Үй тапсырмасын сұрау
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
|
Ой толғаныс
|
Енді «Бәйге» жарысын әрі қарай жалғастырамыз. Балалар, «Бәйге» жарысында аттар жаратылып, бәйге қосылады. Озып келген ат бәйгені алады. Біз де үш топ болып бәйгеге шабамыз, өз білімімізді көрсетеміз. Өткен сабақ бойынша тапсырмалар орындалады, оған «Орамал тастау» ойынын ойнаймыз. Ойында ойнаушылар екі топқа бөлініп, қарама – қарсы отырады. Жүргізуші бірінші топтың шеткі ойыншысына сөздің бірінші бөлігін айтып орамал лақтырады. Қағып алған ойыншы тез сөз шығатындай етіп екінші бөлігін табады.
Мысалы: опыр – топыр, тарс – тұрс, маң – маң, жалт – жұлт, далбаң – далбаң, тасыр – тұсыр, шаң – шұң, арс – арс, ербең – ербең т.б.
Еліктеу сөздің түрлерін атап кету
2. Еліктеу сөздерді етістіктермен тіркестір және сөйлем құра.
( ... қарау, ... күлу, ... құлау, ...жүру, ... шайнау, ... соғылу, ... секіру)
Мысалы: жалт қарау. Айнұр артына жалт қарады.
Жаңа сабақ.
- Балалар, сіздер бәйгеге шабамыз деп шаршадыңдар ма?
- Иә
- Ал адамдар шаршағанда не істейді?
- Уһ, аһ!
- Ал қуанғанда не дейміз?
- Алақай!
- Көпшілігіміз жер үйде тұрамыз, малдарымыз бар. Оларды қарату үшін не істейміз?
- Шақырамыз.
- Міне, біздің бүгінгі жаңа сабағымыз « Одағай, оның түрлері»
Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе жан – жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп аталады.
Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйін білдіреді немесе жан – жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады.
Мысалы: Паһ, мықты екен – ау мынау мұндар! Қап, барлық еңбектері далаға кетеді –ау! Аухау – аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді.
Берілген мысалдардағы паһ, қап, сүйсінуді, өкінуді білдірсе, аухау – аухау сиырды шақыру үшін айтылады.
Одағайда, біріншіден, лексикалық (негізгі) мағына болмайды. Екіншіден, сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.
Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай – пай, туу, уһ, әттең т.б.
2. Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді.
3. Олар: құрау – құрау, шөре –шөре, көс – көс, айт, қош – қош, моһ –моһ, құр – құр, кә – кә, пырс т.б.
Одағайлар сөйлемдегі ойға қатысты болғанымен, толық мағынасы жоқ, жеке сөздермен байланысқа түспейді, олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды.
Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді. Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін түір қойылады. Мысалы: Ту, не деген рақат еді!
Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Мысалы: Тұрсам, о тоба-ай, айнала көк шалғын!
Одағай сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Мысалы: Пай –пай! Шіркін қазақтың келіндері –ай!
Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: пай-пай, құрау- құрау, құр-құр т.б.
Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес, яғни әр түрлі көңіл күйін, мәнін білдіруге байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Диалогта кейде одағайлар осы мәндеріне лайық бір сөйлемнің орнына да жұмсала береді. Мысалы:
- Жаңа бір күш біткендей болды.
- Бәрекелді!
- Япыр-ай, ә!
Жаңа сабақ бойынша түсінбеген сұрақтарыңыз болса, сұраңыздар. Болмаса, біздің аттарымызға қарайық, бәйгеден қайсысы озып келеді екен. Бәйге ары қарай жалғасады. Келесі ойынымыз «Көкпар» ойыны.
( 6 оқушы қатысады) «Көкпар» ойынын теледидардан көріп жүрміз, күшті аттар мен қарулы жігіттер сайысады. Көкпарға сірке тігіледі.
3 оқушыға карточка беріледі.
Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар. Үлгі: туу – көңіл күйін білдіретін одағай.
№1
- Түу, есім жаңа кірді ғой! – Ой, обал-ай! Баласын да тоса алмады. – Уһ, кішкене бел жазайыншы... –Апырай – ай, мына дүлей тіршілікте көк мұздай тас бауыр екен – ау! –Е, бәрекелді, үйірімен үш тоғыз!
№2
- О-о!-деді князь боямашы тағзым жасап. О, ғажап! Жат адам қатарласа шауып, қолын шылбырға соза берген. Япырай –ай, сонау Сүйіндіктен осы араға келіп жүргені.
№3
Бүгін, менің туған күнім, ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім – ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны –ай!
3 оқушы тақтада сөйлем талдайды.
1 оқушы интерактивті тақтада, екі оқушы жай тақтада
1. Наурыз – көктемнің бірінші айы (морфологиялық талдау)
Биыл ауыл жылы болып белгіленді (инт. тақта)
2. Наурыз шешек Қазақстанның таулы аймақтарында өседі.
3. Наурыз шешек сөзіне – математикалық жолмен фонетикалық талдау жасау.
4. Қазақтың ұлттық ойындары – Көкпар, Ханталапай, Орамал тастау.
Қазақтың деген сөзге фонологиялық талдау жасау ( буын түрі, тасымал, үндестік заңы)
Осы кезде І деңгейлік тапсырма. Өз бетімен жұмыс. «жаттығу жұмысы)
ІV. Топ басшылары үш тақырыпта «Көктем», «Наурыз», «Дәстүр» тақырыбына ой толғау жазады.
Сабақты бекіту.
Жарысымыз әрі қарай «Ханталапай» ойынымен жалғасады. Ханталапай ойынын асықпен ойнаймыз. Бұрын хандар тағына таласқан. Ал біз білімділігімізбен таласамыз. Бұл ойынға 5 оқушы қатысады. Әр оқушы екі сөзден алып, сөйлем құрайды.
№1 карточка.
Алақай, құрау – құрау. Осы одағайларды қатыстыра сөйлем ойла.
№2 карточка.
Бәрекелді, қош – қош одағайларын қатыстырып сөйлем ойла.
№3 карточка
Әттең, пай –пай одағайларын қатыстырып сөйлем ойла.
№4 карточка
Алақай, пай – пай, уһ, қап, тәйт одағайларын қатыстырып, шағын мәтін құра.
№5
Әттең, ойпырай, тамаша, шөре –шөре, тек одағайларын қатыстырып шағын мәтін құра.
Сабақтың бәрі баллмен бағаланады.
15 балл – 5 (қызыл түс)
10 балл – 4 (көк түс)
5 балл – 3 (сары түс)
Әрбір топ басшысы балл бойынша айтып, оқушыларды бағаладым. Сынып деңгейі жақсы, оқушылар түгел қатысып отырады.
Үйге тапсырма. Ережені толық оқу.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |