Сабақтың атауы Адам қайдан, қалай пайда болған? Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет18/50
Дата04.07.2018
өлшемі7,44 Mb.
#46407
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жер асты сулары




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Жер асты суларының маңыздылығы, типтері, таралуы туралы білім беру.
Дамытушылық: Ойлау есте сақтау, баяндау қабілеттерін дамыта отырып, жеке шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбиелік: Адамгершілік - рухани тәрбие беру, табиғат байлықтарын қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: СТО, тірек - сызба
Пән аралық байланысы: химия, физика, биология, экология
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, электронды оқулық, слайдтар




Психологиялық ахуал

Су - пәктік кепілі, ол денсаулықтың
О, баста тіршілік болып судан шықтың
Бұлақ, көл, өзен, теңіз, мұхиттардың,
Молдықтан қасиетін келмейді ұққың.
Бомбаңды қылмыс суда сынауың әр,
Сынаған сайын жаным тым ауырар
Жаулары жарық дүние жадыңда ұста

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

«Судың да,- дейді қазақ - сұрауы бар» деп О. Асқар ағамыз жырлағандай, су тіршіліктің өзегі болып табылады. Соның ішінде жер асты суы да өте бағалы пайдалы қазба болып есептеледі.


XX ғасырда ұдайы өсіп келе жатқан техногендік әрекеттерге байланысты экологиялық жағдай күрт шиеленісті. Жер бетіндегі сулар ластанды. Осындай жағдайға байланысты жер асты суларының маңызы өте күшейді. Әсіресе адамзатты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызы зор.
Жер асты сулары жалпы көлемі жағынан теңіздер мен мұхиттардағы сулардан кейінгі екінші орында. Судың еріткіш рөлі аса зор. Жер қойнауындағы химиялық заттар су ерітіндісі арқылы көптеген жаңа қосылыстар түзе алады.
Көкпар (сұрақ жауап)
1. Қазақстанда ірілі - ұзақты 85000 өзен бар (иә ).
2. Ертіс, Есіл, Тобыл Арал теңізіне барып құяды (жоқ).
3. Каспий теңізі алабына Сырдария өзені жатады (жоқ).
4. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды (жоқ).
5. Ертіс - Қарағанды каналының ұзындығы 458 шығынын (иә).
6. Сырдария Қазақстан Республикасында ең таза өзен (жоқ).

Тереңдік жағдайларына қарай жер асты сулары екіге бөлінеді:


І. Грунт
ІІ. Артезиан
Мойынқұмда 300 - 500м тереңдікте 50 мың шаршы км жер асты теңізі бар. Қазақстанда Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан және 300 - ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, шипалық қасиеттері анықталды.
Экологиялық есеп
Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стакан су ағады. Осылай тұра берсе 1 сағатта және 1 тәулікте қанша литр су бекерге ағып шығын болады? Шешуі: *60= 10 стакан 24*10=240 стакан






Сергіту сәті

Құралай тақтаға екі
Үшбұрыш, үш шаршы,
Тікбұрыш, шеңбер және
Сопақша салды. Құралай
Тақтаға қанша төртбұрыш салды




Ой толғаныс

Кім жылдам?
1. Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
2. Ертіс өзенінің сол жақ саласы (Тобыл)
3. Сырдария өзеніндегі бөген (Шардара)
4. Қапшағай бөгені салынған өзен (Іле)
5. Шығыс Қазақстандағы көл (Зайсан)




Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Өзен және көл




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың білім-біліктілігін сұрақ арқылы анықтау.

Әр оқушыны өзіндік ойын жеткізу арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.

Өмірде қолдана білуге машықтандыру.

Күтілетін нәтиже:

Ойларын жетік жеткізе біледі;

Сыни тұрұыдан ойлау қабілеті дамиды;

Жұмыс нәтижесін көрсетеді.

Тапсырмалар: топтастыру әдістері, постермен жұмыс, компьютерлік  тест, диалогтік тәсіл.

Сабақтың  түрі: жаңа сабақ,

Сабақтың әдісі: блум таксономиясы, СТО, диалог, топпен жұмыс, қозғалмалы топпен жұмыс.



Көрнекілігікарта, карточкалар,т.б




Психологиялық ахуал

Күн мен сені сүйемін.
Саған басымды иемін,
Жылу бер, шуақ бер.
Мейірімді қуат бер.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

Қазақстанда ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде жоғарыда аталған жеті өзеннің ұзындығы мың км - ден асады. 48 мыңнан астам көлдер бар. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл ірі көлдер. Жазық жердегі өзендер баяу ағады. Тау өзендерінің ағысы қатты болады. Өз ауданымызда да өзендер мен көлдер бар. Олар Елек, Ырғыз, Ойыл, Жем т. б.


Өз жеріміздегі Елек өзені туралы не білеміз? Елек өзені 47 разъезд қасындағы Жайық өзенінің маңындағы бұлақтан басталады. Елек өзені Жайық өзеніне құяды. Жайық өзені суы үлкен көл - Каспий теңізіне құяды.
Елек өзені жағасында
Кішкентай Алға қаласында
Оқып білім алудамыз,
Ата - ана, ұстаз арқасында.
Венн диаграммасы. Өзен, көл.
Жылғалар бір - бірімен қосылып өзен құрайды. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атаймыз.
Шығармашылықпен жұмыс.
І - топ Өзеннің суретін салу.
ІІ - топ Көлдің суретін салу.
ІІІ - топ Өзен және Көлге өлең шығару.

Өзен қалай пайда болады?


Өзеннің басталатын жері қалай аталады?
Өзеннің сағасы деген не?
Өзен физикалық картада қалай бейнеленеді?
Картамен жұмыс.
Қазақстанның физикалық картасынан ірі өзендерді табайық.
(Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу)
Көл деген не?
Көлдердің көлемін қандай болады?
Көлдердің суы қандай болады?




Сергіту сәті

Оқуға дос барғанда,
Риза мені алғанға,
Қуанады мамасы,
Төрт алғанда баласы.




Ой толғаныс

Жұмбақ шешу
Еліміздегі ең сулы өзен
Таситын кезі ең жылы кезең.
Шаруашылықта маңызы зор
Табасың оны, ойлансаң, сезем. (Ертіс)
Бекіре балық байлығы болар,
Тасыған кезде арнасы толар.
Кемелер жүзіп еліміз үшін,
Бұл өзен тасымал шаруаға жарар. (Жайық)
Алады басын аласа таудан
Ағатын маңы жазықты аудан.
Жаныңа жақын таныс бір өзен,
Айтпастан бұрын жақсылап ойлан. (Жем)




Үйге тапсырма

Өзен және көлге сипаттама жазу.

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет