Сабақтастығы Әдістемелік құрал


  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру-дағы



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата05.08.2020
өлшемі0,52 Mb.
#76213
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1410281492418 (1)



Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру-дағы 

оқу пәндерінің мазмұндық-әдістемелік бағыттары 

 

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне 



қойылып  отырған  әлеуметтік  сұраныс  талаптарымен  сай  келу  үшін  бастауыш 

сыныптардан  бастап  оқушылардың  коммуникативтік,  ақпараттық  және 

проблемалардың  шешімін  табу  және  тағы  басқадай  негізгі  құзіреттіліктеріне 

бағытталып жүргізілгенде ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. 

12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшуге  орай  білім  мазмұнындағы 

функционалдық  сауаттылық  алдын  ала  жүйеленіп,  реттеліп  берілуіне  жол 

ашатын  стандарттар  мен  оқу  бағдарламаларындағы  күтілетін  нәтижелердің 

көпшілігі функционалдық сауаттылықтармен сәйкестелуін қажет етеді. 

12  жылдық  білім  беруге  көшу  Қазақстан  Республикасының  қазіргі  білім 

беру саясатының келесі бағыттарын іске асыру жолымен қазақстандық білімнің 

бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді көздейді [5]: 

− 

барлық азаматтарға сапалы білім алуы үшін бірдей мүмкіндіктерді ұсыну; 



− 

қазақстандық  патриоттыққа,  адам  құқықтары  мен  бостандығына 

құрметпен  қарауға,  азаматтық  жауапкершілікке  және  құқықтық  сана-сезімге 

тәрбиелеу; 

− 

ұлттық  мәдениетке  құрметпен  қарауға,  толеранттыққа,  басқа  мәдени 



бастауларға қатысты ашықтылыққа тәрбиелеу; 

− 

қоғамда табысты әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру; 



− 

оқушылардың  оқу  жүктемесін  білім  беру  сатысының  әр  деңгейдегі  жас 

ерекшелік 

мүмкіндіктерімен 

және 

психофизиологиялық 



даму 

заңдылықтарымен өзара байланыстыру; 

− 

жеке білім беру траекториясын қалыптастыру мүмкіндіктерін беру; 



− 

жалпы орта білім беру деңгейінде оқытуды бейіндендіру; 

− 

тілдерді деңгейлеп оқытуды енгізу және көптілді тұлғаны қалыптастыру; 



− 

оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. 

Оқытудың 12 жылдық моделіне көшу шеңберінде білім беруді жетілдірудің 

жоғарыда  көрсетілген  бағыттарын  жүзеге  асыру  білім  беру  мазмұнының 

когнитивтік,  аксиологиялық  және  іс-әрекеттік  компоненттерін  кіріктіру 

негізінде  жаңартылған  мазмұндағы  стандарттарды  әзірлеу  мен  енгізуді 

ұйғарады. 

Білім  беру  стандарттарын  инновациялық  тұрғыда  әзірлеуде  негізгі  екпін 

оқушылардың  оқу  жүктемесін  саралауға  арналады,  яғни  оларға  өзіндік 

ұстаныммен  құрылған  жекелей  білім  алу  траекториясы  негізінде  оқу 

материалын меңгеру мүмкіндігі ұсынылады. Сондықтан 12 жылдық білім беру 

мазмұнын  іріктеудің  теориялық-әдіснамалық  негіздерін  тұлғалық  іс-әрекеттік 

тұрғыда  оқытуды  іске  асыру  шеңберінде  анықтаған  жөн.  Ол  білім  берудің 

білімге 


бағдарланған, 

тұлғаға-бағдарланған 

және 

жүйелі-әрекеттік 



(құзыреттілік) парадигмаларының жүйелі жиынтығын береді [6]. 

12  жылдық  білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  қарқынды  дамып  келе  жатқан 

өзгермелі  қоғамда  өмір  сүруге  икемді,  жеке  басының,  сондай-ақ,  қоғам 

 




пайдасына  қарай  өз  мүмкіндігін  толығымен  жүзеге  асыруға  дайын,  білімді, 

шығармашылыққа  бейім,  құзыретті  және  бәсекеге  қабілетті  тұлғаны 

қалыптастыру мен дамыту [7]. 

Осы  тұрғыда  12  жылдық  оқыту  моделінің  жаңартылған  білім  мазмұнына 

қойылатын талаптар былайша тұжырымдалады: Қазақстан қоғамын әлеуметтік-

экономикалық  жаңғыртуда  жаңа  ғылыми  білімдер  мен  басымдылықтарды 

енгізу;  білім  берудің  жасампаздық  және  футуристік  (әлеуметтендіруші) 

сипатын  күшейту;  көптілді  оқытуды  енгізу;  білім  беру  мазмұнының 

когнитивтік, аксиологиялық және іс-әрекеттік компоненттерінің арақатынасын 

үйлестіру;  оқу  материалдарын  білім  беру  деңгейлері  арасында  үлестіру  және 

олардың  сабақтастығын  қамтамасыз  ету;  мазмұнның  ұлттық  және  аймақтық 

компоненттерін кеңейту. 

Қазақстандық 

қоғамның 

көпмәдениеттілік 

жағдайында 

ізгілік 

дүниетанымдық  ұстанымдарды,  ұлттық-мәдени  құндылықтарды,  қоршаған 

әлемге 

эмоционалдық-құндылық 

қарым-қатынасты 

қамтитын 

білім 

мазмұнының  аксиологиялық  компонентін  кіріктіру  негізінде  оның  тәрбиелік 



әлеуетін күшейту мәселесі ерекше мәнге ие болады.  

Білім  беру  мазмұнына  аксиологиялық  компонентті  кіріктіру  оқу 

материалдарын  іріктеу  мен  ұсынуда  ұлттық-мәдени  құндылықтардың  көрініс 

табуын  көздейді.  Сондықтан  білім  мазмұнына  аксиологиялық  компонентті 

кіріктіру  негізіне  «Мәдени  мұра»  ұлттық-стратегиялық  бағдарламаның 

нәтижелерін енгізген жөн. 

Оқушылардың мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами 

іс-әрекеттердің  әртүрлі  салаларында,  сондай-ақ  тұлғааралық  қарым-қатынас 

пен  әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік  міндеттерді  шешу  үшін  пайдалана  алу 

қабілеттерін қалыптастыратын және дамытатын білім мазмұнының іс-әрекеттік 

компонентін  кіріктіру  оның  практикалық  және  қолданбалық  мазмұнын 

күшейтуге септігін тигізеді.  

Білім  беру  мазмұнына  іс-әрекеттік  компонентті  кіріктіру  оқушылардың 

өмірлік  іс-әрекеттерінде  әртүрлі  міндеттерді  шешу  біліктерін  дамытуға, 

практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде тиімді 

пайдалануға  мүмкіндік  беретін  шығармашылық  және  практикаға  бағытталған 

оқу материалдарының берілуін ұйғарады.  

Білім  беру  мазмұнындағы  когнитивтік  компоненттер  оқушының  базалық 

білімді меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығын қамтамасыз 

етіп,  білім  жүйесіндегі  пәндік  құзыреттіліктерді  дамытуға,  яғни  оқу  пәні 

шеңберінде білім, іскерлік, дағдыларды меңгертуге бағытталады. 

Білім  беру  мазмұнындағы  аксиологиялық  компоненттер  Қазақстан 

Республикасы  Конституциясына,  тәртіп  сақтау  ережелері  мен  заңдарына 

құрмет көрсетуін; белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін 

көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын 

болуын;  мемлекеттік  тілді  және  өз  ана  тілін  білуінен,  қазақ  халқының  және 

Қазақстан  аумағында  өмір  сүріп  жатқан  басқа  да  ұлыстардың  тарихына, 

мәдениетіне,  салт-дәстүріне  және  басқа  құндылықтарына  құрметпен  қарауын; 

өз  елінің,  туған  өлкесінің  табиғатын  сақтауға  және  көркейтуге  ұмтылуынан, 

 




қоршаған  ортаны  қорғауда  белсенділік  танытуын;  салауатты  өмір  салтын 

ұстануынан,  өз  қауіпсіздігі  мен  айналасындағы  адамдардың  қауіпсіздігін 

сақтауға  үйренуін;  адамдармен  қарым-қатынаста  жоғары  мәдениеттілік 

танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуін; өздігінен білім алуға, өмірден 

өз  орнын  табуға  және  жасампаз  еңбекке  ынта-ықыласы  мен  қабілеттілігін; 

үлкендерге  құрметпен,  кішілерге  қамқорлықпен  қарап,  айналасына  мейірімді, 

кішіпейілді  бола  білуін;  әлеуметтік  ортаның  ерекшеліктерін  дұрыс  бағалай 

алуынан, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды 

бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуін қамтамасыз етеді [8]. 

Білім  беру  мазмұнындағы  іс-әрекеттік  компоненттер  оқушының  адамзат 

қоғамының  өркендеуі  үшін  ғылыми  жетістіктерді  пайдалану  аясы  мен  ғылым 

негіздері бойынша жүйелі білімді меңгеруін; ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, 

жинақтай  және  қолдана  білуін;  таным,  жобалау,  құрастыру,  зерттеу  және 

шығармашылықпен  қолдану  әдістерін  меңгеруін;  заманауи  ақпараттық-

коммуникациялық 

технологияларды 

меңгеруін; 

жоғары 


деңгейдегі 

коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігін қамтамасыз етеді. 

Осы  талқылаулардан  білім  беру  мазмұнындағы  аксиологиялық  және  іс-

әрекеттік  компоненттер  білім  жүйесіндегі  негізгі  құзыреттіліктерді  дамытуға 

бағытталып отырғанын көруге болады. 

Оқушылардың  алған  білімдерін  практикалық  жағдайларда  тиімді  және 

әлеуметтік  бейімделу  үдерісінде  сәтті  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  негізгі 

құзыреттіліктер  жүйесін  меңгеруі  олардың  функционалдық  сауаттылығы 

дамуының нәтижесін береді. 

Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық 

ақуалдың  қалыптасқан  мүдделеріне  қарай  әрекет  етеді.  Бүгінгі  күнге  қажетті 

мамандықты  таңдап  дұрыс  шешім  қабылдап,  заманауи  ақпараттық 

технологиялардың  тілін  біліп  кез  келген  әлеуметтік  ортаға  бейімделеді.  Осы 

тұрғыда  функционалды  сауатты  адамның  негізгі  белгілерін  тұжырымдауға 

болады:  қоғамдық  ортада  өмір  сүре  білетін,  тіл  табыса  білетін,  белгілі  бір 

сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген 

адам болып саналады [9]. 

Негізгі  құзыреттіліктер  кез  келген  адамның  таңдаған  мамандығына 

қабілеттіліктері мен біліктігіне, бәсекеге қабілетті орта жағдайында өзінің жеке 

өмірі мен кәсіби жұмысында нәтижеге жетуін түсінуіне мүмкіндік береді. 

А.Хуторскойдің  пікіріне  сүйенсек,  құзыреттілік  –  тұлғаның  өзара 

байланысты  сапаларының  жиынтығы  (білімдер,  біліктер,  дағдылар,  әрекет 

қабілеттері).  А.Хуторской  сонымен  қатар  білімділік  компетенцияларын  да 

көрсетеді.  Білімділік  құзыреттілік  –  бұл  оқушының  шынайы  өмірдегі 

нысандарға  қатысты  жеке  тұлғалық  жөне  әлеуметтік-маңызды  да  өнімді 

қызметтерін  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  мәндік  бағдарлардың,  білімдердің, 

біліктердің,  дағдылар  мен  іс-әрекет  тәжірибешілерінің  жиынтығы  деп 

қорытындылайды [10]. 

Құзыреттілік – танымдық, кәсіптік, шығармашылық қызмет атқарудың және 

өзгелермен 

эмоциялық-құндылық 

қатынастар 

жасаудың 

әлеуметтік 

 



тәжірибелерін меңгеріп, азаматтық қоғам жағдайында өмір сүруге қабілеттілік 

болып табылады деген айқындама қорытылып шығарылды [11]. 

Сонымен  қатар,  негізгі  құзыреттілік  –  бұл  мемлекеттің  орта  мектепті 

бітіруші  тұлғаның  сапасына  МЖБС-да  және  оқу  бағдарламаларында 

көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары. 

Мектеп бітірушінің негізгі құзыреттіліктері оқушылардың функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-

қимыл  жоспарында  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

нәтижесі ретінде белгіленіп, мынадай түрлерге бөлінген [2]: 

− 

басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); 



− 

ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім 

ала білуі); 

− 

коммуникативтік  (қазақ,  орыс  және  ағылшын  (шет)  тілдерінде  ауызша, 



жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті); 

− 

әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті); 



− 

тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-

өзі анықтау, төзімді болу қабілеті); 

− 

азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің 



отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті); 

− 

технологиялық  (тиімді  пайдалану  деңгейінде  технологияларды,  оның 



ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті). 

Бұл  құзыреттіліктер  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығының 

құраушысы  болып,  оқушының  әртүрлі  өмірлік  салаларда  тиімді  өмір  сүруіне 

мүмкіндік беретін дағдылары мен қабілеттерін қамтамасыз етеді. 

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасына 

(Programmer for International Student Assessment – 

РІSА)  сәйкес 

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы білім беру саласында келесідегідей жаңа 

басымдықтарды айқындайды: мектепте алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда 

қолдана  білу,  әртүрлі  ақпарат  көздерімен  жұмыс  істей  білу  және  алынған 

ақпараттарды  сыни  тұрғыдан  бағалай  білу,  өзінің  болжамдарын  ұсыну  және 

зерттеулер  жүргізу,  өзінің  ойын  негіздей  білу  және  т.б.  қабілеттерін 

қалыптастыру болады [12]. 

Функционалдық  сауаттылықты  түсінудің  басқа  да  жолдары  бар:  адамның 

жақсылық  пен  тілектестік  рухында  тәрбиеленуі  үшін  қарым-қатынас 

мәдениетін,  жеке  кәсіби  дайындығын,  кәсіби  технологиялық  дайындығын 

қамтамасыз етеді. 

Жеке тұлғаның басты функционалдық сапасы белсенділік, шығармашылық 

пен ойлауға қабілеттілік және стандартты емес шешімдер қабылдай алуы, өзін-

өзі дамытуға, өздігінен оқуға, өз білгенін іске асыру болып табылады. 

Осы  тұрғыда  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы  өмірден  алатын 

білім,  білік  және  дағдыларды  адам  жұмысының  әртүрлі  саласындағы  алуан 

түрлі тапсырмаларды шешудің, еңбек өнімділігі мен әлеуметтік-экономикалық 

дамудың  тұтас  алғандағы  әлеуметтік  қатынастардың  оқушының  меңгеретін 

білім мазмұнымен байланысы арқылы қалыптасады. 

 




12  жылдық  мектепте  оқушылар  білім  мазмұнын  бастауыш  білім  беру, 

негізгі  орта  білім  беру,  жалпы  орта  білім  беру  (бейіндік  мектеп)  деңгейлері 

бойынша сабақтастықпен меңгереді. Әр білім беру деңгейлерінде базалық білім 

мазмұны білім салаларындағы сәйкесінше  оқу  пәндерінің мазмұнымен жүзеге 

асырылады. 

Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», 

«Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», 

«Дене шынықтыру». 

Негізгі  орта  білім  мазмұнын  жеті  білім  саласы  құрайды:  «Тіл  және 

әдебиет»,  «Математика  және  информатика»,  «Жаратылыстану»,  «Адам  және 

қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру». 

Жалпы орта білім мазмұны жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-

гуманитарлық  бағыттар  бойынша  бейіндік  оқытуға  негізделіп,  базалық  білім 

мазмұны әр бағыт үшін біркелкі болады және оны алты білім саласы құрайды: 

«Тіл  және  әдебиет»,  «Математика  және  информатика»,  «Адам  және  қоғам», 

«Жаратылыстану», «Технология», «Дене шынықтыру». 

Барлық білім салалары сәйкесінше оқу пәндерін қамтиды: 

1) 


«Тіл  және  әдебиет»  білім  саласына  енетін  пәндер:  «Сауат  ашу  (оқу, 

жазу)», «Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде жалпы 

білім беретін ұйымдар үшін, оқыту тілі қазақ тілінде емес жалпы білім беретін 

ұйымдар  үшін),  «Орыс  тілі»,  «Орыс  әдебиеті»  (орыс  тілінде  жалпы  білім 

беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (қазақ тілді және басқа да 

орыс тілді емес жалпы білім беретін  ұйымдар үшін), «Шетел тілі».  Қазақстан 

аумағында тұратын этностың тілінде оқытатын жалпы білім беретін ұйымдарда 

«Тіл  және  әдебиет»  білім  саласына  осы  этностың  «Ана  тілі  мен  әдебиеті» 

қосымша енеді. Нақты этностың шоғырланып орналасқан жерлерінде олардың 

тілін  оқыту  мәселесін  шешу  білім  саласындағы  жергілікті  атқару  органдары 

құзырына  беріледі.  «Ана  тілі»  («Ұйғыр  тілі»,  «Өзбек  тілі»,  «Тәжік  тілі»)  мен 

«Әдебиет»  («Ұйғыр  әдебиеті»,  «Өзбек  әдебиеті»,  «Тәжік  әдебиеті»)  пәндері 

үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентіне енеді; 

2) 


«Математика  және  информатика»  білім  саласына  енетін  пәндер: 

«Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», 

«Информатика»; 

3) 


«Жаратылыстану»  білім  саласына  енетін  пәндер:  «Дүниетану», 

«Жаратылыстану», «География», «Биология», «Физика», «Химия»; 

4) 

«Адам және қоғам» білім саласына енетін пәндер: «Қазақстан тарихы», 



«Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану»; 

5) 


«Өнер» білім саласына енетін пәндер: «Музыка», «Бейнелеу өнері»; 

6) 


«Технология»  білім  саласына  енетін  пәндер:  «Еңбекке  баулу»,  «Сызу», 

«Технология»; 

7) 

«Дене шынықтыру» білім саласына енетін пәндер: «Дене шынықтыру», 



«Алғашқы әскери дайындық». 

12 жылдық мектептің білім беру деңгейлеріндегі білім салалары бойынша 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың  өзіндік 

ерекшеліктері мен мазмұндық-әдістемелік бағыттары бар. 

 



«Тіл  және  әдебиет»  білім  саласында  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығы олардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілі мен шетел 

тілін ұлтаралық қатынас ретінде сөйлесу дағдыларын игеру; мемлекеттік тілді, 

өзінің  халқының  мәдениеті  мен  әдебиеттік  мұралары  мен  ұлттық 

құндылықтарын  өзін-өзі  дамыту  мен  өз  мұмкіндігін  іске  асыруда 

шығармашылықпен  пайдалану  дағдыларын  игеру;  ана  тілін  грамматикалық 

нормаларға  сай  оқу,  дұрыс  жаза  алу  дағдыларын  игеру;  тілдік  тұлғаның 

әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, 

оқылым,  жазылым,  тілдесім)  өзінің  мақсатына  қарай  еркін  қолдана  алу; 

сөздерді  шынайы  қарым-қатынастық    жағдаятта  қолдана  білу;  сөзді  басқа 

сөздермен  үйлестіру;  сөз  құрау;  өмірлік  жағдайларда  іс-әрекеттер  жөнінде 

нақты және қысқаша сөйлесу қабілеттерімен анықталады. 

Оқушылардың  бұл  саладағы  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру 

үшін  білім  беру  деңгейлеріндегі  тіл  және  әдебиет  пәндерінің  мазмұнына 

әрекеттік сипаттағы келесідегідей білімдерді кіріктіру қажет: 

– 

қазақ  тілін  мемлекеттіліктің  негізгі  көрсеткіші  және  отансүйгіштікті, 



азаматтық  жауапкершілікті  арттыру,  полилингвистикалық  білім  беру 

мақсатында жүргізу; 

– 

шынайы  өмірмен    байланысты,  табиғи  қарым-қатынас  тудыратын 



аутентикалық оқыту мен әрекеттікті қалыптастыру; 

– 

лингвомәденитанымдық  аспектілер  бойынша  әлеуметтік-тұрмыстық, 



әлеуметтік-мәдени,  оқу-еңбек  шеңберлерінде  лексикалық  тақырыптарды  бөлу 

және  әр  тақырыпты  тілдік,  қатысымдық-сөйлесімдік,  мәдениетаралық  қарым-

қатынас бөлімдеріне жіктеу; 

– 

қазақ,  орыс  және  шетел  тілдері  бойынша  коммуникативтік,  тілдік, 



лингвистикалық және әлеуметтік мәдени құзыреттіліктерді қалыптастыру; 

– 

сауатты жазбаша және ауызша сөйлеуді дамыту; 



– 

этноаралық  қатысымда  табысты  сөйлесуді  жүзеге  асыру  біліктігін 

қалыптастыру; 

– 

әдебиеттердің  адамгершілік  және  гуманитарлық  құндылықтарын 



пайымдау арқылы белсенді азаматтық борышты қалыптастыру; 

– 

типологиялық  әдеби  байланыстарды  анықтау  арқылы  әртүрлі 



халықтардың  дәстүрлерін  ұлттық  танып  білу  мен  толеранттық  қатынасты 

қалыптастыру; 

– 

оқушылардың  оқуға  қызығушылықтарын,  эстетикалық  талғамдарын, 



бейнелік  ойлауларын  дамыту  және  оларды  өздігінен  мәтін  жасауда  қолданып 

шығармашылық қабілетін дамыту; 

– 

оқушылардың  ойындағысын  пәннің  мазмұнындағы  функционалдық 



сауаттарымен байланыстырып, жазбаша жұмыстарды: эсселер, мазмұндамалар, 

шығармалар т.б. жазып немесе жаңа нысандар жасап шығару; 

– 

жазбаша  жұмыстарды,  түрлі  біліктерді,  құзыреттіліктерді  қажет  ететін 



өздік жұмыстар  мен  тапсырмаларды іс  жүзінде орындау;  глоссарий,  эссе,  кең 

көлемді  зерттеу  жұмысының  нәтижесін  жазу,  есептер  және  шағын 

диссертациялар,  әр  түрлі  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдалана  отырып 

күрделі презентациялар құрастыру. 

10 

 



Тілге  қатысты  функционалдық  сауаттылық  –  тілдік  ережелерді  түсіну  – 

тілдік нормаларды сақтау – іс-әрекет тәсілдерін меңгеру болады.  

Тілді  меңгеруде  грамматиканың  орны  ерекше,  өйткені  онсыз  ойды 

жинақтап  сөйлемге  айналдыру,  байланыстырып  жеткізу  мүмкін  емес. 

Сондықтан  грамматика  толыққанды  тілдесімге  жетудің  құралы  ретінде 

қарастырылады.  Грамматикалық  дағдыны  қалыптастыру  функционалдық 

бағытта  грамматикалық  форма  мен  функцияны  бірлікте  үйрену  арқылы 

грамматикалық  ережелерді  толық  игеру,  жағдаяттық  және  шартты  сөйлесу 

жаттығулары негізінде іске асады. Білім мазмұны қазіргі қоғамдық сұранымға 

сай  болуы  үшін  ол  оқушының  өмірі  мен  қоршаған  ортасына  жақындатылуы 

тиіс. 

«

Математика  және  информатика»  білім  саласындағы  оқушылардың 



функционалдық  сауаттылығы  олардың  мәліметтерді  құрылымдай  білу; 

математикалық  қатынастарды  бөлу;  математикалық  модельдерді  құру  және 

оларды талдай білу және түрлендіре білу; алынған нәтижелерді түсіндіріп беру; 

ақпараттық-коммуникативтік  технологияның  мүмкіндіктерін  шығармашылық-

пен және өнімді пайдалана білу қабілеттерімен анықталады. Басқаша айтқанда, 

оқушылардың  математикалық функционалдық сауаттылығы күнделікті өмірде 

кездесетін  мәселелерді  шешу  үшін  математика  мен  ақпараттық  технологияны 

тиімді қолдана білуге мүмкіндік жасайды. 

Оқушылардың  бұл  саладағы  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру 

үшін  білім  беру  деңгейлеріндегі  математика  және  информатика  пәндерінің 

мазмұнына әрекеттік сипаттағы келесідегідей білімдерді кіріктіру қажет: 

– 

қажет  жағдайда  анықтамалық  материалдарды  және  қарапайым  есептеу 



құралдарын  пайдаланып  дәрежелерді,  радикалдарды,  логарифмдер  мен 

тригонометриялық 

функцияларды 

қамтитын 

формулалар 

бойынша  

практикалық есептеулерді шешу; 

– 

қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу; 



– 

нақтылы  тәуелділіктерді  функцияның  көмегімен  сипаттау  және  зерттеу, 

оларды графикалық түрде көрсету; 

– 

нақтылы үдерістерді графиктермен түсіндіру; 



– 

геометриялық,  физикалық,  экономикалық  және  басқадай  қолданбалы 

есептерді,  соның  ішінде  математикалық  анализ  апаратын  қолданып  ең  үлкен 

және ең кіші мәндерді табуға арналған есептерді шешу; 

– 

диаграмма,  графиктер  түрінде  берілген  нақтылы  сандық  мәліметтерді 



талдау, статистикалық сипаттағы ақпараттарды талдау; 

– 

оқыған формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде күрделі емес 



практикалық жағдайларды зерттеу (моделдеу);  

– 

қажет  жағдайда  анықтамалық  материалдарды  және  есептеу  құралдарын 



пайдаланып  практикалық  есептерді  шешу  барысында  нақтылы  объектілердің 

ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу;  

– 

қолданбалы  сипаттағы  математикалық  есептерді  шешу  құралы  ретінде 



қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгеру; 

11 


 


– 

жазбаша  жұмыстарды,  практикалық,  зертханалық  тәжірибелерді,  түрлі 

біліктерді, құзыреттіліктерді қажет ететін өздік жұмыстар мен тапсырмаларды 

іс жүзінде орындау. 

Қазіргі  уақытта  «Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерінің  Қазақстан 

мектептерінде  оқытылуы  заманауи  талаптардан  кенже  қалғанын  және  осыған 

орай  бүкіл  білім  жүйесінде  кешенді  шаралар  қабылдау  қажеттігін  көрсетіп 

отыр.  Кейбір  фактілермен  қатар  оқушылардың  жаратылыстану  ғылымы 

бойынша  білім  деңгейлерінің  жеткіліксіздігі  пән  мазмұнының  тым 

теорияландырылып  берілуімен,  оқытудың  практикалық  өмірлік  сұраныстары-

мен және одан әрі кәсіби әрекеттерімен байланыстың әлсіздігімен негізделеді. 

Осының  салдарынан  оқушылар  жобалаудың  практикалық  біліктері  мен 

дағдыларын  жеткіліксіз меңгеріп,    химиялық үдерістерді моделдеу, химиялық 

өндірістегі тиімді және инновациялық технологияларды мен олардың өнімдерін 

пайдалану туралы ақпараттарды аз қабылдайды. 

Сондықтан  «Жаратылыстану»  білім  саласындағы  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  бойынша  білім  мазмұнын 

жаңартуды келесі жолдармен жүзеге асырылуды ұсынамыз [13]: 

– 

химия,  биология  және  физика  ғылымдарының,  инновациялық 



технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу; 

– 

қазақстандық компонентті кеңейту; 



– 

Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуын негізге ала отырып, 

оқытудың  өндірістік,  технологиялық  үдеріспен  байланысын  ірілендіру  және 

жаратылыстану өндіріс саласындағы болашақ кәсіби кадрларды дайындау; 

– 

оқушылардың  экологиялық  мәдениетін  дамыту,  олардың  табиғат  пен 



минералды  ресурстарға,  туған  өлкесінің  өсімдіктер  мен  жануарлар  әлеміне  

ұқыптылықпен  қарау  және  өз  елінің  табиғи  байлығын  қорғау  мен  көбейту 

негізінде  жаратылыстану  саласында  білім  берудің  экологиялық  құраушысын 

кеңейту; 

–   

мектептегі  жаратылыстану-ғылыми  білімді  жетілдіру  сәйкесінше 



пәндердің  оқу  бағдарламаларын  күрделендіру  арқылы  жүзеге  аспауы  тиіс, 

керісінше  оқыту  үдерісі  оқушылардың  практикалық  және  зерттеушілік 

дағдыларын  дамытуға,  оқу  жобаларын  орындаудағы  креативтілік  ойлауын 

қалыптастыруға, алған білімдерін болашақ кәсіби қызметтерінде қолдана білуге 

дайындауға бағытталуы тиіс; 

– 

өздігінен орындайтын тәжірибелік, эксперименттік жұмыстарды сан түрлі 



әдістер 

мен 


технологияларды 

қолдану 


арқылы 

функционалдық 

сауаттылықтарға жататын бөлігіне ерекше мән беріп, жүйелеп үйрету; 

– 

жазбаша  жұмыстарды,  практикалық,  зертханалық  тәжірибелерді,  түрлі 



біліктерді, құзыреттіліктерді қажет ететін өздік жұмыстар мен тапсырмаларды 

іс жүзінде орындау. 

Осы  айтылғандардан  оқушылардың  жаратылыстану  саласы  бойынша 

функционалдық  сауаттылықтарын  қалыптастыру  үшін  білім  беру 

деңгейлеріндегі  жаратылыстану  пәндерінің  мазмұнына  әрекеттік  сипаттағы 

келесідегідей білімдерді кіріктіру қажет [13]: 

12 

 



– 

химиялық  элементтер  мен  заттардың,  сонымен  қатар  химиялық 

реакцияларды қорыту және топтастыру; 

– 

күнделікті  өмірде  бізді  қоршаған  химиялық,  физикалық,  биологиялық 



құбылыстарды, әртүрлі заттар мен азықтарды қауіпсіз және тиімді пайдалану; 

– 

химиялық  технология  және  полимерлер  өндірісі,  жаңа  құрылыс  және 



құрастыру  материалдары,  тұрмыстық  химия,  фармакология,  ауыл 

шаруашылығы  және  биотехнология  және  т.б.  облыстарындағы  алғашқы 

практикалық дағдыларының болуы тиіс; 

– 

жаратылыстану  пәні  бойынша  практикалық  жұмыстарды  жобалау, 



моделдеу  және  орындау,  диаграммаларды,  рекация  теңдеулерінің  схемаларын 

оқи білу; 

– 

байқау  немесе  өлшеу  нәтижелерін  кестелер,  графиктер  көмегімен 



көрсету; 

– 

моделдердің  көмегімен  қоршаған  әлемдегі  табиғи  құбылыстарды 



түсіндіру, мәліметтерге талдау жасау негізінде қорытынды жасау; 

– 

жаратылыстану аймағындағы зерттеулердің негізгі ерекшеліктерін түсіну; 



– 

алған  білімдері  негізінде  жаратылыстану-ғылыми  құбылыстарды 

түсіндіру немесе суреттеу, сонымен қатар өзгерістерді болжау; 

– 

қорытынды  шығару,  оларды  талдау  және  негіздемесін  бағалау  үшін 



ғылыми дәлелдеулерді және мәліметтерді пайдалану; 

– 

физикалық шамаларды анықтау (өлшеу), болжамдарды тексеру; 



– 

Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы 

арқылы  қазіргі  кездегі  ұлттық  саясаты  және  экономикалық,  әлеуметтік, 

қоғамдық,  демократиялық  дамуын;  қазіргі  әлемдегі  орнын;  мемлекеттік  саяси 

және  конституциялық  дамуын;  мәдениеті  мен  ұлттық  құндылықтарын; 

экономикасы, болашағы, қауіпсіздігі және қазіргі геосаяси жағдайын; ішкі және 

сыртқы 

саясатын; 

дүниежүзілік 

бәсекеге 

қабілеттілігі; 

әлемдік 


қауымдастықтағы алатын орнын меңгеру; 

– 

жазылым  бойынша  глоссарий,  эссе,  кең  көлемді  зерттеу  жұмысының 



нәтижесін  жазу,  есептер  және  шағын  диссертациялар,  әр  түрлі  бұқаралық 

ақпарат құралдарын пайдалана отырып күрделі презентациялар құрастыру; 

– 

оқылым  бойынша  блиц-аударма,  мәнерлеп  оқу,  презентация  бойынша 



нақты сұрақтарға жауап беру; оқушылар Қазақстанның сыртқы саясаты туралы 

ауызша презентация жасау; 

– 

тыңдалым  бойынша  дәріс,  аудио  жөне  видеотаспаларды  тыңдау 



(оқулықтарға  қосымша  ретінде  авторлар  түрлі  аудиоматериалдар  әзірлеу 

керек),  сыныптастарының  ауызша  жүмыстарын  тыңдау,  диалог,  монолог 

құрастыру, рөлдік ойындарға қатысу, тренинг, пікірсайыстарға қатысу. 

«Адам  және  қоғам»  білім  саласындағы  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығы  олардың  жалпыадамзаттық,  ұлттық-тарихи  және  әлеуметтік-

мәдени 


құндылықтарға 

әділеттілікпен, 

адалдықпен, 

тілектестікпен, 

жауапкершілікпен  қарай  білу;  өзінің  азаматтық  патриоттық  ұстанымын  және 

құқықтары мен міндеттерін заңнама мен қоғамдық нормаға сәйкес сақтай білу; 

отбасында,  ұжымда,  қауымда  әлеуметтік  ролін  орындай  білу;  көпмәдениетті 

қоғамда өмір сүру мен қарым-қатынас жасай білу; өздігінен оқу, өз мүмкіндігін 

13 

 



іске  асыру,  өзінің  кәсіби  бағытын  анықтау;  адамның  физикалық  және  рухани 

денсаулығын,  ақыл-ой  жұмысын  қолдау  үшін  салауатты  өмір  салтын  жүргізу 

қабілеттерімен анықталады. 

Оқушылардың  «Адам  және  қоғам»  саласы  бойынша  функционалдық 

сауаттылықтарын  қалыптастыру  үшін  білім  беру  деңгейлеріндегі  білім  

мазмұнындары 

қоғамдық-қызметтік, 

ғылыми-дүниетанымдық, 

саяси, 

құқықтық,  құндылық-коммуникативтік,  экономикалық,  экологиялық,  тәни 

құзыреттіліктерге сәйкес әрекеттік сипаттағы білімдерді кіріктіруді қажет етеді. 

Аталған құзыреттіліктер төмендегіше негізделеді: 

− 

қоғамдық-қызметтік  құзыреттілік  индивидтің  кәсіп  таңдап,  өмірлік 



қызмет  атқара  алуын  білдіреді.  Ол  адамның  тағдырын  айқындайды,  өмірінің 

материалдық жөне рухани жақтарын негіздейді; 

− 

әлеуметтік  құзыреттілік  индивидтің  қоғам  өмірінде  болып  жатқан 



үрдістердің  мағынасын  дұрыс  ажыратып,  қажетті  шешім  қабылдай  білуін 

көрсетеді.  Адам  қоғамдық  қызметін  өз  деңгейінде  атқара  алуы  үшін  оған 

отбасында толық материалдық және психологиялық атмосфера жасалуы керек. 

Жетістіктің  қандайы  болса  да,  отбасындағы  жағдайларға  тәуелді  болып 

отырады; 

− 

ғылыми-дүниетанымдық  құзыреттілік  адамзаттың  тарихи  тәжірибелерін 



молынан меңгеріп, оларды өмірлік практикада қолданып, дұрыс әрекет ете білу 

үшін  жеткілікті  деңгейде  ғылым  негіздерін  меңгеру  қажеттігін, 

интеллектуалдығын анықтайды; 

− 

құндылық-коммуникативтік  құзыреттілік  адамның  әлеуметтік  мәнділік 



екендігін,  сондықтан  ол  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарды 

меңгере отырып, айналадағы өзге адамдармен мәдениетті қатынас жасай алуын 

көрсетеді; 

− 

саяси  құзыреттілік  азаматтық  қоғам  мүшесінің  саяси  және  азаматтық 



белсенділігін шарттандырады; 

− 

қүқықтық  құзыреттілік  индивидтің  өз  құқықтарын  пайдалана  отырып, 



құқықтық қоғамда өмір сүре білуін айғақтайды; 

− 

экономикалық  құзыреттілік  нарықтық  қатынас  жағдайында  әр  адамның 



меншік  иесі  болуына  және  бизнеспен  айналысуына  қажетті  жағдайлардың 

қамтамасыздығын көрсетеді; 

− 

экологиялық  құзыреттілік  әр  адам  денсаулығы  үшін  өзін  қоршаған 



ортаның таза болуын та лап ету қүқығын жүзеге асыру деңгейін көрсетеді; 

− 

тәни  қүзыреттілік  жоғарыда  аталған  өмірлік  құзыреттілктерді  меңгеру 



үшін адамға қажетті денсаулық, физиологиялық жетілу, салауатты өмір салтын 

айқындайды. 

«Өнер»  және  «Технология»  білім  салаларындағы  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығы  олардың  кеңістіктік  өнерлерді  көркемдік 

елестету,  көркемдік-шығармашылық,  көркемдік  бейнені  құрастыру;  көркем 

сезімін,  шығармашылық қиялын,  кеңістік ой-өрісін,  эстетикалық  талғамы  мен 

құрастырушылық; технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-әрекетті 

жоспарлау және ұйымдастыру; түрлі материалдарды (табиғи материалдар және 

14 

 



т.б.) көркем өңдеу; түрлі материалдармен жұмыс істеу; ақпаратты іздеу, қайта 

өзгерту,  сақтау,  жүйелеу  және  қолдану  үшін  практикалық  іс-әрекетте  және 

күнделікті  өмірде  алған  білім  мен  білігін  пайдалану;  жобалау,  моделдеу, 

құрастыру;  жеке  гигиена  ережесін  сақтау,  материалдар  және  құралдармен 

қауіпсіздік  жұмыс  тәсілін  қолдану;  өндірістің  инновациялық  технологиялары 

мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалана білу; 

танымдық  және  практикалық  іс-әрекеттер  дағдыларының  қалыптасу; 

жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени игіліктерді игеру арқылы оқушылардың 

эстетикалық  дүниетанымы  қалыптасу;  оқушылардың  негізгі  өнер  түрлерін 

(музыка, бейнелеу өнері, театр, хореография және т.б.) және өзіндік көркемдік 

іс-әрекетін түсіну және меңгеру қабілеттерімен анықталады. 

Сонымен, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы 

жаңартылған  білім  мазмұнының  инновациялық  сипаттамасын  мынадай 

мазмұндық-әдістемелік бағыттармен көрсетуге болады [14]: 

− 

білім  беру  мазмұнының  когнитивтік,  аксиологиялық  және  әрекеттік 



компоненттерін кіріктіру; 

− 

білім берудің негізгі мақсаттары білім берудің құндылық бағдарларының 



жүйесі арқылы анықтау; 

− 

білім берудің баламалылығы және оның саралануын қамтамасыз ету; 



− 

білім  беру  мазмұнының  тәрбиелік  әлеуетін  оның  аксиологиялық 

компоненттерін кеңейту арқылы күшейту; 

− 

білім  беруде  практикаға  бағдарланған  жаңа  білім  мазмұнын  енгізу, 



денсаулықсақтаушы  технологиялар,  ашық  ақпаратты-білім  беру  ортасын 

қалыптастыру және т.б. жүзеге асыру; 

− 

білім  мазмұндарында  позитивті  мәтін,  глоссарий,  сөздік,  мағыналық 



сөздік, шығармашылық және қолданбалы маңыздылығы жоғары тапсырмалар, 

зерттеу  жұмыстарының  тақырыптары,  кейбір  технологиялар  мен  әдістерді 

қолдану  бойынша  нұсқаулықтар,  критериалды  бағалаудың  әдістемесі  мен 

дескрипторлары туралы материалдар, кейбір сабақтарға қатысты технологиялар 

мен сценарийлерінің үлгісі, жекелеген тақырыптарға қатысты ақпарат көздеріне 

сілтеме, аудио және бейне қосымшаларды беру. 

Жалпы  алғанда,  оқыту  түрлері:  сабақта  білім  алу,  эксперименттер  немесе 

практикалық  жұмыстар  жасау,  есептер  шығару,  жаттығулар  орындау  т.б. 

бәрінің  басын  біріктіріп,  жүйелі  ойлап  дұрыс  шешім  қабылдауға  әкелетін  де 

функционалдық  сауаттылықтар,  өйткені  нағыз  білім  саналы  түрде 

жауаптылықпен қабылдап, түсініп, оны орнымен қолданудан туады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет