Сабақтастығы Әдістемелік құрал


Жер туралы ғылым саласында



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата05.08.2020
өлшемі0,52 Mb.
#76213
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1410281492418 (1)

Жер туралы ғылым саласында 

14 

Геологияның,  минералды  ресурстарды  қайта  өңдеу  мен  кешенді  игерудің  ғылыми 



мәселелері. 

15 


Су ресурстары, гидрогеология мен географияның ғылыми мәселелері. 

16 


Қазақстанның сейсмикалық жағдайы және сейсмоқорғанысы. 

 

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында 

17 

XXI  ғасырдың  гуманистік  құндылықтарының  жаңа  парадигмасында  ұлттық 



мәдениет  пен  ізгіліктің  қайта  өрлеуі.  Білімді  реформалаудың  социологиясы  мен 

әдістемесі, теориясы. Шығармашыл тұлғаның қалыптасуы. 

18 

Өркениетті процесс пен қазіргі кезең контексінде Қазақстанның мемлекеттік, саяси, 



әлеуметтік-мәдени  дамуының  тарихи  тәжірибесі.  Тарих  ғылымының  әлеуметтік-

болжаушы рөлі. 

19 

Егеменді Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы мен құқықтық мемлекеттің 



құрылуы: теориялық, ғылыми-әдістемелік және қолданбалы аспектілері. 

20 


Нарықтық  қатынастардың  қалыптасуы  тәжірибесі  мен  теориясы  және 

экономикалық, 

ғылыми-технологиялық 

дамудың 


қазақстандық 

моделі: 


экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және экологиялық мәселелер. 

21 


Ашық жүйелердің эволюциясы (тәртіпаралық) 

 

34 



 


Сондықтан  оқушылардың  ғылыми  жоба  тақырыптарын  таңдауда 

мыналарды басшылыққа алу керек: 

1) 

тақырып  оқушыларға  қызықты,  практикалық  мазмұнды,  оларды 



тартатындай болу керек; 

2) 


тақырып  орындалатын,  шешімі  зерттеуге  қатысушыларға,  өмірдің 

әртүрлі жағдайларында пайдасы тиетіндей болу керек; 

3) 

оқушылардың  қызығушылығын  ескере  отырып,  жетекші  өзі  жақсы 



білетін тақырып аясын таңдау керек; 

4) 


тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, 

ерекшелік элементтері, қолданбалық сипатта болу керек; 

5) 

тақырып жұмысы ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу 



керек; 

6) 


тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың 

жас ерекшелігіне сәйкес келу керек. 

Енді  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға 

бағытталған бірнеше ғылыми жоба тақырыптарына тоқталсақ.  

Физика пәнінен «Жердің жасанды серіктерін ұшыру мәселелері және оны 

шешу жолдары», «Жылу машиналарының пайдасы мен зияны», «Дәстүрлі емес 

энергия көздерінің қолданылуы», «Жел күшін пайдаланып тоқ күшін шығару», 

«

Қазақстандағы  экологиялық  проблемалар  және  оны  шешу  жолдары»,  «Су  – 



энергия көзі» және т.б.;  

Математика пәнінен «Қазақстан Республикасының халқының орналасуын 

математикалық модельдеу», «Экономикалық  есептерде туындыны  қолдану»,  

«12-


13  жастағы  балаларға  компьютердің  әсерінің    математикалық  моделі», 

«Автобус  аялдамасын  орнатудың  тиімді  тәсілін  анықтау»,  «Тұрмыстағы 

математика»,  «Математика  және  Технология»,  «Математика  және  әлеуметтік 

ғылымдар»,  «Математика  және  космостық  қашықтықта  зерттеу»,  «Диофант 

теңдеуін  бизнесте  қолдану»,  «Сызғышсыз  өлшеулер»,  «Қазіргі  сәулет 

өнеріндегі киіз құрылысының технологиясы» және т.б. 

Информатика  пәнінен  «Сурет  салу  тәсілімен  Flash  бағдарламасында 

мультфильм  жасау»,  «Электронды  оқулықтың  маңызы»,  «Қазақ  ертегілеріне 

мультфильм жасау», «Адам өміріндегі компьютердің ролі» және т.б.; 

Биология  пәнінен  «Тағам  құрамындағы  қоспалардың  балалар  ағзасына 

әсері»,  «Сүт  өнімдерінің  құндылығы»,  «Қоршаған  ортаны  экологиялық 

дағдарыстан  алып  шығу  тәсілдері»,  «Биологиялық  және  компьютерлік 

вирустардың  ұқсастығы  мен  айырмашылығы»,  «Экологияның  адам  ағзасына 

әсері. Адам», «Қазақтың ұлттық тағамы құрттың адам ағзасына әсері» және т.б.; 

Химия  пәнінен  «Химия  өңдіріс  қалдықтарын  жоюдың  жолдарын 

іздестіру», «Химиялық элементтердің адам ағзасындағы қызметі», «Халықтың  

дәрілік заттарға  қолжетімділігінің түрлі аспектілері» және т.б.;   

Тарих  пәнінен  «Жастар  саясатының  идеологиясының  дамуындағы 

өзгерістер», «Алаш Орда− Сібір үкіметі арасындағы қарым-қатынас», «ҚР сот 

жүйесін  қалыптастырудағы  ұлттық  билер  сотының  тарихи  сабақтастығы», 

«Д.А.Қонаевтың тұлғалық қабілетімен саяси қызметі» және т.б.; 

35 


 


Әдебиет  пәнінен  «Абай  мен  Шәкәрім  шығармаларындағы  үндестік», 

«Қазіргі жастар поэзиясындағы бейнелілік пен көркемдік шешімі», «Абай және 

адам құқығы» және т.б.; 

Қазақ тілі пәнінен «Көптілділікті дамыту: Қазақ тілі мен ағылшын тілінің 

әлеуметтік экономикалық ролі», «Астана  қаласы маңындағы елді мекендердің 

атауы», 


Астана 

қаласының 

менсонимдері», 

«Оралхан 

Бөкей 

шығармаларындағы табиғат сыры» және т.б. 



Жоғарыда  аталған  ғылыми  жобалардың  кейбіреулеріне  қысқаша 

аннотацияларды сынамыз. 

«Адам  өміріндегі  компьютердің  ролі».  Бұл  жобада  оқушылар 

компьютердің  даму  тарихы,  компьютердің  құрылысы,  есептеуіш  техника 

кабинетіндегі  қауіпсіздік  ережелері  тақырыптары  бойынша  алған  білімдерін 

тиянақтап  және  «Адам  өміріндегі  компьютердің  ролі  қандай?»  «Қалайша 

компьютер адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды?» деген сұрақтарға жауап 

іздей  отырып,  оны  жан-жақты  зерттеп,  ой-өрістерін,  білімдерін  тереңдетеді.  

Сонымен  қатар,  өз  беттерінше  ізденіп,  проблемалық  сұрақтарға  талдау  жасай 

білуге  және  жұмыстарын  қорғау  барысында  сөйлеу  мәдениетін  дамытуға 

үйренеді. 

«Экологияның  адам  ағзасына  әсері.  Адам».  Жобада  әр  өңірдің  өндіріс 

көздері  мен  орналасу  жеріне  сай  түрлі  экологиялық  мәселелерді  көтеруге 

болады.  Ауа  мен  судың  адам  ағзасына  тигізетін  зияны  туралы  проблемалар 

тақырыптың өзегі болмақ. 

«Тұрмыстағы  математика».  Негізгі  мақсат  сабақтар  көлеміндегі 

тақырыпты  игерумен  қатар  кең  ауқымды  есептерді  шешуді  зерттеу.  

Тұрмыстағы математика  есептеріне - қазақ халқының өмірі, әдеп-ғұрыпы, салт- 

дәстүрлерінің  ежелгі  көрінісі  арқау  бола  алады.  Зерттелінетін  тақырып    білім 

алуды жалғастыруға, қазақ педагогикасының математикалық біліміне негіз бола 

алады.  Нәтижеге  бағдарланған  қазақтың  математикалық  білім  деңгейін 

айқындауға  жәрдемдеседі,  математикалық  білім  оқушылардың  танымына  жол 

ашады.  

«Қазақтың ұлттық тағамы құрттың адам ағзасына әсері». Бұл жоба қазақ 

халқының  байырғы  тағамы  –  құрттың  пайдасын  зерттеуге  негіз  бола  алады. 

Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, 

кептірілген  сүт  деген  мағынаны  береді.  Бұл  тағам  ақуыздарға  өте  бай,  адам 

денсаулығына  өте  пайдалы.  Жобада  құртты  Қазақстанның  ұлттық  бренді 

ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын жазуға болады. 

Қорыта  келгенде,  оқушылардың  ғылыми  жобалар  жазып  сайыстарға 

қатысуы олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуда  

негізгі критерилердің бірі болып табылады.  



 

 

 



 

 

 



36 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет