Сабақтың атауы Бабалар мұрасы Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу



бет14/22
Дата26.06.2018
өлшемі1,28 Mb.
#45078
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

5-сынып

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім Сабақ 1

Сабақтың атауы


Айтыс өнері

Мақсаты

Айтыстың шығу тарихын, түрлерін, ерекшелігін, мақсатын еске түсіру. Айтыс өнерінің маңыздылығын ұғындыру. Пікірталас тудырудағы айтыстың рөлін таныту.

Күтілетін нәтиже

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлейді, өз ойларын ортаға салау арқылы тапсырмаларды топпн жұмыс істеуге пайдаланады

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі




Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым тамашалау

Шығармашылық тапсырма

1-топ

Сөзжүмбақ



2-топ

Ребус


3-топ

Суретке қатысты әңгіме құру



Сергіту сәті

«Халықтар» биі

Жаңа сабақ

Айтыс - әдебиет жанры болғанымен ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. Айтыстың бәдік, қайымдасу, жануарлар мен адамның айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, түре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты түрлері қалыптасқан

Тапсырмалар

1-топқа: а) Айтыстың түрі, ерекшелігі.

ә) Тақырыбы, идеясы.

б) Өлең құрастыру (1,2 жолды құрастыру)

2-топқа: а) Өлеңнің құрылысы.

ә) Ақындардың тілі, сөздігі.

б) Өлең құрастыру ( 2,3 жолын құрастыру)

3-топқа: а) Өмірдерек.

ә) Ақындарға тән қасиеттер.

б) Өлең құрастыру (3 жолын құрастыру)

Әр топқа тапсырмалар таратылып 10 минут уақыт беріледі . Дайын болғаннан кейін түсіндіріп айтып береді. Құраған өлеңдерін домбыраман айтыс әуеніне



салып айтады. Мұғалімнің жауаптарымен сәйкес келеме тексеріледі.




Ой толғаныс

Қазақ айтыскерлері:

Қазақ даласын айтыспен әйгіленген ХІХ ғ.Орынбай,Шортанбай, Серәлі, Тоғжан, Сақау Шөже, Балта, Кемпірбай, Тезекбай, Біржан, Құлмамбет, Жамбыл, Сүйінбай, Біржан- Сара, Жанақ, Мұрат, Рақымжан, Ыбыраш, Манап- Надежда Лушникова. Маңғыстаулықтар: Нұрым, Абыл, Қашаған, Балдай, Сәттіғұл.

Б-6.Зерттелуі: Қазақ айтыстарының жиналуы, жарық көруі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Академик Радлов бастаған орыс зерттеушілері мен Ы.Алтынсарин, А.Сейдалин, Шайхысламов тәрізді жинаушылар совет өкіметі тұсында Диваев, С.Сейфулин, І.Жансүгіров. Айтыстың 3- томдығын алматы баспасынан дайындады.

Ал айтыстың тұрмыстағы орны мен табиғи ерекшеліктерін алғаш рет ашып әңгімелеген Ш.Уәлиханов одан кейін М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Қаратаев, Кенжебаев.

90- жылдан бері қарай М.Жармұхамедов, Ж.К.Раев, Қыдырбаев, Ж.Дәулетбекова. Жүргізушісі- Ж.Ерманов.

Б-7. Қазіргі айтыс ақындары – Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек, Сара Тоқтамыс, Мэлс Қосымбай,Серік Құсынбаев, Б.Қалиолла, А.Ғафуров т.б.

Б-8. Даму сипаты:

Соңғы жылдары атаулы мерекелерге (Тәуелсіз 15, Тіл, Желтоқсан), белгілі қоғам қайраткерлерінің құрметіне орай жүргізіледі. Салт айтыс соның ішінде ақындар айтысы мен қыз бен жігіт айтысы өте жақсы дамыған. Қазақстан ұлттық арнасынан айтыс чемпионаты, Хабардан жекпе- жек жүріп жатыр.

Айтысқа талдау жаса

(Көзбен көре отырып, заңдылықтарды нақты жағдайда пайдалануға, дағдылануға, көзін жеткізу.)

ығу (оқулықтан) мәтіннен қатысты қадірлеудегі халықтық дәстүр туралы әңгімелеу. ІV Мәтінді талдай білу. Нұрым мен қашаған айтысына кесте толтыру. 8 балл

(өтілген жаңа сабақ бойынша ойыңды жинақта, әңгіме жаз)

Тапсырма: Сыныпаралық, мектепішілік айтыс өткізу мәселесі, оның жоспары жөнінде өз ойыңды жаз. Айтыс тақырыбы, айтыстың түрі, ақындарды жұптау жөнінде білдір. 10 балл

VІ Бағалау: Жазба айтыс құрастыру.

Сұраққа жауап жазу. Ұйқас түрлерін еске түсіру.

Сұрақ: Сұрақ:

Бітіруші жас түлек Арманға барар бір- ақ жол,

Көп шығар арманың? Шешуші кезең – ҰБТ.

Қай мамандық иесі Білдің бе оған бірақ тым?

Болуды сен таңдадың? Тақалып уақыт қалғанын.

Жауабы: Жауабы:

Сұрақ қойдың тосыннан, Дайындалып жүрмін күн- түні

Сәл іркіліп қалғаным. Білемін уақыт шектеулі.

Қамын ойлап қазақтың, Не болса да амал жоқ.

Ақын болу – арманым. Көремін құдай салғанын. 12 балл


Карточка тарату.

№1 топ


1Ақын дегеніміз кім?

2 нотада неше сызық бар?

3 Жартылық нота нешеге саналады?

№2 топ


Жыр дегеніміз не?

Алпамыс батыр жырынан үзінді айт.

№3 топ

1. Терме дегеніміз не?



2. «Ми» нотасы қай сызықта жазылады?

№4 топ


1. «Қанеки тілім сөйлеші» термесі кімдікі?

2. «Қанеки тілім сөйлеші» термесін әуенімен айт.



№5 топ

1. сегіздік нота нешеге саналады?



2. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы
БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет