Сабақтың атауы 2-сыныпта өткенді қайталау Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет9/14
Дата04.07.2018
өлшемі1,8 Mb.
#46581
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сөз құрамы туралы берілген білімді еске түсіру

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

2-ші сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу;

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау;

2.Дамытушылық: сөзді талдау қабілеттерін дамыту;  сөз мағынасын ұғыну қабілеттерін дамыту,белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа  тәрбиелеу;

Сабақ түрі : қайталау сабағы

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік


Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:

жалғау түбір жұрнақ

Мысал келтіріп оны сөз құрамына талда ауызша.
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Оқулық бойынша жұмыс

1-топ


Еріншек, ерініп, еңбеккер, еңбегін, еңбектің.
Түбірдің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.
Дәптермен жұмыс
Каллиографиялық минут
Дд Бб Ии Жж Кк Ққ
Жаз жаңбыр бақытты гүлдеді жасыл жүрді
Берілген сөздерге сұрақ қой ,мағынасын түсіндір. Неге сұрақтары әр түрлі?
2-топ

Көн нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жаз.


Еңбектің… нан… тәтті, жалқау… жан… тәтті.
Ер… ат… еңбек шығарады.
Жер… бай…-ел… бай.
3-топ

Ойын «Жапырақтың сыңарын тап»

Оқу бал лық ық қалам тер дар тарақ тар

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау



Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Түбір сөз және туынды сөз

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: негізгі түбір мен туынды сөздерді салыстырта отырып, жұрнақтың қызметін түсіндіру; туынды сөздердің түбірін табуды үйрету; сөздік қорын дамыту.

Сабақта қолданылатын әдістер:

Венн диаграммасы, «Топ тастыру» стратегиясы.


Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға карточка тарату.

1.Түбір дегеніміз не?

Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағнасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман.

2.Жұрнақ дегеніміз не?

Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағнасың өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.

3.Жалғау дегеніміз не?

Сөздің мағнасың өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз



Мағынаны тану

«Түбір сөз  және туынды сөз»

Ал оқушылар біз жаңа сабағымызды бастамай тұрып сұрақтарға жауап берейік;

1.Балалар қазір қандай мезгіл? ҚЫС

2.Қыста қандай өзгерістер болады? ҚАР ЖАУАДЫ,БОРАН БОЛАДЫ.

3.Қыста қандай мерекелер болады? ЖАҢА ЖЫЛ

Ал сендер шырша безендіргенді ұнатасындар ма?Ендеше бүгін біз шырша безендіреміз. Ол үшін сендер әр шыршаның ойыңшығында берілген тапсырманы орындауларын қажет. Әр орындалған тапсырма шыршаға ойыншық болып ілінеді. Кәне оқушылар шыршаны әдемі безендіруге тырысайық.

Безендірмес бұрын шыршаның бізге берілген ережесі бар екен орындаймыз ба? Оны жаттап алу керек. Келісемізбе?

Ереже

Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз туынды сөз дейміз:ерлік татулық жұмысшы



Ал ережені түсінсек ендеше мына жәшіктегі ойыншықтағы   тапсырмаларды  орындайық

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

Басылады


Ой толғаныс

Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Сұрақтар қою

1.Түбір дегеніміз не?

2.Туынды сөз дегеніміз не?

3.Туынды сөзге мысал келтір.

Жұмбақтарды оқып, шешуін тап.

                    Кімнің ұшқыр ойы?

                    Сайысатын кімдер,айт,

                    Екі тайм бойы?



ш

а

х

М

а

т

ш

ы

                         

                     Кімнің ұшқыр ойы ?

                     Сайысатын кімдер,айт,

                     Мұзда үш кезең бойы.



х

о

к

К

е

й

ш

і




Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Түбірлес сөздер

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты:

1 Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасату арқылы «түбірлес сөздер» туралы теориялық ұғым қалыптастыру, білімдерін толықтыру.

2 Дамыта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесін дамыту.

3 Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

сұрақ-жауап, жаттығу, кітаппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, өз бетінше жұмыс, көрнекіліктер, ойын, сергіту сәті, ажырату, дәлелдеу, ізденушілік.

Сабақтың көрнекілігі:

суреттер, тірек-сызбалар, ойын құралдары, тапсырмалар,

интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың принциптері: біртұтастық, жүйелілік.

Технология: ақпараттық технология,бейнелеу,дене шынықтыру.


Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Психологиялық сәт:

1-слайд. Тақтада қыс көрінісі.

М. Қазір жылдың қай мезгілі?

О. Қыс мезгілі.

М. Қыстағы табиғат құбылыстарын атаңыздар?

О. Қар жауу,мұз қатады,аяз түседі,боран соғады,қырау қатады,дала ақ мамыққа оранады.

М. Жақсы олай болса орынымыздан тұрайық,бүгінгі сабағымызға сәттілік тілей отыра,мына өлең жолдарын хормен айтамыз.

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Жаңа жауған қардаймыз.

Ақпыз, пәкпіз,тазамыз,

Біз білімді баламыз.



Мағынаны тану

Жаңа материалды игеруге дайындау кезеңі.

2- слайд .Интерактивті тақтада мына сөздер көрсетіледі

Су,суат,сушы,суық,сулы,сусын,сулық.

Сөздерді оқыту,әр сөздің мағынасын ашу,сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.

М. Қандай ерекшелік байқадындар?

О. Барлық сөздің түбірі бірдей.

М. Ондай болса, қандай қорытынды жасауға болады?

О. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасауға болады. 3, 4 оқушы өз ойларын айтады.

ІV. Жаңа білімді игеру кезеңі.

М. Олай болса, тақтаға қарап ережені хормен оқиық. Бұл сөздер түбірлес сөздер деп аталады.

3- слайд. Ереже. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер деп атайды.

М. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Түбірлес сөздер деп аталады.

М. Енді, балалар, дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық.

Гүл гүлзар гүлдер егін тігінші


Гүлім гүлзардағы гүлдерге су құйды.

4 -слайд. Топпен жұмыс.

Тапсырмалар: Сөздердің түбірі мен қосымшасын сызықпен бөліп көрсету, әр сөздің мағынысын ашу, түсіндіру.

I топ. Ойыншы, ойыншық, ойна

II топ. Балалық, балақан,балапан

III топ. Басшы,бастық,басқар

Тапсырманы үш қатардан үш оқушы шығып,тақтаға орындайды. Қалғандары дәптерге өз бетінше орындайды.

I ойын-шы,ойын-шық,ойн-а

II Бала-лық, бала-қан,бала-пан

III топ. Бас-шы,бас-тық,бас-қар

Әр түбір сөз бен туынды сөздің мағынысын оқушылар өздері айтып отырады.



5- слайд. Есте сақтау диктанты.

Шалғышы жаңылтпаш

Шалғы алды сурет арқылы

Шаңғышы


Шаңғы алды көрсетіледі

Жатқа жазып,түбірлес сөздерді табу,сөз құрамына талдау.оқушылар бірін – бірі бағалайды.



6- слайд. Ойын тапсырма Спортшығы не жетіспей тұр?

М. Қазір жылдың қай мезгілі?

О. Қыс.

М. Қыста ойнайтын қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?



О. Шаңғы тебу, коньки тебу, хоккей ойнау, т.б.

М. Өте жақсы. Олай болса, мына ойын-тапсырманы орындайық.

Тақтада шаңғышы, хоккейші, конькиші суреті корсетіледі.

М. Бұл спортшыларға не жетіспей тұр?

О. Шаңғышыға шаңғы жетіспейді.

М. Олай болса, мына тапсырманы дұрыс орындасаңдар, шаңғышы өз шаңғысын ала алады.

1 тапсырма. «біл» сөзіне түбірлес сөз жаз.

1 оқушы орындайды, білім, білгір, білгіш, білімді.

М. 2 тапсырманы орындасақ, конькиші өз конькиін ала алады.

2 тапсырма. Қыс, қыстау, қыстық, қысқыш түбірлес сөздердің түбірін тап.

М. Ал хоккейшіге ойнау үшін не жетіспейді?

О. Шайбасы.

М. Хоккейші шайбасын алу үшін мына тапсырманы орында.

3 тапсырма. Сөздерді сөз құрамына талда.

Сызғыш, сәнқой, әнші, көлшік.

Оқушылар тапсырманы дұрыс орындағанда спортшылар суреті көрсетіледі. Әр оқушыны мадақтау.



Сергіту сәті

Сыңарын тап» ойыны.

Ойын мақсаты: түбірлес сөздерді табу, жаңа тақырыпты игергеніне көз жеткізу.

Тақтада түрлі түсті қолғаптардың суреті көрсетіледі. Олардың әр қайсысының сыңары әр жерде тұрады. Әр қолғаптың үстінде түбір сөздер мен жұрнақтар жазылған. Қолғаптың сыңарын дұрыс табу арқылы түбірлес сөз шығару керек.

Шыққан сөздерді жай тақтаға жаздыру.



Ой толғаныс

Қыс. Біз қандаймыз, қандаймыз,

Жаңа жауған қардаймыз

Ақпыз, пәкпіз, тазамыз

Біз білімді баламыз

М. Өмірлерің қыстың аппақ қарындай ақ, таза болсын деп тілей отыра бүгінгі сабақта көрсеткен білімдеріңді мынадай ақша қарлармен бағалаймын.

Оқушылар қаршалармен бағаланады.



Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты : Білімділік Оқушылардыдың түбір мен қосымшаның жазылуы туралы түсінік қалыптастыру және оны меңгеру қосымшалардың жазылу ережесін білу меңгеру.
Дамытушылық : Оқушыларды ойын арқылы ой-өрісін , логикалық ойлауы мен дүние танымын , есте сақтау қабіліттерін , жалпы оқуға деген қызығушылығын іскерлігін дамыту .
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты , әдемі, жазуға , тиянақтылыққа , ұжымдыққа, әдептілікке , қазақ тілін қастерлеуге , өз білімін көпшілік алдында көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : ойын -сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілі : Сұрақ –жауап , ой жинақтау , ереже айту, мақал- мәтел , таза жазу минуты, сурет бойынша жұмыс , көрініс.

Психологиялық ахуал

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру

а) писихологиялық дайындық
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте .
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте. Ана тілімізді құрметеп , тілімізді білуіміз біздің басты міндетіміз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

 Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.


- Сөз құpaмына не жатады?
- Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр.
- Түбiр сөз дегенiмiз не?
- Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
- Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау



Сергіту сәті

Түбір болып жасаймыз,
Қосымшасы мынадай.
Екі түрге бөлініп,
Шығып алды осылай,
Жұрнақ ,жалғау кәнекей,
Жасап көрші қайталай.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Топтық тапсырма Әр топқа жеке – жеке тапсырма беріледі.
І топ Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз.
Тарақ ----- і
Кәсіп -----ы
күрек ----ы
Қалақ -----і
ІІ топ Берілген түбір сөзден бірнеше туынды сөздер жасап жаз.
Бала -лық,-(қай)
Оқу -лық,-(шы)
ІІІ топ Сызба бойынша сөздер тауып жаз.
Түбір + жұрнақ
Түбір +жұрнақ + жалғау
Түбір +жалғау +жалғау
Әр топ басшысы қорытынды жасайды.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Диктант

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Диктантты қатесіз,сауатты жазуға үйрету. Ой белсенділігін дамыту. Сауаттылыққа тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Алакүшік

Арсаландап артынан қалмайтын ала күшікті Алмас ұнатып қалды. Ол күшіктің түріне қарап Алакүшік деп атады. Бауырын жаңа көтерген Алакүшік құлдыраңдап жүгіреді. Шәуілдеп үретінді шығарды. Алмастың қасынан бір елі қалмайды. Әбден бауыр басып алды. Алмастың да төсектен тұра сала іздейтіні – Алакүшік. Өзі көзінен таса қылғысы келмейді. (45сөз)

Жазылуы қиын сөздер: арсалаңдап, құлдыраңдап.

1.Мәтіннен у әрпі бар сөздерді теріп жаз. Оларды буынға бөліңдер.

2.Дауыссыз дыбыс орнына жұмсалып тұрған у әрпі бар төрт сөз жазыңдар.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс




Сәйкестендіру тесті.


1. Түбір сөз ---------------------------------- 1. оқу, оқушы, оқулық
2. Туынды сөз ------------------------------- 2. қалалар
3. Түбірлес сөздер ------------------------ 3. жауып
4. Жуан айтылатын сөздер ------------- 4. мерекеңізбен
5. Жіңішке айтылатын сөздер --------- 5. бала
6. Жазылуы өзгерген түбір сөздер --- 6. жазушы

Үйге тапсырма

Қайталау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сөз таптары туралы өткенді қайталау

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: Сөз таптары  туралы өткенді пысықтау. Зат есімнің, етістіктің, сын есімнің, сан есімнің сөйлемдегі қызметі, сұрақтары  туралы қайталау. Оқушылардың  сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. Оқушыларды  дұрыс сұрақ қоя  білуге үйрету, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ- жауап, пікірлесу, әңгімелеу, көрнекілікпен жұмыс

Сабақтың типі:  жаңа білімді меңгерту

Сабақтың формасы: сыныптағы сабақ

 Көрнекілік: суреттер, тапсырмалар, жұмбақтар, логикалық тапсырмалар, флипчарттар, ойындар



Психологиялық ахуал

а) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

ә) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;



Психологиялық дайындық.

Күлім қағып қолымызды  қошеметпен соғайық,

Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық.
Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен, 
Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік.

Ерте, ерте, ертеде біз білмейтін «Сөз таптары» патшалығы болыпты. «Сөз таптары» патшалығының Зат есім, Етістік, Сан есім, Сын есім атты төрт  ханзадасы болыпты. Патшалық сан қилы құпиялар мен жұмбақтарға, қызықты сырлар мен тапсырмаларға толы екен. Сол «Сөз таптары» патшалығын саяхаттай отырып,  кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, әр тапсырманың дұрыс шешімін таба білулеріңе тілектеспін.



Қызығушылықты ояту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Көктем» тақырыбына өлең құрастыру.

(Сөз таптарын табу, сұрақ қою)

ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру сәті.

Сызба бойынша жұмыс.



Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

  • Ұқсастығы мен өзгешеліктерін ата.

ЕРЕЖЕ.

  • Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Сұрақтары:  кім? не? кімдер? нелер?

  • Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?

  • Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сұрақтары: қандай? қай?

  • Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сұрақтары: қанша? неше? нешінші?

ІV. Жаңа сабақты меңгерту 

1. «Жасырынған сөзді тап» ойыны



к

ө

к

Т

е

м

а) Аппақ болып гүл тұрар,                                                         в) Ұшып жүрген гүл көрдім,

    Жылына бір құлпырар. (Жеміс ағашы)                                      Қонғанда ұстап үлгердім. (Көбелек)

ә) Жатты да жатты,                                                                      г) Күн күледі,

    Жылғаға тартты.  (Қардың еруі)                                                Жер түледі.  (Көктем)

б) Ақ сиыр тұрып кетті,                                                              д) Қырға кілем жайылды. (Қызғалдақ)

Қара сиыр жатып қалды.  (Қыс пен көктемнің ауысуы)

«Көрікті көктем» тақырыбына шағын әңгіме құрау.

Зат есімді табу, сұрақ қою, зат есімнің астын сызу.

V. Жаңа сабақ бойынша тапсырма орындау сәті.

 2. «Жалғасын тап» ойыны. Мақалды толықтыру, етістікті табу, сұрақ қою.

Ата-ананың сөзін жерге тастама,

Байып алсаң – менмендікке бастама.

 Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Қарт кісіні қадірле,

Өзің де қарт боларсың.

Ана сүтін ақтамағанды,

Ешкім мақтамайды.

Ана туралы өлеңдер оқу.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау


Сергіту сәті

«Орнын тап» ойыны. Сөздердің орнын ауыстырып сөйлем құрау, сын есімдерді табу, сұрақ қою.

а) Көтерді, үйлер, биік, бой, қалада.

ә) Оқыды, Қайрат, кітап, қызықты.

б) Терді, бақшадан, Айгүл, алма, қызыл.

в) Бар, Айжанның, добы, ала.


Ой толғаныс

Ойлан, тап. Математикалық жұмбақтар шешу, сан есімді табу, сұрақ қою.

а) Бір топ бала тоғаннан,                                                 б) Алпыс ала қарға,

Жиырма бес балық ұстадық,                                          Қырық қара қарға.

Бөліскенде оларды,                                                          Ұшады, қонады.

 Тиді әркімге бес балық. (5 бала)                                      Барлығын қоссаң, қанша болады?     (100 қарға)

ә) Бес бұтақты шыршада,                                                 в) 13 түйе, 5 жылқы,

Бұтақ сайын алты алма.                                                   7 сиыр, 5 ешкі.

Біреуін берсе Айдарға,                                                    2 қоян, 3 түлкі,



Болды сонда қанша алма? (шыршада алма өспейді)    Таба алмасаң бұл күлкі!  (35)

Санамақтар айту.

1. Логикалық тапсырмалар.

  • Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

  • Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

  • Қоянға (көк), түлкіге (сары), аюға (қызыл) үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

  • Отбасында төрт бала бар. Қыздар қанша болса, ұлдар сонша. Отбасында қанша ұл, қанша қыз бала бар?

  • Екі сыныпта 50 орындық бар. Бір сыныптан 10 орындықты алып кеткенде, екі сыныптағы орындықтар саны бірдей болды. Бастапқыда әр сыныпта неше орындықтан болған?

  • Әжесі немерелеріне 10 сырға және 2 машина алды. Әжейдің неше немересі бар? Нешеуі ұл , нешеуі қыз ?

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет