Сабақтың атауы 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс Сілтеме



Дата31.12.2019
өлшемі125 Kb.
#55281
түріСабақ

Сыныбы

8


Күні:

Пәні

Қазақстан тарихы

Сабақтың атауы

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Сілтеме

Мерсер мен Литлтон (2007)Александр . Оқулық

Жалпы мақсаттар

Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызына түсінік беру.

Оқыту нәтижелері

өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

Негізгі мақсаттар

Топпен жұмыс жүргізу арқылы , жаңа сабақты ұғындыру




Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Қызығушылықты ояту


1.Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру,оқушыларды түгендеу, топ ережесін еске тағы бір рет түсіру

2.Топқа бөлу: 1,2 саналу арқылы топқа бөлу


Әр елдің амандасу салттарын көрсету арқылы психологиялық ахуал туғызу

Оқушылар топқа бөлінеді.Топта өзара әрекет етеді.Бір-бірімен пікір алмасады.Іштерінен көшбасшы шығарады



Миға шабуыл

Оқушыларға қиылған сурет таратылады. Олар оны құрастыруы керек. Құрастырып болған соң, тақтаға назар аударып тақтада жазылған өлең жолдарын оқиды:

Хан болды Кенесары Орта жүзге,
   Жайылды әруағы өзге жүзге.
   Хакім боп, жеті жұрттан иығы асты,
   Жарамас шөп салуға басқан ізге


  • Бұл өлең жолдарында кім туралы айтылған?

  • Кенесары хан туралы

Осы сұрақтар арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ,мақсатын ашады

Мағынаны ашу

Топтасу жасау: Кенесары кім?


Уақыты




Себебі




Сипаты




Қозғаушы күші




Мақсаты




Аумағы




Кімге қарсы болды




2-топқа (картадан негізгі оқиғаларын көрсету)

Маңызды оқиғалары






















3-топқа:

Жеңілу себептері

Тарихи маңызы

Көтеріліс жеңіске жетсе қандай өзгерістер орын алушы еді




Әр топтың ішінде тапсырмалар талқыланады, постерге кесте, тірек-сызба ретінде жазылады. Әр топтан қорғаушы шығып, берілген тапсырмасын қорғайды.


Ой қозғау

1-топқа:

Тест (Тест (1-5) жауабын бірден лупа арқылы тексеруге болады, (6-10) келесі бетін штор жауып қою арқылы қолданасыз)


1.1837-1847ж.ж. көтерілістегі Кенесарының әпкесі?
А) Бопай В) Сапара С) Томирис
2.К.Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды?
А) 1827-1837ж.ж. В) 1847-1857ж.ж. С) 1837-1847 ж.ж.
3.1844 ж. К.Қасымұлы ірі жеңіске жетті.Жеңіліске ұшыраған топты кім басқарды?
А) Лебедев В) Дуниковский С) Жантөре
4.Қай жердегі шайқаста Кенесары жеңіліс тапты?
А) Жетісу В) Тоқмақ С) Майтөбе
5.Кенесары бастаған көтеріліс қандай сипатқа ие болды?
А) Отаршылдыққа қарсы
В) Қоқан хандығына қарсы
С) Феодализмге қарсы
6.К.Қасымұлы қай жылы хандық билікті қолына алды?
А) 1837ж. В) 1845ж. С) 1841ж.
7.Кенесары көтеріліс барысында қандай мемлекет құрды?
А) Діни В) Феодалдық С) Олигархиялық
8.К.Қасымұлының көтерілісі Қазақстанның қай бөлігін қамтыды?
А) Тек қана Орта жүз В) ҰлыЖүз бен Кіші Жүзді С) Бүкіл Қазақстанды
9.1841 ж. К.Қасымұлын хандыққа сайлауға қандай оқиға себепші болды?
А) Жантөре ұлын жеңу В) Қоқан бекінісін алу С) Қырғызға жасалған жорық
10.Қай жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кірді?
А) 1845ж. В) 1846ж. С) 1847ж.

2-топқа: 5 жол өлең шығару

3-топқа: сәйкестендіру

Оқушылар жылдар мен болған оқиғаларды сәйкестендіреді.(Қалам арқылы апарады)


1841 ж. Кенесары Қасымұлы хан сайланды.
1842 ж. Орынбор губернаторы Перовскийді Обручев алмастырды.
1843 ж. Ресей императоры қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарды.
1844 ж. Кенесары хан сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.
1845 ж. Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді.
1847 ж. Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.




Рефлексия

ББҮ кестесін толтыру

Оқушылар бүгінгі сабақты ББҮ арқылы қорытындылайды

Бағалау

Оқушылар бірін-бірі «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалайды

«Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бірін бірі бағалайды

Үйге

«Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбында шығармашылық жұмыстар дайындау (Сөзжұмбақ құрастыру).

Оқу,қосымша материал жинақтау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет