Сабақтың атауы Адам қайдан, қалай пайда болған? Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет41/50
Дата04.07.2018
өлшемі7,44 Mb.
#46407
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Атаңа не қылсаң , алдыңа сол келер .




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Қазақтың әдет-ғұрпыноқушылардың бойына сіңіру. Олардың тек өз ата-анасын, бауырларын ғана біліп қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа нағашы жұрты және қайын жұрты болатындығын ұғындыру. Олардың туыстық жақындығын жете түсіндіру арқылы туыстарға деген қарым-қатынасты дамытуға, оқушылардың ой-өрісінің дамуына жағдай жасау. Оқушылардың бұрын алған білімдеріне және өмір тәжірибесіне сүйене отырып, ата-анаға қамқоршы, қартайғанда оларға басшы болу жайында бағыт беру, соған тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Ата-ана, отбасы туралы мақал-мәтелдер айту қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелілік:

Алған білімдерін сабақ барысында меңгерту, сөйлей білуге, ойын жинақы айта білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  «Отбасы-шағын қоғам» суреті салынған плакат, сөзжұмбақ, ребус, жекелеме суреттер, Венн көрсетуі, қима қағаздар, үнтаспа.





Психологиялық ахуал

«Асыл сөз көп халықта, іле жүрер құлаққа.

Ізденген жетер мұратқа, ізденуден жалықпа» .



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

Сөздерді оқып, бір сөзбен ата: ата, әже, әке, шеше, бала... А) Адамдар; Ә) Отан; Б) Отбасы.




Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

1.     Шежіре туралы не білесіңдер?

Шежіре дегеніміз – бір атадан тараған ұрпақты таратып айту. Мысалы: ата-бала-немере- шөбере-шөпшек-немене-туажат.

2.     Жүзге немесе руға бөліну туралы не айтасыңдар?

Қазақ халқы өзінің руына, қай жерге қоныстануына байланысты үш жүзге бөлінген. Ұлы жүз – Төле би, Орта жүз – Қазыбек би, Кіші жүз - Әйтеке би басқарған.

3.     Кімнің нағашысы бар? Ол қандай туыс?

4.     Жиен қандай туыс?

Үйге қандай тапсырма берілді?

«Туған-туысқандар», «Отбасы туралы» шығарма, Қазақта туыстық қатынастарлы 3 жұртқа, топқа бөліп айтады.

I топ – адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты.

II топ – шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты.

III  топ - әйелі мен күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты.

 Енді топ басшыларының өздерін тыңдап көрейік.

 

I топ. Біреу әкеге тартып туады,



          Біреу әкеден артып туады.

 

II топ.  Ата-анадан өсіп, ұрпақ тараған,



            Жақсы, жаман болса, бала солардан.

 

III  топ. Қыз анадан үйренбей, өнеге алмас,



              Ұл атадан үйренбей, сапар шекпес.

Оқушылар, біздер жылжымалы вагондар арқылы саяхаттарға шығамыз.

1-саяхат. «Білемін, білгім келеді, үйрендім» сратегиясы бойынша.

Жақындық қарым-қатынасты білдіретін атауларды атаңдар.

I топ.  Туыстық атулар туралы түсінік береді.

II топ. Нағашы жұртының атаулары.

III топ. Қайын жұртының атаулары.

2-саяхат.  «Бағытталған оқу сратегиясын» тыңдау, «Өз ойыңды жеткіз» ойыны.

I топ. «Өз жұрты» туралы.

II топ. «Нағашы жұрты» туралы.

III топ. «Қайын жұрты» туралы.

Оқулықпен жұмыс.

3-саяхат. «Ой толғаныс» стратегиясы бойынша шығармашылық тапсырма.

I топ.  Үлкендердің алдында қандай әдеп сақтау керек?

II топ. Кішілерге қандай ізет көрсетер едің?

III топ. Үлкендерді құрметтеуге байланысты қандай тыйымдарды білесің?

4-саяхат. «Демалыс саяхаты». «Біз әдептілік туралы не білеміз?». Жаңа сабақты түсіндіру.

5-саяхат. «Қызығушылығын ояту». «Ребус шешу».

Ат. Қасық, торғай инелік, қылыш, сағат, ң алма, доп асық ң ай сандық қолғап кесе көбелек тырма.

Бүгінгі жаңа тақырып: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер».

Оқушыларға топтық тапсырма беремін.

I топ.  Венн көрсетуі. Ата-ана мен бала арасындағы байланыс.

Ата-ана                                             Бала

II топ. Қазақ халқының сәлемдесуі туралы не білесіңдер?

III топ. «Ата-анаға көмекші», «Ата-анаға басшы» деген ұғымдарды талдаңдар.





Сергіту сәті

Ана сүтін ақтамағанды,

Ешкім мақтамайды.

Атаға қарап ұл өсер,

Анаға қарап қыз өсет.






Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс (өзім түсіндіремін)

Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата-салты. Үлкенді сыйлау ең алдымен - әке-шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-ата-анасын сыйламаған ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйламайды.






Үйге тапсырма

Өз атаң жайынша шығарма жазу ғ

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Мектеп




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімдік: «Мектеп» тақырыбынан өткен материалдарды кайталату арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту,оларды тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.
2. Дамытутлық: Шәкірттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастырп, дамытутылық қасиеттерін жетілдеру.
3. Тәрбиелік: «Алтын қақпа» ойыны арқылы оқушылардың мектебін сүйіп, білім мен оқуға деген құштарлыққа тәрбиелеу.




Психологиялық ахуал

Тақтада жазылған: « Өнер түрі елде мол,
Өнім сыры жерде мол».
« Өнерлінің он саусағы тең,
Өнерсіздің бір саусағы кем»

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :— Балалар, бүгінгі «Мектеп өмірі» деген тақырыпты «Алтын қақпа» ойыны түрінде өткіземіз. Сынып екі топқа бөлініп, әр қақпаның тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдеріңізді көрсетесіздер. Ол үшін алдымен «Темір қақпа» тапсырмаларын орындаймыз.

Бес жол өлең құрастыр:


1 топқа «мектеп»
1. Мектеп.
2. Үлкен, жаңа.
3. Тәрбиелейді, оқытады, үйретеді
4. Мектеп—біздің екінші үйіміз
5. Білім.

Күміс қақпа.


1. Үзінді оқып, аудар (суретке қарап)
1 топқа: Бұл біздің мектеп.Мектеп қасиетті Сергий Радонежский құрметіндегі жеке меншік орта мектеп. Мектеп Мұхтар Әуезов көшесінде орналасқан. Мектеп ғимараты әдемі, ауласы таза, көп ағаш, гүлдер өседі. Күміс қақпа.
Адасқан сөздердін орнын тап:
1 топ:
1) Мектептің іші ... (соғылды)
2) Қоңырау...(сыныпқа)
3) Балалар... кірді(жарық, кең)

Адасқан сөздердін орнын тап:


2 топ:
1) Мектептің ауласы...(арап тілінен)
2) Біз мектепке...(таза,үлкен)
3) «Мектеп деген сөз... шыққан (түсте келеміз)




Сергіту сәті

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.






Ой толғаныс

Сызба арқылы «Мектеп – білім беретін мекеме». Ол – жоғары оқу орнына апаратын алғашқы баспалдық» деген үғым бекітіледі
1. Оқушылардың мектептегі міндеттерін айт.
2. Ересектер өздерінің мамандықтарына қалай қол жеткізді?
Мектепте – мәдени мекемеге жатады. Мектепте біз білім мен тәрбиені қатар аламыз.




Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып келу.

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Алғашқы мұғалім




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: «Ұстаз» сөзінде қаншама мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым барекенін жеткізу. Ұстаздардан алатын үлгі - өнеге, тәрбиені қадірлеп, ұстаздың әрбір үйреткен тәрбие, біліміне құрметпен қарауға шақыру.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, қанатты сөздер, қабырға газеті




Психологиялық ахуал

Ұстаздардың бар айтқанын
Ұлағатын ұғыңдар
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығындар

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі : Алғашқы мұғалімің әр адам мақтан етіп , есіне сақтайды . Ғалым , ақын , жазушы сияқты парасаты адамдардың бәрі де мектептен алған білім нәтижесінде үлкен дәржеген жеткен .

Солардың қай – қайсысы болса да , өздерінің алғашқы мұғалімдерін мақтанышпен , құрметпен еске алады .






Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр,

Иiлiп солға бiр.

Денемiздi дұрыстап,

Тұрамыз тік ұстап.






Ой толғаныс

Ұстаз... Ұстаздың мен үшін де, сен үшін де, бәріміз үшін де орны бөлек.Осынау өмірдегі жандардың бәрі де ұстаз алдынан түлеп ұшты.
Әлемге, еліне пайдалы, танымал тұлғаларды тәрбиелеу ұлы ұстазға байланысты деп білемін.Ұстаз адамзат баласының бойына білім атты «шаһарды» қалайды.Сондықтан, «Ұстазды атаңнан да әзіз тұт» деген мақалға жүгінген дұрыс.Ұстаздың еңбегі - ізгіліктің інжуіндей қымбат еңбек.
«Қыран құс түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» деген нақылдың өзі ұстаз – адам тағдырын шешуші тәлімгер дегенді білдіреді.




Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып келу.

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет