Сабақтың жоспары
Пән
Предмет
|
|
Күні
дата
|
|
|
|
|
|
сабақтың №
№ занятия
|
|
Топ
группа
|
|
|
|
|
|
Тақырып
Тема
|
Мұхтар Шаханов «Төрт ана» өлеңі
|
Білімділік: Оқушыларға ақын Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа қызығушылықтарын ояту, мағынаны танып білуге, ой толғауға дағдыландыру. Оқушыны өз пікірін қорғай білуге үйрету.
Тәрбиелік:. Отансүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
|
Сабақтын типі (тұрпаты)
Тип урока
|
аралас сабақ
|
Сабақтын әдісі
Метод обучения
|
Сұрақ-жауап сұхбаттасу ,топпен жұмыс,талдау
|
Корнекілік
Оснащение
|
тақтамен жұмыс, оқулық.
|
Сабақтын барысы
Ход урока
|
1. Бағдарлану – мотивациялық блок
Мотивационно – ориентировочный блок
|
Сабақтың тақырыбын шығу, жазу
Выход на тему, запись темы урока
|
Оқу мақсатын қою
Постановка цели, задач урока
|
Сабақтың барысымен танысу Знакомство с ходом урока
|
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру:
1.Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы туралы
2. «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі жайында
Жаңа сабақ.
— Мұхтар Шаханов өміріне тоқталу.
Мұхтар Шаханов 1942 жылы сәуір айының 2-сі туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы. Алғашқы өлеңі («Сырдария») 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы («Бақыт»), 1966 жылы жарық көрді. 1993-2003 жж.Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы
Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазір 2004—2007 депутат.
«Төрт ана» өлеңін мәнерлеп оқу.
1.Өлеңнің мазмұнын ашу.
Сөздік жұмыс
-Ғұмыр - өмір бойы
Жебеп жүрер — қорғау, қамқор болу
Туған жері - отан,туып өскен мекені, кіндік қаны тамған жер
Туған тілі - қазақ тілі
Салт-дәстүрі - жеті атасын білу.
Құдіретті - ержүрек, батыр
Тарихы – қазақ елінің басынан кешкен оқиғалары
Күрес – азаттық, егемендік үшін жанын пида ету
Кітаппен жұмыс.Оқушыларға оқыту.(мәнерлеп оқыту)
- Ақын атаған төрт ана.
— Оқушылар айтады. (туған жер, туған тілі, салт-дәстүр, тарих) . Өз ойларын жүйелеп айтқызу.
Ана дегеніміз кім?
«Күн шұғыласы» ойын өткізу.
өмір сыйлаушы ақылшы сырласың
тәрбиешің Ана отбасының берекесі
ұстазың досың
Тарихта қалған аналарымыз:
Нұрпейіс келіні Дина (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы. Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматықаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Тастанбекқызы, Сара (1878-1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы Найман. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.
Шығармашылық тапсырма: 1-қатар: Тіл туралы мақал-мәтел
2-қатар: Туған жер эссе жазу 3-қатар: Қазақтың салт-дәстүрлері кластер құру. Бір салт-дәстүрді сипаттап беру.
Тарихи оқиғалар; 550- қазақ хандығының құрылғаны,170-Абай Құнанбайұлының туғанына, 20-ассамблеяның құрылуына, Ата заң 70-Ұлы жеңіске, 4- маусым рәміздер күні, 16-желтоқсан тәуелсіздік күн
Бес жолды өлең «Ана»
— Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
— Екінші жолда- тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
— Үшінші жолда- тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
— Төртінші жолда- 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
— Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
Ана
Ақылды, сұлу
Асырайды, қорғайды, тәрбиелейді
Ана - ең қымбат адам
Шеше
Рефлексия:Не білдің? Не үйрендің?
Оқушылардың білімін бағалау.(сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау)
Үйге тапсырма: Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |