Сабақтастығы Әдістемелік құрал



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата05.08.2020
өлшемі0,52 Mb.
#76213
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1410281492418 (1)

Қорытынды 

 

12  жылдық  мектептің  оқушысы  нарықтық  қатынастар  мен  ақпараттық 

қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім 

негіздерін  тәжірибелік  іс-әрекеттерге  ұштастыра  білетін,  функционалды 

сауатты,  өмірлік  қажетті  дағдылары  мен  кең  спектрлі  құзыреттіліктері 

қалыптасқан,  өзін-өзі  дамытуға,  өздігінен  табысты  өмір  сүруге,  өзіне  және 

қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс.  

Құзыреттілік тұрғыда білім беруге негізделген 12 жылдық оқыту моделінің 

білім  беру  деңгейлеріндегі  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығының 

қалыптасу нәтижесін анықтайтын негізгі құзіреттіліктер: 

– 

оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген 



оқу  және  өмірлік  жағдаяттарда  шығармашылықпен  пайдалануына,  өзін-өзі 

дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік береді; 

– 

оқушының  адамгершілік  және  этикалық  нормаларға  қарсы  келмейтін 



жетістікті  шешім  қабылдау  үшін  танымдық  және  практикалық  біліктері  мен 

дағдыларын кіріктіруге дайындығын байқататын білім салалары аралығындағы 

қабілеттер болып табылады; 

– 

адамның  адамгершілік  құндылықтары  мен  ынталарын  қалыптастыруға, 



сондай-ақ әлеуметтік және мінез-құлықтық әрекеттерінің дамуына, алғы  шарт 

болады. 


Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  бойынша 

білім мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығының жүзеге асуы нәтижесінде: 

– 

оқушылар әрбір тақырыптардағы, бүкіл тараудағы білімнің күре тамыры 



сияқты  игерілетін  функционалдық  сауаттылықтың  элементтері  арқылы  білім 

мазмұнындағы өзара байланыстарды түсінуіне мүмкіндік туады; 

– 

оқушылар теориялық материалдың зертханалық, практикалық сабақтарда 



орындалған  жұмыстарын,  шешкен  есептерін  нәтижелерімен  байланыстырып, 

функционалдық сабақтастықпен тез әрі терең түсіне алады; 

– 

біртіндеп  жоғарылайтын  сыныптар  арасындағы  оқушылардың  игерген 



функционалдық  сауаттылықтарының  көмегімен  бірнеше  ғылыми  салаларды 

қамтитын пәндер (тіл және әдебиет, математика және информатика, адам және 

қоғам,  жаратылыстану  салаларының)  мен  пәндер  арасындағы  үндестікті 

анықтауға қол жеткізеді; 

– 

өз  еліміздің дамып,  өсіп,  өркендеп,  жаңарып,  жасарып келе  жатқан  ұлы 



бетбұрыс  кезеңінде  мәдениет,  әдебиет,  экономиканың,  өндіріс  пен  өнеркәсіп 

салаларының мәселелерін шешуге мүмкіндік тудырады. 

Қортындылай  келе,  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыруға  бағытталған  білім  мазмұнын  игерген  оқушылардың  білімдері 

мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен 

жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, 

өзінің  болжамдарын  ұсыну  және  зерттеулер  жүргізу,  өзінің  ойын  негіздей 

білуді;  іскерлігі  мен  дағдыларын  адами  іс-әрекеттердің  әртүрлі  салаларында, 

сондай-ақ  тұлғааралық  қарым-қатынас  пен  әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік 

міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді. 

37 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет