Сабақтың атауы Адам қайдан, қалай пайда болған? Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет37/50
Дата04.07.2018
өлшемі7,44 Mb.
#46407
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

Оқушылар біз бүгінгі сабақта глобус,картаның көмегімен жер шарына саяхатқа шығамыз.


Ой қозғау: Глобустың градус торы дегеніміз не?
Оқулықпен жұмыс
Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар.Олар солтүстік және оңтүстік полюстер.Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналмай,орында қалады.Полюстер глобуста және жарты шарлар картасында нүкте түрінде белгіленеді.
Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргізіледі (латынша экватор-теңейткіш деген сөз). Экватор сызығы Жерді тең екі жарты шарға-солтүстік және оңтүстік жарты шарға бөледі.Жер экваторының ұзындығы 40 000 км. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллелдер деп аталады (грекше параллель-қатар жүруші деген сөз).Олар батыс-шығыс бағытын көрсетеді.Параллель шеңберінің ұзындығы экватордан полюстерге қарай жүрген сайын қысқара береді.
Бұл айтылғандардан басқа,глобуста солтүстік және оңтүстік полюстердің арасын қосатын шеңбер түріндегі сызықтар бар.Олар меридиандар. Латын тілінен аударғанда меридиан түскілік деген мағынаны береді. Өйткені тал түстегі көлеңке сол жердегі жергілікті меридиан бағытына сәйкес келеді.Меридиан солтүстік-оңтүстік бағытты көрсетеді.Жер шарының кез келген нүктесі арқылы сансыз көп меридиан жүргізуге болады. Солардың бірі халықаралық келісім бойынша бастапқы меридиан ретінде қабылданған.Ол Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласының маңымен өтеді.Бастапқы меридиан шеңбері Жерді батыс және шығыс жарты шарларға бөліп тұрады.
Белгілі бір градус сайын жүргізілген параллелдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі. Оны глобустың градус торы деп атайды.
Сөздікпен жұмыс.
Латынша экватор-теңейткіш деген сөз
Грекше параллель-қатар жүруші деген сөз
Латын тілінен аударғанда меридиан-түскілік деген мағынаны білдіреді.




Сергіту сәті

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.






Ой толғаныс

«Кім зерек? » ойыны
1.Жер шарында неше полюс бар?
2.Жер өз білігін айналғанда оның полюстері айналама?
3.Полюстер глобуста немесе жарты шарлар картасында қалай бейнеленеді?
4.Экватор сөзі қандай мағынаны білдіреді?
5.Жерді тең екі жарты шарға бөлетін қандай сызық?
6.Жер экваторының ұзындығы қанша километр?
7.Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар не деп аталады?
8.Параллель қандай мағынаны білдіреді?
9.Параллель қандай бағыттарды көрсетеді?
10.Оңтүстік , солтүстік полюстердің арасын қосатын сызықтарды не деп атайды?
11.Меридиан қандай мағынаны білдіреді?
12.Глобуста меридиан қай бағыттарды көрсетеді?
13.Глобустың градус торы дегеніміз не?




Үйге тапсырма

Глобустың градус торы.(Глобустың суретін салып келу) .

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы .




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Жердің өз білігінен айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік  беру.   Теориялық ойын ,сөйлеу тілін , сөздік қорын дамыту. Өз беттерінше тапсырма орындауға ,тиянақты болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Көрнекілігі: суреттер, глобус,карта,ермексаз,майшам,слайд

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.






Психологиялық ахуал

Арайланып таң атты,

Алтын шапақ таратты.

Қайырлы күн, балалар!

Аман Отан – панамыз,

Аман ата-анамыз.

Қайырлы күн, балалар!



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

Шығыстан арайлап атып келе жатқан таң мезгілін көз алдарыңа елестетіңдер . Алдымен таң шапағы маңайды жарық сәулеге бөлейді , біраздан кейін көкжиектен күн көзі көрінеді . Күн аспан күмбезін бойлап , бірте бірте жоғары көтеріледі де , түстен кейін қайта төмендейді . Аптабы басылған Күн кешке батыстағы ұясына барып қонады . Бізге осылайша , Күн шығыстан шығып Жерді айналып барып батысқа батқан сияқты болып көрінеді . Ертедегі адамдар тап осылай ойлаған . Олар Жер – дүниенің кіндігі , оны Күн және жұлдыздар айналып жүреді деп есептеген . Шындығында күн жерді айналмайды . Жер өз білігінен батыстан шығысқа қарай айналады . Сонда Күн оған қарсы жақтан , яғни батыстан шығысқа қарай жүріп отырған сияқты болып көрінеді . Бұған көз жеткізу үшін заулап келе жақан поездың немесе қонуға таянған ұшақтың терезесінен қарағандағы көріністі есеріңе түсіріңдер .Сонда алдыңғы жақта тұрған заттар саған қарай зымырап , жақынап келе жатқандай әсер етеді . Күн де сол сияқты .






Сергіту сәті

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.






Ой толғаныс

Күн мен түн ауысты. Жер  өз білігінен батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт  тәулік деп аталады. Тәулік бір күн мен бір түннен тұрады Сабаққа қосымша материалдармен таныстыру:




Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет