Сабақтың атауы 2-сыныпта өткенді қайталау Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет14/14
Дата04.07.2018
өлшемі1,8 Mb.
#46581
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Диктант

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Диктант жаздыру. Оқушылардың есте сақтау,көркем жазу қабілеттерін дамыту.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Мағынаны тану

Құмырадағы су

Қорада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Бір кезде қара қарға құмыраның қасына келіп қонды. Оның су ішкісі келді. Құмыра болса биік. Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Қарға жерде жатқан тастарды көрді. Ол тастарды тұмсығымен тістеп, құмыраға тастай бастады. Су көтерілді. Қарға құмырадан су ішті. Қарға айласын асырды.

(48 сөз)


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма

1. Маржан төсек... тұрды. Ол төсек... жинады. 2. Кітап... күтіп ұстау керек. 3. Біз жексенбі күн... саябақ... бардық. Жапырақ жер... түсіп жатыр. 4. Сынып іші айна... тап-таза. 5. Апасы Әйгерімге сыз..., өшір... сатып алып берді.



  • Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жаздыру.




Үйге тапсырма

Қайталау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сан есім

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы алған білім, білік дағдыларын еске тусіре отырып, сан есім туралы түсініктерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту. 
2. Тәрбиелік: Сауаттылыққа,ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, кәсіптік бейімдеу жұмысын жүргізу. 
3. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру. 
Сабақтың түрі: Аралас. 
Сабақ әдістері: Ойын, дамыта оқыту технологиясының әлементтері, топпен жұмыс. 
Сабақ көрнекілігі: Сызбалар, суреттер, слайдтар. 

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

- Қане, балалар, мені көріп тұрғандар 1 шапалақ, естіп тұрғандар 2 шапалақ, сабаққа дайын оқушалар 3 шапалақ. 


2. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту: 
Балалар, бүгінгі сабағымызда біз журналисттер болып, газет шығарамыз. 
- Журналист деген қандай маман? 
- Олар не істейді? 
- Қандай журналисттерді білесіңдер? 
Біз де бүгінгі сабақта журналист болып, газет шығарамыз. Ал біздің газет қалай аталады деп ойлайсыңдар? 
Сендерге көмектесейін. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Сан есім». Сондықтан газет те «Сан есім» деп аталады. Сабақ барысында сан есім туралы алған білімімізді қайталаймыз және осы тақырыпта білімімізді көтеріп отырамыз. 
Біздің редакцияда 3 топ журналисттер отыр. Бірінші топ «Тілшілер», екінші «Суретшілер». Ал үшінші топ «Редакторлар» деп аталады. Тапсырманы топтар бірігіп жасайды, сондықтан бір-бірімізге көмектесіп, бірлесіп отырамыз. 
3. Үй тапсырмасын тексеру: 
- Есепжұмбақтың шешуін айтыңдар. Дәлелдеңдер. 
4. Көркем жазу: Журналисттер тез және әдемі жазу керек. Қай топ тез орындайды екен.
Бб Дд 
Бірінші байлық – денсаулық. 
5. Сан есімді пысықтау: 
• Берілген сұрақтардың арасынан сан есімнің сұрақтарын ғана теріп жазамыз /тапсырма топпен жеке бетке орындалады/. 1 минут уақыт беріледі. Тапсырманы аяқтаған топ бірлесіп қолдарын көтереді. Әр топтан жеке бала шығып, беттің парағын тақтаға іледі. Талданады. 
• Сөздерді шешіңдер. Олардың арасынан тек сан есімдері белгілеңдер. 
удейле /елудей/ бірүт /түбір/ себуе/бесеу/ 

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Әдемі сурет

Дайын қағаз, қаламым,

Бояу таңдап аламын.

Ақ көгершін, көк аспан,

Суретін мен салмын.

А.Бақтыгереева

Сан есімнің астын сыздыру. Сын есімдерге сұрақ қойғызу.

Жұмбақтар

Кімге керек бұл өзі?

Қызға керек!

Төмен қарап өседі екі терек.

(Қос бұрым)

Шеңбер жасап өседі,

Желмен бірге көшеді.

(Қаңбақ)

Мақал-мәтелдердің құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып жазыңдар. 

Білекті /бірді/ жығар, 


Білімді /мыңды/ жығар. 

/Алтау/ ала болса, 


Ауыздағы кетеді. 
/Төртеу/ түгел болса, 
Төбедегі келеді. 

Анадан артық дос бар ма? 


Ашудан жаман қас бар ма? 
/Жиырма бестен/ жақсы жас бар ма? 
Қымыздан тәтті ас бар ма? 

/Алты/ ұл тапқан ананы "ханым" десе болады. 


Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады. 

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындату

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сан есім

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Оқушыларды сан есім және оның сұрақтарымен таныстыру. Сұрақтарды дұрыс қоя білуге, оларды бір - бірінен ажырата отырып сан есімге байланысты жаттығуларды дұрыс орындау үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайтып, білімдерін толықтыру. Сауатты жазуға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Мейрімділікке, халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін құрметтеуге, ұқыптылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ертегі суреттері, таблица, карточкалар.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу.


1. Онның жартысы
2. 6 ондық
3. жоқ сан
4. Қасиетті сан
5. 100 - ден оны кем сан
6. Бірліктің ең кішісі
7. Төрт орынды сан
Сонымен бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Сан есім

Мағынаны тану

А) 7 саны туралы не білесің?


- 7 лақ, 7қарақшы, 7 шелпек, 7 қазына, 7 ата, 7 жұп т. б
Б) Әр топқа 7 киелі санға тоқтаймыз.
1 - топ
1) Әке
2) Бала
3) Немере
4) Шөбере
5) Шөпшек
6) Немене
7) Туажат
2 - топ
1) Құрғақшылық
2) Жұт
3) Өрт
4) Оба
5) Соғыс
6) Топан су
7) Зіл зала
3 топ
1) Ер жігіт
2) Сұлу әйел
3) Ақыл, білім
4) Жүйрік ат
5) Берен мылтық
6) Құлмай тазы
7) Қыран бүркіт

Оқулықтағы тапсырмаларды орындату

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сөздік диктант ( сан есімді табу )
Төрт аяқтап жүрсе де,
Тіршілікте бір озбаған.
Жүз жыл бойы кисе де,
Кәжекейі тозбаған. ( тасбақа )
Ойын « өз орнын тап».
Орны ауыстырылып берген сөздерден сөйлем құра.
1 - топ Мұрат бес алды әдемі қалам
2 - топ Асанның лағы сүйкімді екі бар
3 - топ Болат оқиды сыныпта екінші
Бүгін сабақта не білдіңдер?
Сан есім
Есептік Қанща? неше? нешеу?
Реттік Нешінші?
Қосымша сұрақ қою.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Бақылау диктанты

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Диктант жаздыру. Қатесіз,дұрыс әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Мағынаны тану

Емен.

Емен – қатты ағаш. Ол ежелден шаруашылық үшін бағалы боп есептеледі. Еменнің сүрегін көпір діңгектерін, кемелер мен вагондар жасауға пайдаланады. Одан ұзаққа шыдайтын үйлер тұрғызады. Еменнен әдемі фанер, тамаша паркет дайындалады.

Еменнің жемісінен крахмал және спирт адады. Шошқажаңғақтар кейде кофе алмастырғыштарын даярлауға да жұмсалады. Шошқажаңғақ – шошқа үшін тамаша азық.

(48 сөз)



Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Кім көп біледі?

Бояулар: көк, көкшілт, ...

Өлшемдер: ұзын, биік, ...
Терме диктант

Құлыншақ

Жібек жалды құлыншақ,

Бөкен санды құлыншақ.

Құндыз жүнді құлыншақ,

Қоңырау үнді құлыншақ.
Қияқ құлақ құлыншақ,

Болат тұяқ құлыншақ,

Құлыншақты ноқталап,

Сылап-сыйпап міне шап.



Оразақын Асқар

  • Сын есімдерді теріп жаз, сөйлем құрастыр.




Үйге тапсырма

Қайталау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет