Мағынаны тану кезеңі. (Б) 1-тапсырма. «Суреттерді салыстыр». Презентациядан алғашқы адам мен қазіргі адамның суретін ұсынып, оқушыларға сұрақтар қоямын:
Суреттен не көріп тұрсыз?
Қазіргі адам қандай?
Алғашқы адам қандай болған?
Алғашқы адамды қоршап тұрған әлем қандай болды? Ал қазір не өзгерді?
Бүгінгі сабақта осыдан 2,5 млн жылдар бұрын өмір сүрген адамдар өміріне саяхат жасайтындарын айтамын. Қосымша 1 Ықтимал жауаптары: суреттегі екі адам әртүрлі кезеңде өмір сүрген. Олардың түр келбетінде, құрал-жабдықтарында ерекшеліктер бар.
(Т) Зерттеу сұрақтары:
Алғашқы адамдар қоршаған ортамен қалай әрекеттескен?