Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
|
Сергіту сәті
|
«Жаз келді, алақай!» Қимылмен көрсетіп, әнді айту.
Балақай-ау,балақай,
Жаз келеді,алақай!
Жалаң аяқ жүреміз,
Балақты да түреміз.
Сайдан жидек тереміз,
Көлден балық сүземіз,
Жалтылдатып тіземіз.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
|
|
Ой толғаныс
|
Одағай
Көңіл күй-----Шақыру------Жекіру
- Ендеше, үш одағайдың түрлеріне бір-бір одағай айтып, көркем етіп жазалық.
Бәрекелді, шөре - шөре,тәйт. Берілген сөздерді дәптерге жазып алу.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын сызыңдар.
1. Әй, шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр, соған сәлем бер.
2. Уа, қой деймін,бала!
3.О йпырым-ай, мынау не деп отыр өзі?
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.
1. ..., әжем ауылдан қонаққа келді!
2. ..., мынау не деп тұр!- деді атам.
3. ..., ... әзер жеттім.
Керекті сөздер: аһлеп, уһлеп, алақай, ойпырым-ай.
ІІІ деңгей
Төмендегі одағай сөздермен сөйлем құраңдар.
Шіркін-ай, әй, ух, ойпыр-ай,қап.
|
Достарыңызбен бөлісу: |