Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
|
Мектеп: Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Магзумова А.С.
|
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді – 1 сағат
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Барлығы: 5.1.1.1 алғашқы адамдардың антропологиясын сипаттау
Көпшілігі: 5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде (әңгімелеу, бейнелеу, көрініс, макет) көрсету
Кейбірі: Алғашқы адамдардың түр келбетіндегі өзгерістерді уақыт сызығына салып көрсету.
|
|
Бағалау критерийлері
|
Алғашқы адамдардың антропологиясындағы 2 ерекшелікті анықтайды;
Алғашқы адамдардың түр келбетіне сипаттама жасайды;
Алғашқы адамдардың кәсібіне сипаттама жасайды;
2-3 дәлел келтіру арқылы алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін талдайды;
Дағдылар:
түсіну, білімін қолдану, зерттеушілік дағдылар
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология: Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, абыздар, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б. сөздерді еске түсіреді. Оқытудың тілдік мақсаты: Алғашқы адамдардың өмірі туралы әңгімелейді (айтылым дағдысы)- «Сипатта», әдістерінде қолдану. Алғашқы адамдардың өмірі, қола дәуірінің ерекшеліктері туралы интерактивті түсіндірмені тыңдайды (тыңдалым дағдысы). Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы) – Мәтінді талдау жұмысы кезеңінде. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері...
Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды... Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында... Біздің тобымыздың ойынша... Келесі себептер/факторлар.... Ең басты жетістіктер ...
|
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, еңбегіне, тарихи ескерткіштеріне құрметпен қарау
|
|
Пәнаралық байланыстар
|
География, дүниежүзі тарихы пәндеріндегі негізгі білім дағдыларын пайдалана отырып, археологиялық ескерткіштердің орналасуын, әлем елдеріндегі табиғи, қоғамдық өзгерістермен салыстыра отырып, тиісті қорытынды жасайды. Қазақстандағы ежелгі тас, қола дәуіріндегі басты қоғамдық өзгерістерді анықтайды.
|
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта, презентация арқылы оқушылардың шығармашылық түрде жұмыстануына мүмкіндік ашып, пәнге қызығушылығы артады.
|
|
Бастапқы білім
|
Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдардың антропологиясын, тұрмысын, археологиялық ескерткіштерімен танысты.
|
|
Сабақ барысы
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |