Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
«Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды тазарту әдістері»
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Таза заттар және қоспаларды бір-бірінен ажыратып, заттарды тазарту әдістерін үйрену.
«Серпілген сауал», «Стикердегі 10 сұрақ», «ДЖИКСО»,
«Әліпби желісі»
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
«Жүректен - жүрекке» шеңбері
– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
Диффузия дегеніміз не?
Қандай тәжірибе арқылы көрсете аламыз ?
Диффузияның ауада таралуын тәжірибе арқылы көрсет ?
Сұиықтағы диффузия құбылысына мысал келтір ?
Жылыудың әсерінен заттың несі өзгереді оны қалай байқаймыз мысал келтір ?
1. Қайсысы физикалық дене?
а/ кесе, қарындаш, машина. ә/ әйнек, ағаш, кесе, қарындаш. б/ шыны, фарфор, ағаш.
2. Қайсысы затқа жатады?
а/ шыны, фарфор, ағаш. ә/ кесе, қарындаш, машина. б/ әйнек, ағаш, машина.
3. Заттар қанша түрлі күйде кездеседі? а/ 5. ә/ 3. б/ 2.
4. Затты құрайтын бөлшектер? а/ су. ә/ молекула мен атом. б/ газ, су.
5. Молекулалар мен атомдардың өзара араласу құбылысы?
а/ диффузия құбылысы. ә/ байланыс құбылысы. б/ агрегаттық құбылыс.
6. Судың формуласы? а/ CO . ә/ H SO. б/ H O.
7. Масаның өлшем бірлігі? а/ кг, гр. ә/ шқ, кг. б/ см, гр.
|
Сергіту сәті
|
«Халықтар» биі
|
Жаңа сабақ
|
Қоспалардың құрамына және қасиетіне қарай әр түрлі бөлу әдістері қолданылады.
Біртекті қоспадан заттарды бөліп алу үшін қайта кристалдандыру, айдау, хроматография әдістері қолданылады.
Қатты заттарды тазарту үшін қайта кристалдандыру әдісі пайдаланылады. Ол үшін тазартылатын зат жаксы еритін еріткішті таңдап алып, қоспаны қайнатып ерітеміз. Сонда ерітінді қаныққан болады да, негізгі тазартатын заттың кристалдары ерітіндіні суытқанда біртіндеп шөге бастайды, ал аз мөлшердегі қоспалары ерітіндіде қалады. Осылайша тазарту әдісі қайта кристалдандыру деп аталады. Тазалық дәрежесін арттыру үшін осы үрдісті бірнеше дүркін кайталауға болады.
Магнитпен қоспдадан бөлу әдісі
Айдау әдісі сұйық заттарды тазарту үшін колданылады, ол қоспаның құрам бөліктерінің қайнаутемператураларының айырмашылығына негізделген. Сұйық затты қыздыру арқылы буға айналдырып, қайтадан суытқанда, ол сұйықтыққа айналады (конденсацияланады), Бұл әдіс айдау (дистильдеу) деп аталады. Мысалы, мұнайды айдау арқылы әр түрлі мұнай өнімдері (бензин, керосин) алынады.
Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу институттарында, өндірістік зертханаларда хроматография әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс бір заттың басқа зат бетінде әр түрлі жылдамдықпен сіңірілуіне негізделген.
Тығыздықтары әр түрлі өзара ерімейтін сұйыктықтардан тұратын коспаны бөлгіш кұйғы аркылы бөлуге болады; тығыздығы үлкен сұйықтык құйғының төменгі бөлімінде, ал тығыздығы төмен сұйықтык жоғары бөліміне жиналады. Құйғы тиегін ашып, сұйықтықтарды жеке құйып алады.
Әртекті қоспадан заттарды бөліп алу үшін тұндыру және сүзу әдістері қолданылады. Суда ерімейтін тығыздықтары әр түрлі заттардан тұратын коспаны бөлу тұндыру аркылы жүзеге асырылады. Мысалы, лай суды ұзақ, уақытқа қойып қойғанда саздың бөлшектері біртіндеп тұнады. Сүзу әдісі де қатты затты ерітіндіден бөліп алуға мүмкіндік береді, ол үшін сүзгі қағазы (фильтр), құйғы және шыны таяқша қажет. Кейбір магнитке тартылатын металдарды (ферромагнитті) қоспадан магнитпен бөліп алуға болады
.
Тазартылу дәрежесіне қарай заттар «таза», «аса таза», «химиялық» және «анализдік таза» деген сұрыптарға бөлінеді. Тазалық дәрежесі өте жоғары заттар дәлдігі аса жоғары тәжірибелерде қолданылады. Заттардың тазалық дәрежесін білудің ғылым мен техника үшін маңызы зор. Химиялык заттың тазалык дәрежесі массалық үлеспен, өрнектеледі
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дәптермен жұмыс
Тест құрастыру
Практикалық жұмыс.
|
Ой толғаныс
|
БББ кестесі
Білем
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
| |
Достарыңызбен бөлісу: |