- Философиялық және психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептің сабақтастығы мәселесі қарастырылғанымен, бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептің сабақтастығының дидактикалық шарттары жеткіліксіз зерттелген.
- Біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.
- Сабақтастық білім беруде:
- мектепке дейінгі және бастауыш мектеп кезеңінің фундаменталды жаңа пайда болған түрі ретінде жетекші әрекетті дамыту;
- мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектеп үшін білім беру стандарттары мен бағдарламаларын жасау;
- жаңа педагогикалық технологияларды ендіру, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуді дамыту;
- педагогтың алдыңғы және келесі буынның оқу бағдарламасының мазмұнын білуі;
- - әлемнің тұтастық көрінісін қалыптастыру кепілі ретінде түрлі ғылымдардың білімдерін интеграциялау;
- Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің міндеттері:
- - даярлық сыныпта жетік қалыптаспаған қасиеттерді жетілдіру бағытындағы арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру;
- - ойын арқылы оқу әрекетін қалыптастыру;
- - осы бағытта ата - аналармен әңгіме жүргізу.
- -
- - психологиялық зерттеулер қорытындысын оқу - тәрбие үрдісінде басшылыққа алу;
- Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады.
- Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады. Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қапсырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады
- Мектеп алды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:
- Балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту.
- Балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту.
- Тілдік қарым-қатынасын
- дамыту
- Мектеп алды даярлық пен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру:
- Бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.
Достарыңызбен бөлісу: |