Сабақтың атауы 3-сыныпта өткенді қайталау Жалаң және жайылма сөйлем Сілтеме



бет17/20
Дата28.01.2018
өлшемі4,78 Mb.
#34363
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20



Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Үстеу




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Оқушыларға үстеу туралы түсінік беру, ол іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Ауызекі және жазба жұмыстарын өткізу арқылы тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды сауатты жазуға, бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға, адам бойындағы жақсы қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, ребус, топтамалар.




Жалпы мақсаттар




Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Үй тапсырмасын сұрау


Үй жұмысы жазылған дәптерлерін тексеру




Қызығушылықты ояту

Тілімізде қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын т. б. сипаттарын білдіретін сөздер үстеу деп аталады. Мысалы: Биыл өнім жақсы шықты. Мен жаяу келдім. Асан ентігіп сөйледі. Көріп отырғанымыздай биыл, жақсы, үйге, жаяу, ентігіп деген сөздер тікелей етістікке, демек қимылға қатысты болып, солармен тіркесіп жұмсалған. Бірақ сөйлемде ондай мағынада қолданылатын сөздердің бәрі бірдей үстеу бола бермейді. Сөйлемде қимыл, іс - әрекеттің, сын - сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай - күйін білдіріп, өзертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздерді үстеу дейміз.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.






Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу




Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.






Ой толғаныс


Жұмбақтар

1.Жылт-жылт етеді,

Әдейі тепшіп өтеді.(Ине)

2.Жардай дәулер соғысты,

Кезек-кезек оқ ұшты.(Бұлт пен найзағай)

1.Таңертең тұрдым,

Екі сайды қудым.(Адам мен шалбар)

2.Күндіз қашады,

Түнде аспанды басады. (жұлдыз)





Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.







Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Үстеудің түрлері




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

 Үстеу туралы алған білімдерін сыныптан тыс жерде пайдалану, мағынасына толық, жан-жақты  талдау,    өзіндік ой-пікір қорыта білу, ойды мәнерлі, әуезді жеткізе білу шеберлігін ұштау, топтық жұмыстарға ынтамен белсенді араласуын дамыту. 

Нәтижесі:Топта еркін жұмыстана алады. Тақырыптан  ереже шығарып, сөйлемді талдауға үйренеді.Түйінді идея:тіл мәдениетін, сөз мәдениетін  жетілдіру. Өз-өздерін бағалауға үйреніп, сыни ойлай алады.






Жалпы мақсаттар




Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Үй тапсырмасын сұрау


1. Үстеудің құрамдық бір түрі (күрделі)
2. Сөз табының бірі (етістік)
3. Үстеудің сұрағы (қайтіп?)
4. Үстеудің мағыналық бір түрі (мөлшер)
5. Сөз табының бір түрі (шылау)
6. Үстеудің сұрағының бірі (қалай?)
7. Ауылда сөзі үстеудің қай түріне жатады? (мекен)
8."Таңертең" деген үстеудің жасалу жолы (бірігу)




Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

- Үстеудің мағыналық неше түрі бар?


- Әрқайсысына тоқталып, мысал келтір.
- Бір - бірінен қандай айырмашылықтары бар?




Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу




Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.






Ой толғаныс


Тест сұрақтары төмендегідей:
1. Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетіңіз:
А) жоғары өрледі Б) қысы - жазы үзілмейді
Ә) ышқына соқты В) ілгері кетті
2. Мекен үстеулі тіркесті көрсетіңіз:
А) былтыр көрген Б) ілгері жылжыды
Ә) тағы да келді В) ән салды
3) Күшейткіш үстеуді табыңыз:
А) тіпті, әбден Б) емін - еркін, әрең
Ә) амалсыздан, босқа В) онша, әжептәуір
4. Сын - қимыл үстеуді табыңыз:
А) қолма - қол жұмсады Б) бірталай отырды
Ә) қасақана кешікті В) ерен еңбек етті
5. Мөлшер үстеуді табыңыз:
А) әдейі, жорта Б) дәл, сақ, нақ
Ә) лажсыздан, амалсыздан В) анағұрлым, неғұрлым
6. Мақсат үстеуді табыңыз:
А) қазір келді Б) босқа кетті
Ә) жорта үндемеді В) сөйтіп, қаннен - қаперсіз
7. Себеп - салдар үстеуді табыңыз:
А) құр босқа бақырған Б) әлгінде келіп кетті
Ә) ендігәрі келмейді В) қыруар әңгіме айтылды
8. Күрделі үстеулер тобын белгілеңіз:
А) биыл, таңертең, жоғары - төмен Б) ертең, шалқасынан, ақырын
Ә) бүгін, жылдам, тез В) ауылда, әдеппен, алға қарай




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.






Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Үстеудің түрлері




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үстеу және оның сөйлемде атқаратын

қызметі жөнінде мәлімет беру. Оқушыларда мәтін

ішінде үстеулерді ажырата білу қабілеттерін

дамыту. Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру

Әдіс-тәсілдері: Ұжымдық оқыту әдісі, интерактивті технологияны

қолдану.

Көрнекілігі: жетекші карточка, тапсырмамен өзара алмасу карточкасы,ребус, тест.






Жалпы мақсаттар




Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Үй тапсырмасын сұрау


Жетекші карточка №1

Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздерді үстеу деп атайды.



  1. Ауыл ілгері көшті сөйлемінде қимылдың бағытын білдіретін сөз қайсы?

  2. Ол қандай сұраққа жауап береді?

  3. Қашан деген сұраққа жауап беретін сөздерге мысал жаз.

  4. Көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызды сөйлемінде қалай деген сұраққа жауап беретін сөзді ата.

  5. Жоғары, бұрын, алыста сөздеріне антонимдік сыңарын жаз. Олар қандай сұраққа жауап береді?

  6. Мысалдарда берілген сөздер сөйлемде қай сөзбен байланысады?

  7. Жылдам, таңертең, бұрын сөздерімен сөз тіркесін жаса.

  8. Жылдам сөзін септеуге, тәуелдеуге, жіктеуге келе ме?

  9. Ендеше үстеу нені білдіреді? (Анықтаманы оқы)




Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Бекіту кезеңі

- Сәйкесін тап

Қайда? мезгіл

Қашан? мекен

Қалай? себеп

Не себепті? амал, бейне



  • Сөйлем мүшелерін қайталау

ЕСКЕ ТҮСІРЕЙІК!

Сөйлем мүшелері

сұрағы

Шартты белгісі

Бастауыш







Баяндауыш







Толықтауыш







Анықтауыш







Пысықтауыш











Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу



Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.





Ой толғаныс


Сөз таптарын қайталау.

Зат есім мезгіл-мекенін

Сын есім мөлшерін ,ретін

Сан есім заттың сынын

Етістік заттың атауын

Үстеу қимыл






Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады



 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.





Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Мазмұндама




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.




Жалпы мақсаттар




Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Үй тапсырмасын сұрау


ББ кестесін толтыру




Қызығушылықты ояту

Ұшқыш кілем

Адамдар ертеде әуеде ұшып жүруді көп аңсаған. Сондықтан олар ұшқыш кілем туралы ертегіні ойлап шығарады. Алыс сапарларға жылдам барсақ деп ойлады.

Қазіргі кезде адамдардың ойлары, армандары орындалды. Ұшқыш кілем болмағанмен ,ұшақтар бар. Оған ұшқан құста жете алмайды. Сол ұшақтармен кез келген жерге жылдам жетуге болады. Тіпті айға да ұшып барып келуге болады.

Жоспар:

Адамдардың арманы. Орындалған арман.






Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу




Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.






Ой толғаныс



Ұшқыш кілем туралы білімлерін ортаға салады.






Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.






Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Шылау




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

а) білімділік: Шылау туралы түсінік беріп, білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай бөлінуін түсіндіру. Шылаудың  емлесін меңгерту

ә) тәрбиелік: Жеке тұлға ретінде қалыптаса білуге, өзара сыйласа білуге тәрбиелеу. 

б) дамытушылық: Ой өрісін, шығармашылық  қабілеттерін дамыту. 

Міндеті: Оқушы  нені білуі керек? 

- Шылаудың ережесін білуі

- Жалғаулардан, жұрнақтардан ажырата білу

Оқушы  нені  меңгеруі  керек?

- Шылаулардың басқа сөз таптарынан айырмашылығын меңгеру

- Шылаулардың түрлерін білу.





Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Үй тапсырмасын сұрау


Дәптерлердегі тапсырмаларды тексеру




Қызығушылықты ояту

 Шылаулардың емлесі: Шылаулардың  көпшілігі өздері  қатысты сөзден бөлек жазылады және кейбірі дефис арқылы жазылады.

1. және, мен (бен,пен) шылаулары қайталанбай қолданылады. Бұл жалғаулықтар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы:  Керімбала мен Мұратәлі бұлар көшіп келген соң қыдырып келген.

2. Да (де, та, те) шылаулары бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық  мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы: Балабектің де барғысы келді.

3. Дефис арқылы жазылатын шылаулар –ақ,-ай,-ау,-мыс (-міс),-ды, (-ді) демеуліктері өзі шылау болып жұмсалған, яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис арқылы жазылады. Мысалы:    Діңкелеп шаршаған  күн де ұясына барып қонды-ау ақыры.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.





Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу




Сергіту сәті

Біз бесеуміз, бесеуміз.

Бес тармақты жұлдызбыз.

Біз бесеуміз, бесеуміз

Ақ қалпақты құндызбыз.

Аяғымыз қайда екен,

Тез қозғалсақ пайда екен.

Бiзден биiк секiрер

Мықты жандар бар ма екен?






Ой толғаныс


Сәйкестендіру тесті.
Зат есім ------------1. Сары, дәмді, көк ала.
Етістік --------------2. Біз, мен, сен
Сын есім ----------3. Бесінші, алпыс, он
Сан есім -----------4. Гүлдер, Алпамыс, шеге
Есімдік -------------5. Пен, және, үшін
Үстеу ----------------6. Күлді, барма, секіріп жүр
Шылау -------------7. Тез, жазда, жоғары

1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына – мен, - бен, - және, - да, - де, - та, - те шылауларын қойыңыз.


Қостанай... Астананың арасы алыс. Астанада автобус,,,. Троллейбус..., такси... жүреді. Орталықта орыс, қазақ... театрлары бар. Базарда көкөніс... жеміс - жидек сатылады.
2 - тапсырма. Сөйлемдерді – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе, сұраулық шылауларын қойып толықтырыңыз.
Бұл Парламент үйі...? Бұл сауда орталығы...? Қонақ үйде бөлме бар...? Ертең наурыз мерекесі...? Қабылдау бөлмесінде кісі көп...? Күн суық...? Аяз...? Қонақтар келді...? Ағылшын тілін білесіз...
3 - тапсырма. Төртбұрыштың орнына тиісті сұраулық шылауды жаз
а) Кеше ұшақ ұшты
ә) Оқушы мектептен келді
б) Сіздің үйде түйе бар
в) Сенің атаң ауылда тұрады
г) Марат тамақ ішті.




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.






Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы 2-сағат




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

1) Білімділік: Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың айтылу мен жазылуын үйрете отырып, балалардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділігін арттыру. Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы сызба бойынша сөйлем құруға үйрету 
2) Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың байқампаз іскерлігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру. 
3) Тәрбиелік: ауызбіршілікке, ұстамдыққа, адалдыққа, достыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту 
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру 
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта 




Жалпы мақсаттар




Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Қазақ тілі- анаң, атаң, 
Қуат алар Отан да одан. 
Қазақ тілі-халық тілі, 
Тіл аманда – халық тірі. 




Үй тапсырмасын сұрау


Дәптердегі тапсырмаларды орындау




Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Шылау деген не? Мен (бен,пен) шылаулары жайлы ережені айт 


Қой, (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары жайлы айт, мысал келтір.

Сөйлемді дұрыс жаз

1-топ

1. Келгеннен көзі журналдарда, кітаптарда. 


2. Сен бүгін онда барма. 
3. Сапар Сәрсенмен сөйлесті. 
4. Қойлар төскейде, қойнауда жайылып жатыр. 
2-топ
1. Журналдар да, кітаптар да жеткілікті. 
2. Сенде құстар туралы кітап бар ма? 
3. Сапар мен Сәрсен сөйлесті. 
4. Төскей де, қойнау да малға толы. 




Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу




Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.






Ой толғаныс


-Есіңе сақта! 
1. Ма, ме, па, пе, ба, бе, да, де, та, те шылаулары бөлек жазылады. 
1. Көктемде ауыл(да), дала(да), қала(да) жайнап құлпырады. 
2. Қала(да) (қайда?) зәулім үйлер салынып жатыр. 
2. Ма, ме, ба, бе, па, пе – етістіктің болымсыз түрінде жұрнақ ретінде бірге жазылады. 
Барма, айтпа, жазба, төкпе, сөкпе, сындырма. 
-Біз осы ережеге сүйене отырып «Орнын тап!» ойынын ойнайық. 
Шықырлат, қал, келе, жорға, жоқ, есіне, жолықты, кет, көрдің. 
Па, пе, ба, бе, ма, ме 
Сөйлемдерді оқып, жақшаға жұрнақ, септік жалғаулары немесе тұлғалас шылаулары алынғанын анықта. 
Шығармашылық тапсырма. Кері мақалды, нақыл сөзді кім түзейді? 
1. Адам баласы табиғатты ..... . 
2. Біз бұлақтардың көзін .... . 
3. Су мол болса, астық та ..... . 
4. Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір .... 
Керекті сөздер: сүрмейді, барады, қорғама, ашпа, мол болмайды. 




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.






Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Диктант




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты, көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу, танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту. Адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.




Жалпы мақсаттар




Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Үй тапсырмасын сұрау


Үй жұмысы жазылған дәптерлерін тексеру




Қызығушылықты ояту


Қар
Ертеңгілік жапалақтап қар жауды. Жел жоқ. Тынық күнгі қардың жауғаны әдемі болады екен. Аспаннан ақ мамық түсіп тұрған сияқты. Жасұлан далаға шықты. Оның киімі аппақ болды. Қызығып кеткен Жасұлан алақанын тосты. Қолғабына ақ жұлдызшалар түсе бастады. Ол жаңа жауған қар үстінде ойнауға кірісті. Жылы жауған қар жабысқақ келеді. Ондай қар домалатып ойнауға ыңғайлы болады. (54сөз)

Жазылуы қиын сөздер: ертеңгілік, қолғабына, ыңғайлы.

1. Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.

2.Үшінші сөйлемнен сын есімді табыңдар. Астын сызыңдар.







Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу




Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.






Ой толғаныс


Қар - атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жау-ын-шашын. Су буының суб-лимациясы нәтижесінде өте шағын (0,1 — 0,2 мм) крис-талдар үлкейіп Қ. жұлдызшаларына айналады. Атмосфе-радағы турбуленттік қозғалы-стың салдарынан ауадағы Қ-дың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді, яғни жерге жапалақ Қ. (диам. 8 -10 мм) жауады. Ауа темп-расы 0°С-тан төмендегенде бұлттардан жауады. 




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.






Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:Сексенбаева Г.

Сабақтың атауы

Одағай




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Білімділік: Одағай, оның түрлері, жазылуына жаттығу,оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жүргізуі, диалог, білім мен дәстүрді ұштастыру.
Дамытушылық:Синтаксистік талдау, одағайды тауып, түрлеріне қарай талдай білуі, шығармашылықпен айналысуы, дауыс ырғағы орфоэпия заңдылығына сай одағайлы сөйлемді айта алуы, мәнерлеп оқу.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата-баба мұрасын қастерлеу, кітап оқуға құштарлығын арттыру.
Көрнекілік: «Білім мен дәстүр» ойын,кестелер.қоржын, асықтар.
Әдісі: практикалық шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, әңгіме т.б
Түрі: аралас сабақ (театрланған, диалог)




Жалпы мақсаттар




Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Түрлі фигуралардың көлеміне сай топтарға бөлу




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы


І топ. «Көктем»
Біздің топтың көктем аталуы, жылдың осы мезгілі бізге қатты ұнайды. Қалың қар еріп, жерге көк шығып, талдар бүршік атып, барлық жан – жануарлар, жәндіктердің тіршілігі басталады. Мал төлдей бастайды. Адамдардың да көңіл күйлері көтеріледі.
ІІ топ. «Наурыз»
Наурыз - жыл басы, қазақтың жаңа жылы. Бұл күні наурыз көже пісіріліп, барлық ұлттық тағамдар дастарханға қойылып, адамдар бір – бірімен көрісетін күн. Күн мен түн теңелетін мезгіл. Өткен реніштерін ұмытып, жаңаратын күн. Біз наурыз айын ұнатамыз.
ІІІ топ. «Дәстүр»
Қазақтың салт – дәстүрі өте көп. Олар: бесік тойы, шілдехана, тұсау кесу, сүндет той, үйлену тойы т.б. халқымыз өз дәстүрін құрметтеп, сақтай білген. Қазақтың жаңа жылында осы дәстүріміздің бәрі де орындалады. Сондықтан біз тобымызды дәстүр деп алдық.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.







Үй тапсырмасын сұрау





Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу




Ой толғаныс


Енді «Бәйге» жарысын әрі қарай жалғастырамыз. Балалар, «Бәйге» жарысында аттар жаратылып, бәйге қосылады. Озып келген ат бәйгені алады. Біз де үш топ болып бәйгеге шабамыз, өз білімімізді көрсетеміз. Өткен сабақ бойынша тапсырмалар орындалады, оған «Орамал тастау» ойынын ойнаймыз. Ойында ойнаушылар екі топқа бөлініп, қарама – қарсы отырады. Жүргізуші бірінші топтың шеткі ойыншысына сөздің бірінші бөлігін айтып орамал лақтырады. Қағып алған ойыншы тез сөз шығатындай етіп екінші бөлігін табады.
Мысалы: опыр – топыр, тарс – тұрс, маң – маң, жалт – жұлт, далбаң – далбаң, тасыр – тұсыр, шаң – шұң, арс – арс, ербең – ербең т.б.
Еліктеу сөздің түрлерін атап кету
2. Еліктеу сөздерді етістіктермен тіркестір және сөйлем құра.
( ... қарау, ... күлу, ... құлау, ...жүру, ... шайнау, ... соғылу, ... секіру)
Мысалы: жалт қарау. Айнұр артына жалт қарады.
Жаңа сабақ.
- Балалар, сіздер бәйгеге шабамыз деп шаршадыңдар ма?
- Иә
- Ал адамдар шаршағанда не істейді?
- Уһ, аһ!
- Ал қуанғанда не дейміз?
- Алақай!
- Көпшілігіміз жер үйде тұрамыз, малдарымыз бар. Оларды қарату үшін не істейміз?
- Шақырамыз.
- Міне, біздің бүгінгі жаңа сабағымыз « Одағай, оның түрлері»
Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе жан – жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп аталады.
Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйін білдіреді немесе жан – жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады.
Мысалы: Паһ, мықты екен – ау мынау мұндар! Қап, барлық еңбектері далаға кетеді –ау! Аухау – аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді.
Берілген мысалдардағы паһ, қап, сүйсінуді, өкінуді білдірсе, аухау – аухау сиырды шақыру үшін айтылады.
Одағайда, біріншіден, лексикалық (негізгі) мағына болмайды. Екіншіден, сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.
Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай – пай, туу, уһ, әттең т.б.
2. Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді.
3. Олар: құрау – құрау, шөре –шөре, көс – көс, айт, қош – қош, моһ –моһ, құр – құр, кә – кә, пырс т.б.
Одағайлар сөйлемдегі ойға қатысты болғанымен, толық мағынасы жоқ, жеке сөздермен байланысқа түспейді, олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды.
Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді. Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін түір қойылады. Мысалы: Ту, не деген рақат еді!
Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Мысалы: Тұрсам, о тоба-ай, айнала көк шалғын!
Одағай сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Мысалы: Пай –пай! Шіркін қазақтың келіндері –ай!
Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: пай-пай, құрау- құрау, құр-құр т.б.
Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес, яғни әр түрлі көңіл күйін, мәнін білдіруге байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Диалогта кейде одағайлар осы мәндеріне лайық бір сөйлемнің орнына да жұмсала береді. Мысалы:
- Жаңа бір күш біткендей болды.
- Бәрекелді!
- Япыр-ай, ә!
Жаңа сабақ бойынша түсінбеген сұрақтарыңыз болса, сұраңыздар. Болмаса, біздің аттарымызға қарайық, бәйгеден қайсысы озып келеді екен. Бәйге ары қарай жалғасады. Келесі ойынымыз «Көкпар» ойыны.
( 6 оқушы қатысады) «Көкпар» ойынын теледидардан көріп жүрміз, күшті аттар мен қарулы жігіттер сайысады. Көкпарға сірке тігіледі.
3 оқушыға карточка беріледі.
Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар. Үлгі: туу – көңіл күйін білдіретін одағай.
№1
- Түу, есім жаңа кірді ғой! – Ой, обал-ай! Баласын да тоса алмады. – Уһ, кішкене бел жазайыншы... –Апырай – ай, мына дүлей тіршілікте көк мұздай тас бауыр екен – ау! –Е, бәрекелді, үйірімен үш тоғыз!
№2
- О-о!-деді князь боямашы тағзым жасап. О, ғажап! Жат адам қатарласа шауып, қолын шылбырға соза берген. Япырай –ай, сонау Сүйіндіктен осы араға келіп жүргені.
№3
Бүгін, менің туған күнім, ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім – ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны –ай!
3 оқушы тақтада сөйлем талдайды.
1 оқушы интерактивті тақтада, екі оқушы жай тақтада
1. Наурыз – көктемнің бірінші айы (морфологиялық талдау)
Биыл ауыл жылы болып белгіленді (инт. тақта)
2. Наурыз шешек Қазақстанның таулы аймақтарында өседі.
3. Наурыз шешек сөзіне – математикалық жолмен фонетикалық талдау жасау.
4. Қазақтың ұлттық ойындары – Көкпар, Ханталапай, Орамал тастау.
Қазақтың деген сөзге фонологиялық талдау жасау ( буын түрі, тасымал, үндестік заңы)
Осы кезде І деңгейлік тапсырма. Өз бетімен жұмыс. «жаттығу жұмысы) 
ІV. Топ басшылары үш тақырыпта «Көктем», «Наурыз», «Дәстүр» тақырыбына ой толғау жазады.
Сабақты бекіту.
Жарысымыз әрі қарай «Ханталапай» ойынымен жалғасады. Ханталапай ойынын асықпен ойнаймыз. Бұрын хандар тағына таласқан. Ал біз білімділігімізбен таласамыз. Бұл ойынға 5 оқушы қатысады. Әр оқушы екі сөзден алып, сөйлем құрайды.
№1 карточка.
Алақай, құрау – құрау. Осы одағайларды қатыстыра сөйлем ойла.
№2 карточка.
Бәрекелді, қош – қош одағайларын қатыстырып сөйлем ойла.
№3 карточка
Әттең, пай –пай одағайларын қатыстырып сөйлем ойла.
№4 карточка
Алақай, пай – пай, уһ, қап, тәйт одағайларын қатыстырып, шағын мәтін құра.
№5
Әттең, ойпырай, тамаша, шөре –шөре, тек одағайларын қатыстырып шағын мәтін құра.
Сабақтың бәрі баллмен бағаланады.
15 балл – 5 (қызыл түс)
10 балл – 4 (көк түс)
5 балл – 3 (сары түс)
Әрбір топ басшысы балл бойынша айтып, оқушыларды бағаладым. Сынып деңгейі жақсы, оқушылар түгел қатысып отырады.
Үйге тапсырма. Ережені толық оқу.




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет