Сабақтың атауы А.Құнанбаев Сабырсыз,арсыз,еріншек Мақсаты Күтілетін нәтиже



Дата08.03.2020
өлшемі31,89 Kb.
#59744
түріСабақ

Пәннің аты

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

Кабинет: №11

Мұғалімі: Бейсенова А

Сабақтың атауы

А.Құнанбаев Сабырсыз,арсыз,еріншек

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы


Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.
Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.
Дамытушылығы: Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу, іздену, қорытындылау.
Көрнекілігі: суреттер, кесте, Абай шығармаларынан көрме.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік. «Алақан жаттығуы».
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

Психологиялық ахуал

2мин


- Мен өзіммен достасқан әлемде өмір сүремін!
- Менің айналамда сүйкімді адамдар өмір сүреді, олар маған әрқашан көмектеседі!
- Мен өз күшіме сенемін.
- Мен бұл өмірдің ең тамаша кереметтеріне лайықпын және оны қуанышпен қарсы аламын!
- Мен не қалаймын, соның барлығына қол жеткіземін!
- Мен өзімнің ғажайыптарымды осы қазір жасаймын!
- Өмірдің барлық жақсылықтары мен үшін!
- Мен күннен күнге күшті болып келемін!
- Менің оқуым күннен күнге жақсарып келеді!
- Менің барлық армандарым орындалады!
- Мен бәрін дұрыс жасайтыныма сенімдімін!
- Мені бәрі жақсы көреді!
- Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз - өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып сабағымызды бастайық.
- Өткен сабақта кімнің әңгімесімен танысқан едік?
- Әңгіме кім туралы?
- Әңгіме неге «Орындалған арман» деп аталған?
- Ал, енді үй тапсырмасына дайындықтарыңды тыңдап көрейік.
І топ: Мәтіннің мазмұнын айту
ІІ топ: Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

ІІІ топ: «Менің арманым» тақырыбына шығарма жазып келу
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Тақтада кесте:
«Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Бес асыл іс - көнсеңіз».
- Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
- Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
- Абай ата туралы не білеміз?
Жаңа сабақ. Кестемен жұмыс. Абай Құнанбаев
Мына тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдыретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған.

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?

Зердемде «мыңмен жалғыз алысқаның»

Даланың дара туған данышпаны.

Сарайыңның кеңдігі сахарадай.

Жүрегіңнен «Қаламқас» ән ұшқаны.

Ол қалдырған күй даланы кернейді,

Ұшқан оттай құс қанатын сермейді.

Тыңдар құлақ тығындалып қалмаса,

Басқа өлсе де Абай сөзі өлмейді.



1. Операциялық – орындаушылық кезең. (оқушылардың өзі тауып келген деректерді топ ішінде ортаға салып, сол бойынша кесте құру).
2. «Абай әлеміне саяхат».

1 - топ: Абай өмірбаяны, шығармашылығы туралы.
2 - топ: Абай өлеңдері. Табиғат туралы.
3 - топ : Абай өлеңдері. Білім, ғылым туралы.
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен таныса отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдымызды жетілдіреміз, оқып түйгендеріміз туралы ой қорытындысын жасап жаттығамыз.
Мәтінді таныстыру
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі.

- Балалар, енді тақтаға көңіл аударайық: Қандай сөздердің мағынасын түсіну қиын болып тұр?


Оқушылардың атаған сөздерін мұқият тыңдап, «алтын сандықты» ортаға шығарамын:
- Бұл сөздердің мағынасын алтын сандықтан іздеп көрейік.
Сөздік жұмысы
Алтын сандықтағы сөздер:
Сабырсыз - шыдамсыз, төзімсіз
Көрсеқызар – қызыққой, еліктегіш
Алауыз – береке - бірлігі жоқ, ынтымақсыз.
Күндейді – қызғанады.
Мертігеді - бір жері шығады, сынады
Міндейді - мін тағады, жамандайды
Жалмауыз – дүниеқоңыз, көзі тоймайтын.

Оқулықпен жұмыс
Кітаптарын аштырып, әуелі өз беттерінше іштерінен оқыту, тізбектей дауыстап оқыту
6. Өлеңнің идеясын ашу
- Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?
- Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті, міншілдікті,
ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты.....
- Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Адамның жағымсыз мінез -құлықтары
- Абай аталарыңның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды мінез - құлықтарды тауып айтар едіңдер?
- Талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымшыл,....
- Екі өлеңнің ұқсастығы неде?
- Екі өлеңде де адам бойындағы мінез - құлықтар туралы айтады.
- Олай болса, бұл өлеңдердің негізгі ойы не туралы деп ойлайсыңдар?
- Адамгершілік туралы.

7. Топтық жұмыс
- Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен. Қазір біз осы отырған топ - тобымыз бойынша жұмыс жасаймыз.
1 - тапсырма
І - топ: - Абай атаның осы екі шығармасынан адам бойындағы жағымды және жағымсыз мінез - құлықтарды жіктеп жазып, кестеге түсіріңдер
(ватманға орындайды):
АДАМНЫҢ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТАРЫ
Жағымды Жағымсыз

ІІ - топ: «Сабырсыз, арсыз, еріншек» шығармасына кешенді - сатылай талдау жасаңдар (ватманға орындайды):
Шығарманың авторы:
Шығарманың тақырыбы:
Жанры:
Негізгі идеясы:
Шумақ:
ІІІ - топ: Абай ата, оның біз білетін шығармалары туралы келесі топтарға тапсырма, сұрақ дайындаңдар.(Топтар жұмыс жасап жатқанда Абайдың бір әнін баяу қосып қою)
Екі топ жұмыстарын қорғайды, үшінші топ оларға сұрақ қояды.
2 - тапсырма
- Міне, сендер мәтінмен жұмыс жасап болдыңдар, енді түйгендеріңнен ой қорытындысын жасау үшін шағын пікірталас жасап көрейік:
Пікірталас деген – берілген тақырып бойынша өз пікірімізді ортаға салу және сол пікірін өзгелерге дәлелдеу. Қанша адам қатысса, сонша пікір болуы мүмкін.
Пікірталастың тәртібі:
Кезектесіп сөйлеу.
Бірін - бірі тыңдай білу.
Сөйлеушінің сөзін бөлмеу.
Бірін - бірі сыйлау, арына, намысына тиетін артық сөз қолданбау.
Пікірталас сұрақтары:
- Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?
- Адамгершіліктің өлшемі бола ма? Қандай адамды адамгершілігі мол адам дей аламыз?
- Адамгершілік қайдан «пайда болады»?
- Өз достарыңның бойынан адамгершілікке тән қандай белгілерді байқап жүрсің? Әлде керісінше қылықтар байқағандарың бар ма?

ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезеңі
- Әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойларын тыңдау)
-«Жақсы сөз – жан азығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір – бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық:
Жүрекше соңында мұғалімнің қолына қайтып келеді.
6. Қорыту.

- Абай рухы - туған тілдің тірегі.


Абай рухы - қазағымның жүрегі.
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,
Намысыңды қамшыласын үнемі.- деп бүгінгі сабақты қорытындылаймыз.
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық.
7. Үйге тапсырма.
1. Түсініп, мәнерлеп оқу. 2 Абай атаға хат жазу

Үй тапсырмасын сұрау

7мин



Қызығушылықты ояту

2мин

Жаңа сабақ .20мин



Ой толғаныс

11 мин



Үйге тапсырма 1мин

Бағалау 1мин

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс 1мин



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Бейсенова Аманкул,



ОҚО, Мақтарал ауданы, «Бірлік» жалпы орта мектебі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет