Сабақтың №10-сабақ Мерзімі Сыныбы 9 пәні



Дата25.12.2016
өлшемі50,7 Kb.
#5189
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кенжебаева.Т

Бекітемін:




Сабақтың №

10-сабақ

Мерзімі




Сыныбы

9 « »

Пәні

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Аңыз әңгімелер

Сілтеме

9 сынып оқулығы

Жалпы мақсаты

Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін терең-дету,аңыз әңгімелердің өзіндік ерекше-ліктерін таныту,оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ойлау, шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

Оқыту нәтижелері

Аңыз әңгімелердің өзіндік ерекшеліктерімен танысады,салыстырады,мазмұнын айтады,талдайды,тақырыпты өмірмен байланыстыра алады.

Түйінді идея

Топономикалық аңыздар,күй аңызы,Есімдері аңызға айналған тарихи тұлғалар,аңыз әңгімелердің басқа да ерекшеліктері


Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі

Оқулық,кесте, постерлер, стикер, слайдтар, электронды оқулық;

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс,СТО,түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, пікір айту;

Дереккөздері

Ғаламтор желісі, оқулық,т.б.

Тапсырмалар

Сұрақ-жауап, кесте,

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Қолданылатын әдістер

Оқушының әрекеті

Ұйымдас-тыру кезеңі

(2 минут)

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын алғызу,көңіл күйінсұрау,жақсы тілек тілеу.Бағалау критерийлері бойынша бақылаушыға арналған топтық бағалау мен өзін-өзі бағалау парақтарын таратамын,халық ауыз әдебиетінен бес сөз жазып,қиып,алу арқылы бөлу, оқушыларды 5 топқа бөлемін.

1.Ұжымдық.

2.Топқа бөлу.



Мұғаліммен амандасады, бір-біріне сәттілік тілейді.Топ мүшелерінің есімдерін бағалау қағазына бағалаушы жазады, басқа оқушылар да өз қызметтерін бөліп алады.

Білу, түсіну

(15минут )

1.Бөлінген тақырыбы бойынша жан-жақты білімдерін тексеру, сұрақтар қою.Шыққан жазуды қағазға желімдеп,сол тақырып жөнінде қағазға жазып, қорғау.

2.Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру.

3.Аңыз әңгімелер тақырыбын 5 топқа бөліп беру:1-топ:Аңыз дегеніміз не?

2-топ:Қорқыт ата,Асан қайғы туралы аңыздар.

3топ:Қожанасыр,Алдар көсе туралы аңыздар.

4-топ:Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу туралы аңыздар.

5-топ:Күй аңыздары


Диалог.Өзін-өзі бағалау.Сыни тұрғыдан ойлау.Дарынды оқушыларды бақылау.Топпен жұмыс.

Сын тұрғысынан ойлау модулінің «Джигсо» әдісі



Ойларын, түсініктерін сызбамен, суретпен, кестемен көрсетеді.Топ басшылары бағалайды.
Оқушылар оқиды, талқылайды,бір-біріне түсіндіреді, фливчартқа жазып, қорғайды.

Қолдану

(7минут)

1.Топономикалық аңыздар мен күй аңыздарын жұп болып оқып,бір-біріне түсіндіреді.Әр топ өздерінің айтып берген мәтіні бойынша екінші топқа сұрақ қояды.

Диалог.Дарынды балаларды,үлгерімі төмен оқушыларды бақылау.Жұптық жұмыс.

Жұп болып тапсырманы орындайды.Мұғалімнің келтірген жауабымен салыстыра қателіктерін анықтайды.

Талдау

(2 минут)

Аңыз әңгімелердің түрлеріне талдау

Сұрақ-жауап

Тапсырманы сынып болып орындайды.

Жинақ-тау

(9 минут)

1.Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Ұлылардың пікірін пайдалана отырып, тақырыптар бойынша ойтолғау.

2.Аңыз әңгімелер мен қазіргі әңгімелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашып жазу,

3.Электронды оқулықтан көрсетілген тест сұрақтарына жауап беру.


Диалог.Сын тұрғысынан ойлау

Кестемен жұмыс


Жұптық жұмыс


Мұғалім дұрыс жауапты айтады.

Қорытынды шығарады.Сабақ туралы ойларын айтады.
Дәптерге жазады.

Оқушылар жауапты белгілеп болған соң оң жағындағы оқушыға тексертеді,



Бағалау

(5минут)

Топ бағалаушыларының және өзін-өзі бағалау нәтижелерімен салыстырып, баға қою.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Балалар өздерін өздері бағалайды.Таратылған әріптерден басталатын сөз айту арқылы сабақтан алған әсерлерін айтады.

Рефлек-сия

(3 минут)

Бүгінгі сабақта нені білдім?

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?Бүгінгі сабақта алған біліміңді өмірде қолдану мүмкін бе?Мүмкін болса, қай жерде қолданар едің?Қалай ойлайсың?Бүгінгі сабақтан алған әсері жайлы стикерге жазып қою.


Сұрақ-жауап

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету



Өз ойларын стикерге жазады.

Үй тапсыр-масы

(1минут)

Аңыз әңгімелер оқу.

Деңгейлік тапсырмалар



Түртіп алу

Оқушылар үй жұмысын белгілеп алады.

«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын

орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітемін:

Мектеп директоры:А.А.Наимбаева

Ашық сабақ

А ң ы з ә ң г і м е л е р

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Кенжебаева Тоғжан

Сыныбы:9 «В»

2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет