Сабақтың атауы 3-сыныпта өткенді қайталау Жалаң және жайылма сөйлем Сілтеме



бет2/20
Дата28.01.2018
өлшемі4,78 Mb.
#34363
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20



Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Диктант




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі,нұсқаулық




Сабақтың жабдығы

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;
ә)  Мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға үйрету, туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру                                                                                                             б) өз ісіне ұқыпты,мейрімді кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :  қайталау сабағы
Сабақтың әдісі : баяндау,мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі :түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазу




Жалпы мақсаттар




Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Пазл арқылы сыныпты 3 топқа бөлу




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардың үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру




Қызығушылықты ояту


Сілеусін
Тауды,орманды мекендейтін ірі денелі мысық тұқымдас хайуанаттың бірі-сілеусін. Сілеусіннің құйрығы шауып тастағандай қысқа, өте епті,ағашта жақсы өрмелеп, бірінен екіншісіне секіре алатын күшті жыртқыш. Дене ұзындығы сексен екі, жүз бес сантиметр,құйрығының ұзындығы жиырма –отыз бір сантиметр, салмағы сегіз,он бес килограмм. Ертеде сілеусіннің етін тамаққа пайдаланған екен. Еті өте дәмді болған, оны тек өте бай мырзалар мен ханымдар жейтін еді. Қазір өте сирек кездеседі, сондықтан сілеусіндер қорғауға алынған.( 71сөз)





Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу




Сергіту сәті

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.



Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.




Ой толғаныс


Сілеусін (лат. Lynx lynx) – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Тұрқының ұзындығы 87 – 104, құйрығы 20 – 31 см, салмағы 13 – 23 кг. Қазақстанда 3 түр тармағы бар, соның ішінде Түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.






Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Фонетикалық талдау




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

3Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту. Фонетика бойынша өткен тақырыпты бекітуге арналған сергіту сәтін өткізу.
2. Тәрбиелік: сынып оқушыларын топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру.
Ұқыптылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Патриоттық сезімін ояту.
3. Дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын дамыту,
қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Суреттер арқылы сөйлемдер
құрап,өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету.
Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын




Жалпы мақсаттар




Оқыту  нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Үй тапсырмасын сұрау


Ереже әлемі
Алфавит
Аа Әә Бб Вв Гг Ғғ
Дд Ее Ёё Жж Зз Ии
Йй Кк Ққ Лл Мм Нн
Ң Оо Өө Пп Рр Сс
Тт Уу Ұұ Үү Фф Хх
Һ Цц Чч Шш Щщ ъ
Ыы Іі ь Ээ Юю Яя
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай:
жуан және жіңішке;
жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай: еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и
Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
1. Қатаң дауыссыздар: к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц.
2. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ.
3. Үнді дауыссыздар: й, л, р, у; м, н, ң.
Буынның түрлері
Бір дауыстыдан тұратын
не дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буынды
ашық буын дейміз.
Мысалы: а-та, ә-ке, і-ні, ба-ла.
Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған буын
тұйық буын деп аталады.
Мысалы: ат,ет,ұн,ант,ұлт,өрт
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буынды
бітеу буын дейміз.
Бітеу буында кемінде 3 дыбыстар болады: дауыссыз-дауысты-дауыссыз.
Мысалы: мал, құс, қыс, тарс, жалт.




Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Оқушыларға тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма. «Парта» сөзін тәуелдеу.

2-тапсырма. «Кезекші» сөзін жіктеу.

3-тапсырма . Оқу-білім туралы мақал-мәтел айту.

4-тапсырма. Сынып туралы өлең айту.

5-тапсырма. Берілген сөздерді құрамына қарай талдау.

6-тапсырма. «Кезекші» сөзін септеу.

7-тапсырма. Зат есім+сын есім.

8-тапсырма. «Ә» дыбысынан басталатын он сөз құрап жазу.

9-тапсырма. Алтыбақан деген не? Осы сөздегі әріптерді қолданып, сөз құрау.

10-тапсырма . Сыныпта нелер және кімдер бар?

11-тапсырма.Сынып туралы мәтін құрау.

12-тапсырма. Сан есім+зат есім.

13-тапсырма. «Дәптер» сөзіне фонетикалық талдау жасау.





Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу




Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.






Ой толғаныс


1. Буын дегеніміз не? Буын түрлерін ата
2. Ашық буын дегеніміз не?
3. Тұйық буын дегеніміз не?
4. Бітеу буын дегеніміз не?
5. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата
6. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет