Сыныптың қалған оқушыларына деректердің түрлерін түсіндіруді әрбір топтағы қабілеті жоғары оқушыға тапсыруға болады.
Қабілеті орта оқушылар:
Сипатта тапсырмасын орындау барысында оқушы тиісті критерийлерге сүйене отырып, суреттерді салыстырады. Өзіндік қорытынды шығарады. Өз қорытындысын басқа топтармен бөліседі.
Шығармашылық жұмыста берілген тапсырманың біреуін таңдауға мүмкіндік беріңіз. Таңдап алған кез-келген тапсырмаға тиісті критерийлер ұсыныңыз.