Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Көпшілік құқықтың негізгі салалары
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады, тарих пәніне деген сүйіспеншіліктері артады
|
Психологиялық ахуал
|
Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне
жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің
тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,
саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Топқа бөлу
|
|
Гүлдер арқылы топтарға бөлу.
|
Қызығушылықты ояту
|
Өзің қандай мәліметтер қосар едің?
Өткен сабақта саған не әсер етті?
|
Сергіту сәті
|
«Қаражорға» биі
|
Жаңа сабақ
|
Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Мәтінмен жұмыс
Дәптермен жұмыс
|
Рефлексия
|
Халықаралық жария құқық — бұл құқық субъектілерінің еріктерін үйлестіру жолымен жасалатын, әрі заңдық тұрғыдан міндетті деп танылатын және қажетті жағдайларда мәжбүрлеу жолымен қамтамасыз етілетін заң нормаларының жүйесі және мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Халықаралық жария құқық негізінен мемлекетаралық қатынастарды реттейді. Осы замаңғы халықаралық құқық халықаралық жария және халықаралық жеке құқық болып екіге бөлінеді.
Халықаралық жария құқықтың қызмет етуі үшін мынадай мәселелер өзекті болып табылады:
Халықаралық құқық мемлекеттің көпшілік таныған нормалары мен қағидаларын сақтауын міндеттей келе, олардың сыртқы саясаты мен дипломатиясын шектеп отырады;
Халықаралық құқық сонымен бірге сыртқы саясат пен дипломатияның дамуы үшін негіз бола алады;
Халықаралық құқық сыртқы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатысушы органдардың қызметін реттейді;
Мәселен, халықаралық жария құқық өзінің жүйесінде дипломатиялық және елшілік құқық салаларын зеттейді. Оған халықаралық болсын, сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипатта болсын, жетерліктей нормативтік база бар, мәселен 1961 жылғы дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы, 1963 жылғы елшілік қатынас туралы Вена конвенциясы, 2002 жылғы Дипломатиялық қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
Халықаралық жария құқықтың қызмет етуінің оңды жақтарымен қатар, халықаралық ынтымақтастықтың, халықаралық бірлестік субъектілерінің уақыт өткізбей назарын аударатын шараларды да айта кету керек. Олар:
Қарусыздандыру мәселелері, оның ішінде, ядролық қарусыздандыру;
Экоцид проблемалары – қоршаған ортаны қорғау;
Халықаралық қылмыстық құқық мәселелері;
Жауапкершілік институтының жүйеленуі;
Есірткі саудасымен күрес проблемалары;
Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық-құқықтық мәселелері.
Халықаралық құқық дамуының аталған бағыттары мұнымен шектелмейді.
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
Бағалау парақшаларын толтыру.
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|