Сабақтың атауы Бейімбет Майлин. Күлпаш Сабақтың жалпы мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі77,72 Kb.
#6899
түріСабақ

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «Ә»

Мерзімі: 25.11.15ж

Мұғалімі: Сыдыкова.С.К

Сабақтың атауы

Бейімбет Майлин. Күлпаш

Сабақтың жалпы мақсаты

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларға мәтіннің мазмұнын ұғындыра отырып, идеясын ашуға дағдыландыру. Бейімбет Майлин жайлы айта келіп,қазақ халқының аштық, кедейлік өмірімен таныстыру. Түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білугеүйрету. Елінің тарихын білуге, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер

Мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі идеясын ашады. Бейімбет Майлин жайында біледі. Сөздік қорлары дамиды. Әр оқушының бойында елінің тарихын білуге, туған елін, жерін сүюге деген патриоттық сезімі оянады

Түйінді идеялар

Кедей отбасының ауыр тұрмысы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

СТО, диолог, шығармашылық тапсырма, ашық сұрақтар, көрнекілік, топтық жұмыстар

Ресурстар

АКТ, түрлі –түсті қағаздар, маркер, суреттер, тілек жазылған жүрекшелер.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

І. Қызығушылықты ояту

1.Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушылар қолдарындағы жүрекшелер арқылы бір-біріне достық тілектер айту арқылы орындарына жайғасады.



2. Топқа бөлу.

«Жарайсың!», «Тамаша!», «Керемет!», «Өте жақсы!» сөздері жазылған топтарға барып жайғасады.

( Жазылған сөздердің мағынасын ашу, нені білдіреді?)

Мұғалім: Олай болса, осы топқа берілген атымызға бірлікте, ынтымақта жұмыс жасайық


1.Оқушылар жақсы көңіл-күймен бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

2. Оқушылар өздері таңдаған стикерлерін алып, топтарына отырады.



( Ауызша бағалаудың мадақтау сөздері)

Ауызша қошемет арқылы бағалау.
Шапалақ арқылы бағалау




3. Үй тапсырмасын сұрау.

-Біз өткен сабақта қандай тақырыппен танысып едік?

-Мәтіннің авторы кім?

-Мәтіннің негізгі идеясы не еді?

-Мәтіндегі негізгі кейіпкер кім? Қазір, балалар біз «Аквариум тәсілі» бойынша үй тапсырмасына шолу жасаймыз.

«Аквариум»тәсілі-



Ішкі және сыртқы шеңберде оқушылар ашық сұрақтар қояды



.- Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам?

  • Түрмеде оған қандай айып тағылды?

  • Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың?

  • Тоқашқа жолығуға кімді алып келді?

  • Ол анасымен не жайында сөйлесті, анасына не айтты?

  • Оқулықтан мәтіннің үшінші бөліміндегі үзіндіні рөлге бөліп оқып, көрейікші.

Иә, біз «Азаттық жолында» мәтіні.
-Оқушылар ойларын айтады.
Оқушылар ойларын толық жүйелей отырып, ашық сұрақтар қою арқылы жұмыс істейді.
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша ашық сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын қорытып шығады.


Басбармақ арқылы бағалау

ІІ. Мағынаны ашу

Сөздік жұмысы

Мұғалім: - Балалар, біздің ата-бабамыздың басынан не өтпеді.Ата-бабам тарихы- менің тарихым демекші қазақ жоңғар шапқыншылығы, Ресей патшалығының Қазақ елін бағындыруды ойластыруы, азамат соғысы жылдарындағы қайғылы қара заман, кешегі өткен «Азаттық жолында» мәтініндегі азаттық үшін күрескен адамдар туралы айтылса. Ал, бүгінгі тақырыбымызда 1930-32 жылдары Қазақ халқы аштық жылдарды басынан кешірді. Сондай шығармалардың бірі «Күлпаш». Сол ананың тағдыры жайлы айтылады. Олай болса бүгінгі осы әңгімеде өзіміздің көзіміз жетеді.

1.Бейімбет Майлин «Күлпаш» мәтінімен жұмыс .

-Бейімбет Майлин жайында не айтасыңдар?

- Осы кісі жайында не білесіңдер?

Мәтінді төрт бөлікке бөлемін. Мәтін бөліктері бөлінген парақшаларды әр оқушыға тарату.

2.( «Түртіп алу» әдісі)

Өрім-өрім- тозған, жыртылған

Бөкебай- басқа жамылатын шәлі

Ызғырық- суық жел

Өлмелі кедей- өте кедей

1.Мәтінді іштей оқып, идеясын ашады. Өздеріне түсініксіз сөздерді топқа ашық сұрақтар қою арқылы жауабын алады.

Б. Майлин 1894-1938 жылдарда өмір сүрген. Б. Майлин- әңгіме жанрының шебері әрі ақын.Оқушылар шығармалары жайлы да айтып өтеді.
2.Оқушылар өздеріне түсініксіз сөздер мәтіннің ішінен түртіп отырады.





Сергіту сәті

Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз сондай аянышты, көңілсіз болғанмен, Бірақ бұл біздің тарихымыз,біздің қазіргі заманымыз тыныш, бейбіт, сондықтын өз көңілімізді көтеру мақсатында

Тренинг: «Айна» жасайық.

Топтың аты жазылған сөздерді айта отырып оқушылар өз көңіл-күйлерін білдіреді.



Мысалы: «Жарайсың!»,сенің көңіл күйің жақсы Мен бүгін«Тамашамын!», Мен«Кереметпін!», Менің көңіл-күйім «Өте жақсы!»




Шығармашылық тапсырма

«Азаттық жолында», «Күлпаш» мәтіндеріндегі сурет бойынша екі сурет арқылы қазақ халқының басынан өткен кезеңдерді талқылау

Оқушылар екі сурет арқылы қазақ халқының басынан өткен кезеңдерді салыстыра отырып айтады.





Рефлексия

Енді қазір балалар осы екі мәтіндегі

кейіпкерлерге оқушылар хат жазады. Мен сендерге бір сәт мүмкіндік беремін өзің таңдаған кейіпкеріңе хат жолдауыңа болады.



Оқушылар өздері таңдаған кейіпкерлеріне хат жазады.




Кері байланыс

«Саусақтар сыры»

Ақ параққа саусақтардың бейнесін салады.



Бас бармақ- бүгінгі сабақта не тартымды болды.

Сұқ саусақ- неге басты назар аудару керектігін түсіндің?

Ортаңғы саусақ- не сізді таң қалдырды?

Келесі саусақ- сіз үшін не түсініксіз болды?

Кішкене саусақ- сіз үшін не жаңалық болды?

Ал алақаныңызға -ұсыныстар жазыңывз

Оқушылар берілген саусақтарға өз ойларын шынайы жазады.

Саусақ бейнесі салынған парақтар

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау, сахналық қойылымға дайындалу








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет