Сабақтың атауы Адам қайдан, қалай пайда болған? Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет50/50
Дата04.07.2018
өлшемі7,44 Mb.
#46407
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50





Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.


1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп - қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек - қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116 - сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада — Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада — Семей» қозғалысын құрдық».
Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді..
Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы.1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді.






Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.






Ой толғаныс

- Қоршаған орта деген не?
- Қозғалыс неге «Невада -- Семей»деп аталған?
- Ол ұйымның алдына қойған мақсаты қандай?
- Семей атом полигоны қашан жабылған?
- Адамдарға полигонның қандай зияны болды?




Үйге тапсырма

158 – 159 - беттерді оқу, мазмұны. Сынақ полигоны туралы мақалалар жинақтау.
Бағалау.

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қазақстанның ғарыш жайы




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: Білімділігі: Ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. ҚР ғарышкерлермен, Байқоңыр айлағымен таныстыру. Олардың ғылыми жұмыстары туралы айтып, оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген қызығушылықты ояту.

Дамытушылығы: танымдылық ойлауларын , шығармашылықпен

ойлауды, қызығушылықтарын дамыту. Бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: денсаулығы мықты , ақылды , білімді балаларды тәрбиелеу.



Міндеті: тұңғыш ғарышкер, қазақ ғарышкерлерімен таныстырып , олардың ғылыми жұмыстары жайлы айтып , оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген қызығушылықты ояту.




Психологиялық ахуал

Ғалымдардың ғалымы,
Ғарыш әлемі жайында
Айналады ел бір сенен,
Есіміңді білсе әлем
Ғарышқа ұшқан қазақтың,
Ұлдарына бір сәлем!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

. Ерте, ерте, ертеде аспан мен жер әлі бөлінбей тұрған кезде, күллі ғалам жұмыртқа қабығының ішіндей ғана қап-қараңғы кеуек екен. Адамзаттың атасы Пан гу сол қуыста өмірге келіпті. Он сегіз мың жылдан кейін бір күні кенет оянып, көзін ашқан Пан гу ештеңені көре алмапты. Көз алдын бір қабат қара перде торлап жүрегі қысылыпты.

Бұл жағдай оған онша ұнамапты. Сонымен қолындағы қайдан түскені белгісіз үлкен балтамен қарсы алдындағы тас түнекті періп кетіпті. Сол сәт тау құлап, жер жарылғандай сұмдық дыбыс шығып, жұмыртқадай кеуек қақ айырылыпты.

Слайд-1 Жер – ғарыштық дене.

Слайд-2 Аспан әлемі.

Слайд-3 Күн жүйесі.

Слайд-4 Ғарыш әлемін игеру.

Слайд-5 Оқшылардың ізденіс жұмыстары. Білгіштер клубы.

Слайд-6 Адамзат баласындағы тұңғыш ғарышкер.

Слайд-7 Ғарышкер ит – Лайка.

Слайд-8 Тұңғыш қазақ ғарышкері.

Слайд-9 Ғарышкер Талғат Мұсабаев.

Слайд-10 Ғарышкерлер марапаттары.

ІІ. Мағынаны тану . 25 минут.

Астрономдар жұлдыздарды бақылаудың қолайлы жағдайларын жылдар бойы армандап келді. Аспан әлемін зерттеуге ең дұрыс жер-ғарыш. Ғарышты зерттеуді қолға алу 1957 жылдың 4 қазан күнінен басталды. Сол күні ғарышқа алғаш рет жердің жасанды серігі ұшырылды. Қазіргі заманда жасанды серіктер ауа райы туралы нақты мәліметтер алуға көмектеседі, радио және теле-байланыстарды қамтамасыз ету , теңіздегі кемелердің орнын анықтау, т.б мүмкіндік береді.

1958 жылы Айға луноход ұшырылды. Ол – адамның қатысуынсыз, жерден радио арқылы басқарылатын автоматты барлаушы. Осындай құралдардың көмегімен Айдың беті суретке түсірілді, топырағының үлгілері алынып, Айдың химиялық құрамы зерттелді.

Жұлдыздар мен планеталарды зерттеу үшін,сондай-ақ жерді ғарыштан бақылау үшін адамдар ғарышқа ұшылатын кемелерді ойлап тапты. Оларды әр түрлі ғылыми мақсатпен ұшырады. 1961 жылдың 12 сәуір күні әлемде тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин Байқоңырдан ғарышқа аттанып «Восток » ғарыш кемесімен жерді айналып шықты.

Оқулықпен жұмыс.

Сөздік жұмыс

Топпен жұмыс.

«Ғарышкерлер тобы» Ғарышкерлер туралы әңгіме.

« Ғаламшарлар тобы ». Ғарыш кемелері туралы әңгімелеу.

«Жұлдыздар» тобы. Жұлдыздар туралы әңгімелеу.






Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.






Ой толғаныс

Есепте және сұрақтарға жауап бер.

Экипаж

Ғарыш кемесінің атауы

Ұшу ұзақтығы

Айналым саны

Арақашықтық

1-ғарышкер-Гагарин Юрий Алексеевич

Восток

1 сағ 48 мин

1

41000 км

2-ғарышкер- Титов Герман Степанович

Восток-2

1 тәул. 1 сағ 11 мин

17

?

3-ғарышкер- Николаев Андриян Григорьевич

Восток-3

3 тәул. 22 сағ 22 мин

64

?

- Әр ғарышкердің минуттық ұшу ұзақтығы қандай?

- Әр ұшқан сайын ұшу ұзақтығы неше минутқа артып отырған?

- Г.Титовтың , А. Николаевтың ұшып өткен ара қашықтықтары қандай?



- Әр ұшу кезінде арақашықтық неше километрге артып отырған?



Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін



Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.



Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет