Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Каскаева С.Б
|
Сабақтың атауы
|
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Үлестірмелі парақшалар,
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқушылардың бастауыш пен баяндауыш бойынша алған білім, дағдыларына сүйене отырып, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіру; бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтауды үйрету. Оқушылардың сөздік қорын арттыру. Сауатты жаза білуге баулу.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Әрбір адам – досым, сыныптасым,
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.
|
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.
|
Кіріспе
|
Балалар! Қазір біз бүгінгі сабағымыздың ұранымен қонақтарды таныстырайық. Сендер бәрің хормен менің сұрақтарыма жауап беріңдерші:
Әрбір адам сендер үшін кім? Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ сендер үшін не?
Әрбір ісің не? Тірлік, бірлік, адамдық.
Әрбір сөзің ше?
Ендеше осы ұранмен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
|
Қызығушылықты ояту
|
Балалар, «Жалғастыр» дидактикалық ойынын ойнайық. Ойынның шарты: тақтадағы аяқталмаған сөйлемнің соңын табу.
Қазақстан тәуелсіздігіне-20… жыл.
Көбейту кестесін жатқа … білемін.
Менің достарым …. көп.
Мен көпұлтты мемлекетте … тұрамын.
Әр оқушыға бастауыш пен баяндауыш туралы алған білімдерін жазу ұсынылады. Бір-бірінің жұмыстарын ауыстырып, сыни пікірлерін білдіреді.
Жарайсыңдар, балалар! Ал енді айтыңдаршы, біз осы тапсырманы орындағанда нені қайталадық? Бүгінгі сабағымыз не жөнінде болады, сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бастауыштан кейін қойылатын сызықша ». Ал сабағымыздың мақсаты «сызықшаның қойылу себебін түсіндіру».
Қазір балалар, сендермен мынадай көріністі тамашалайық: (Бәйтерек туралы видео)
Бәйтерек туралы сендер не білесіңдер? (Оқушылар бәйтерек туралы айтады)
Балалар, мына адасқан садарды ретімен орналастырайық. Саяхат сөзі шығады.
Ендеше, балалар, біз бүгін сендермен бәйтерекке саяхатқа барамыз. Бәйтеректің әр баспалдағына көтеріле отырып, ең жоғарғы шыңына жетуге тырысамыз.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Бірінші баспалдаққа барайық. Бұл баспалдақтың аты – «Бәйтерекке жолдама алу». Қазір мен әр партаға жолдамалар таратамын. Сендер осы жолдаманың сұрақтарына жұптасып, келісіп, біреуің жауап беруге тырысасыңдар.
(Сұрақтар тарату):
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?
3. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
4. Бастауыш дегеніміз не?
5. Баяндауыш дегеніміз не?
6.Хабарлы сөйлем –не?
7. Сұраулы сөйлем –не?
Екінші баспалдақ «Бәйтеректің сиқырлы сырын білу».
Мына өлең жолдарынан баяндауышы соңында болатындай бірнеше хабарлы сөйлем құрастыру.
|
Мағынаны тану
Жаңа сабақ
|
«Бәйтеректің төменгі қабатына шолу».
«Астана – Бәйтерек» монументінің үш деңгейі бар: төменгі, ортаңғы және жоғарғы деңгей. Төменгі деңгейінде кафе, аквариум және белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың «Бәйтерек» шағын галереясы бар. Ортаңғы деңгеймен лифт көтеріледі. Ал жоғарғы деңгейінде шар орналасқан. Шардың ішінде панорамалық зал бар.
3. Жаңа сабақ.
Екі бағандағы сөйлемдерді салдыстырайық:
Айман- оқушы. Айман жақсы оқиды.
Қазақстан- мемлекет. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.
Мектеп- мекеме. Мектепте шағын орталық мекемесі бар.
…
Бастауыш пен баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғанын атап, сызықшаның қойылу себебін анықтау.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу Сурет бойынша сөйлемді толықтырып жаз. Тиісті тыныс белгісін қой.
Мысалы: Бұғы өте әдемі мүйізді жануар.
2,3-жаттығулар Дәптермен жұмыс
|
Сергіту сәті
|
«Арива» биі
|
Оқушылар билейді
|
Ой толғаныс
|
Бастауыш. Баяндауыш.
Бастауышпын Баяндауыш
Бәрінің иесімін. Не болғанын баяндайды
Маған қарап құрайсың Жазған бала нүкте қойып,
Ой жүйесін. Сөйлемін аяқтайды.
«Жоқ, иә» ойыны:
-Сәкен күйші (отырады).
-Сабақ басталды (тұрады).
-Менің әкем жүргізуші (отырады).
«Лифтпен көтерілеміз» шығармашылық диктантын орындау.
Мына схема бойынша гипотеза құрайық:
Егер бастауыш болмаса, онда ……
Егер баяндауыш болмаса, онда ……
Егер сөйлем мүшесі болмаса, онда ……
«Мәреге жету». – Жоба «Егер мен елбасшысы болсам…»
Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Оның алақанынан мемлекетке ұқыпты және қасиет тұтатын қарым-қатынасын және осы елдің тұрғындарына деген тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылықа деген ниеті көрінеді.
Жобаны қорғау.
4-жаттығу Жаңылтпашты жатқа жаз
|
Үй тапсырмасы
|
5-ж,77-бетте
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |