«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы антропогенездің қозғаушы күштеріне тоқталу.
1-топқа: Ежелгі адамдардың арғы тектері?
2-топқа: Қазіргі заманның адамдары туралы не білесіздер?
Өзіңді тексер. «Бұл жалған ба, әлде, шындық па?» әдісі.
1.Адам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. (шындық)
2.Биологиялық (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, етті тағамды пайдалану, қоғамдық қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады. (шындық)
3. Дара жүріп еңбек еткендіктен, араларында өзара қауымдық қарым-қатынас калыптаса түсті. (жалған)
4. "Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз", — деп жазды Ч.Дарвин. (жалған)
5. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым куаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым куалайды. Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. (шындық)
6. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алатынын Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. (шындық)
|