1. Оқушылардың жаңғыш пайдалы қазбалар –мұнай мен газдың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптпстыру 2.Жаңа сабақты меңгертуде пәнаралық байланысты қолдана отырып ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағды қалыптастыру.3. Отын өнеркәсібіндегі экологиялық проблемаларды шешуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал
Бір ақ шымшық,
Екі ақ шымшық.
Үш ақ шымшық,
Төрт ақ шымшық.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мұнай газ туралы не білесіңдер?
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Мұнай-түсі қоңыр,май сияқты сұйық.Оның өзіне тән басқа пайдалы қазбаларға ұқсамайтын иісі болады.Мұнай жақсы жанады және өте көп жылу бөледі.Мұнайды теңіздер мен ірі көлдер және өзендерде арнаулы кемелер –танкелер арқылы тасиды.
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Сұрақ-жауап
1.Мұнайдың негізгі қасиеттерін ата ?
2.Мұнайды қалай өндіреді?
3.Мұнайдан нелер алынады?
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Пайдалы Қазбаларды қорғау
Мақсаты
а) Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.
ә) Дамытушылығы: Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Пайдалы қазбалар жпйында не білесіңдер ?
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
1. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс, мырыш және тағы басқа металдар алынады. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Орталық Қазақстанда көп шоғырланған. Ондағы Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай және газ жатады. Тас көмір - ең көп өндірілетін қазба. Сен тас көмірді тек отын ретінде ғана пайдаланылмай, одан басқа да көптеген заттар алынатынын білесің. Оны өңдеу арқылы дәрі - дәрмек, мата бояйтын бояу, әтір, қопарғыш зат, тыңайтқыш, нафталин, пластмасса және басқа көптеген заттар алынады.
Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.
3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады. Бұл топты тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз т. б. құрайды. Олардың қайсысы болса да біздің жерімізде баршылық. Ал Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарды иеленеді. Фосфоритті ұнтақтап, фосфор ұны тыңайтқышын өндіреді. Гранит - өте қатты тау жынысы. Оның табиғи бүлінуі өте баяу, жүздеген жылдар бойы өтеді. Бірақ граниттің бәрінің бүліну процесі бірдей емес, ірі қиыршықтысы тез, майда қиыршықтысы өте баяу бүлінсе, ал сұр гранит бүлінбейді десе де болады. Құрылысқа қолданатын гранитті ысып жылтыратады, тегістейді, жөндейді. Бұл оны бүлінуден қорғайды.
Сергіту сәті
Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз
Белге қолды қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға біз
Бір, екі, үш: бір, екі, үш.
Жоғары қолды созамыз,
Тып - тыныш боп отырамыз.
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Сұрақ жауап
1. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?