдерді ажыратады.



Қолдану

5 мин

Кітаппен жұмыс



Топтарға оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсыру. 177- бет 283 - жаттығу

Екінші сыңарын құрап, мысалдарды аяқтаңдар.

Орталыққа елден бұрын жеткісі келсе де, .... .

Жолда не көлік , не атты кездеспегендіктен, .... .

Бәрінің алдында құстай ұшып, .... .

Апасына қуанышты хабарды бірінші болып жеткізу үшін, ... .

Егер таң сәріде шығып кетсе, .... .


Кітаптағы тапсырмаларды топпен бірігіп орындайды.

Ойсергек

2 мин

«Орман

да адасу» ойсергегі

Оқушылардың өздігінен үйрене алатындарын немесе жетекті қажет ететіндігін анықтау мақсатында сұрақтар қойылады.

Жағдаят келтіру: «Сіз қалың орманда адасып қалдыңыз.Орманнан шығудың амалын білмейсіз. Кенет қараңғы нуда сізге бір адам кездесіп қалды. Жөн сұрап едіңіз, ол адам дұрыс жолды білетін болып шықты. Ол Сізге бұл орманнан қалай шығу керектігін айтып, жол сілтеді. Сіз енді екі әрекеттің қайсысын таңдайсыз: Әлгі адамның айтқаны бойынша орманнан шығатын жолды іздеймін; Сөзіне иланбай, сол адамның өзі жол бастап, мені орманнан шығарып жіберуін өтінемін.

Бірінші жауапты таңдаған оқушыларды өздігімен үйрене алатындардың қатарына жатқызыуға болады, оларға бағыт бағдар сілтесе жеткілікті. Екінші жауаты таңдағандар әлі де өздігімен үйрене алмайтындар, оларға әлі де жетек керек деп есептеуге болады.


Оқушылар айтылған жағдаят бойынша келтірілген екі әрекеттің бірін таңдайды

Талдау

3 мин

«Спираль» әдісі


Жаңа сабақты толық меңгерту үшін сыни тұрғыдан ойлаудың «Спираль» әдісі бойынша тапсырма орындауды ұсыну.

Бағыныңқы сөйлемінің мағынасына қарай сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін кестеге толтыру




Түрлері

Ережесі

Сұрағы


Шартты бағыныңқылы

Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемнің шарты болып келеді.

Қайтсе? Не етсе? Қайткенде? Қайтпейінше?

Қарсылықты бағыныңқылы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама қарсы келеді.

Қайтсе де? Қайткенмен? Қайте тұра? Қайткенше?

Себеп салдар бағыныңқылы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің себебін білдіреді.

Неліктен? Не үшін?

Не себепті? Не деп?



Қимыл сын бағыныңқылы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі іс қимылдың қалай орындалғанын білдіреді.

Қайтіп? Не етіп? Қалай ?

Мезгіл бағыныңқылы

Бағыныңқысы басыңқы сөздің мезгілін білдіреді.

Қашан? Қай кезде? Қашаннан бері?

Мақсат бағыныңқылы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.

Не мақсатпен? Не үшін? Не етпек үшін?







Жинақтау

3 мин

«Блум түймеда

ғы» әдісі

Оқушыларға түймедақ парақшаларын толтырып , тақтаға ілу тапсырылады.

І топ.


Сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемімен қалай байланысады ?

ІІ топ.


Бағыныңқы сөйлемінің мағынасына қарай сабақтас құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар?


Тапсырмаларды орындай отырып, түймедақ парақшаларын толтырады. Тақтаға іледі.

Бағалау

2 мин

Бағалау критерийлері мен бағалау шкаласы

Жиынтық бағалау парақшасын толтыру

Топ жұмысын бағалау кестесі

Критерий

лер
Топ мүшелері

Иедея

ларды ұсыну

Жолдас

тарын топ жұмысына жұмыл

дыру

Идеялар

дың дербес

тігі

Сұрақ қою

Сұрақ

тарға жауап беру

Белсенді түр

де тыңдау

Жалпы балл

Ерекбұлан

+

+

+

+

+




5

Роза

+

+

+

+

+

+

6

Қанат

+







+




+

3

Лаура

+




+

+

+

+

5

Нұрбол

+




+

+




+

4

Топ бойынша

5

2

4

5

3

4

23 немесе

80 %



Бағалау шкаласы арқылы өз білімдерін топпен жеке бағаланады.

Рефлексия

1 мин

«Менің көңіл күйім» баспал

дағы

Оқушылар стикерге өз есімдерін жазып, тақтадағы салынған баспалдақтың біреуіне жапсыру тапсырылады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман емес», « Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

Оқушылар стикерге өз есімдерін жазып, тақтадағы салынған баспалдақтың біреуіне жапсырады.

Үйге тапсырма


2 мин




285 – жаттығу. 178- бет. / 8 –сынып оқулығы, «Арман ПВ» баспасы, 2012 өңделген, 2016/

Тапсырмасы.



Салалас құрмалас сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемдерге айналдырып жазыңдар және жасалу жолын түсіндіріңдер.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет