Ой шақыру– оқушылардың белсенділігін арттыру, алдыңғы білімді іске қосу, талқыланатын сұраққа қызығушылығын ояту. Бұл білім алушының өз білімін талдауға және сабақтың тақырыбы жайлы ой қозғауға түрткі болады.
Бүгін біз адамның қан топтарының тұқым куалауы жайлы әңгіме қозғамақпыз. Сіздердің әрқайсыларыңызға жеке «Оқушының жеке парағы» ұсынылды.
(Жж) Жаңа тақырыпты өту кезінде сіздер осы парақты толтырасыздар.
(Жж)Тапсырма 1Ассосциация Қан- бұл…(біраз ойланған соң,балалар өз ассоциацияларын дауыстап оқиды).
(Жж)Тапсырма 2 « Сөйлемді аяқтаңыз»: «Менің қан тобым ….(?)….. Менің анамда …..( ?), қан тобы. Әкемде …(?)…қан тобы».
(Ұ) Екі тапсырма бойынша талдау (нәтижесі бірден шығарылады, тақтаға жазып қоюға болады/ интерактивті тақта болмаған жағдайда)
Барлығы- 25 адам, оның:
Өз қан топтарын біледі
Өз қан топтарын білмейді
Ата-аналарының қан топтарын біледі
«Қан тобы» термині барлықтарыңызға мәлім. Балалар, қан топтары жайлы Сіздер не білесіздер және нені білгілеріңіз келеді?
(Жж) Ендігі кезек 3 тапсырманы орындауға жетті, онда кесе толтырасыздар