4-тапсырма. «Шығармашылық жұмыс»
(Д) Оқушыларға шығармашылық тапсырма орындауды ұсынамын. Оқушы тиісті тапсырмалардың біреуін таңдап, топпен орындайды.
Мысалы,
«Алғашқы адамдардың бір күндік өмірі» туралы шағын әңгіме жазу;
«Алғашқы адамдардың бір күндік өмірі» тақырыбында макет жасау;
Алғашқы адамдардың өмірін сипаттайтын сурет салу;
Алғашқы адамдардың өмірінен алған білімдерін қолданып, «Елсіз аралда аман қалу» жоспарын құрастыру.
Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын сыныпқа таныстырады.
(Б) «Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?» тақырып сұрағына қайта оралып, сабақты қорытындылаймын.
|
Презентация
4 слайд
Адам эволюциясының суреті:
http://900igr.net/fotografii/biologija/Osnovnye-etapy-evoljutsii
Т.Садықов, Ә.Төлеубаев,
Ғ.Халидуллин, Б.Сәрсекеев.
Ежелгі Қазақстан тарихы. –Алматы: Мектеп, 2012 ж.
Қазақстан тарихы (көне
заманнан бүгінге дейін). Бес
томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.
Ежелгі Қазақстан. Балалар энциклопедиясы. – Алматы: «Аруна», 2002 ж.
Ақпараттық білім ресурстары орталығы.
6 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011 ж.
СББР №100. Алғашқы адамдардың өмірі:
http://e-history.kz/kz/scorm/course/141
|