4
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға
бағытталған мектептік ғылыми жобалар
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мектептік
ғылыми жобалардың ролі зор. Ғылыми жобалар оқушыларды
шығармашылықпен жұмыс жасауға, өздігінен ізденуге, ақпарат көздерімен
жұмыс жасай білуге, өзінің жинаған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді.
Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми жұмыстарының негізгі мақсаты мен
міндеттерін былайша тұжырымдауға болады:
–
дарынды жастардың ғылымға деген қызығушылығын және ғылыми
зерттеулер жүргізу машығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін
таныту және дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін меңгерту;
–
оқушылардың еңбекке шығармашылық тұрғыдан қарауын, өмірлік және
азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, жоғары адамгершілік қасиеттері мен
рухани мәдениетін дамыту.
1999 жылдан бастап оқушылардың республикалық ғылыми жарыстары
«Қазақстан-2030 стратегиясында Қазақстан дамуының экономикалық және
әлеуметтік модельдері» атты тақырыппен келесі бағыттарда өтіп келеді [25]:
–
ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны
(секциялары: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);
–
экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық моделдеу
(секциялары: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);
–
таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі
(секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын
қорғау);
–
Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат
маршруттары (секциялары: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл
білімі).
Сонымен қоса «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы
республикалық мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұсынған
ғылыми зерттеулердің басым бағыттары (4-кесте) оқушыларды ғалымдардың
шұғылданып жүрген ғылыми мәселелерімен таныстырып, өзекті ғылыми
тақырып таңдауға көмектесіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға септігін
тигізеді [25].
Ғылыми жобаларды таңдау арқылы оқушылар өзін қызықтырған
практикалық мазмұнды тақырыптармен жұмыс жасап үйренеді. Кей жағдайда
пән мұғалімдерінің көмегі, ұсынысы арқылы да ғылыми жоба тақырыптарын
алуға болады.
Жалпы, ғылыми жобалар сайысына мынадай жұмыстар ұсынылады:
1)
ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және
жеке, бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;
2)
практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық енгізетін аппараттар,
модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі
эксперименттерді, өндірістік үдерістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге
қатысатын;
33
3)
әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді
шешуге
бағытталатын
экономикалық заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар.
4-
кесте – Ғылыми зерттеулердің басымды бағыттарының тізбесі
Достарыңызбен бөлісу: |