Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы



бет8/9
Дата05.11.2016
өлшемі0,84 Mb.
#643
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.“Қалам үстел үстінде” сұраққа-жауап

1.Ежелгі Египет суретшілері кандай материалдарды пайдаланған?

2. Олар өз шәкірттерін өнерге калай баулыған?



2.«Миға шабуыл» Египет шеберлері портреттік сурет салу техникасына баса назар аударатын болған. Олар әрбір бейнеленген адамның физикалық ерекшеліктерін дәл бере алатын портреттік галерея жасады. Бүл кездейсоқ емес еді. Портреттік үқсастықты беруге ұмтылыс - мәңгілікке қалу үшін, яғни жоғалып кетпеудің маңызды қажеттілігінен туындаған болатын. Патшалардың денелері ірі көлемде, оньщ жанында жүретін ақсүйектер ұсақтау, ал жауынгерлер одан да ұсақ фигуралармен бейнеленген. Олардың түсінігінше, фигураларды әр түрлі көлемде бейнелеу әлеуметтік ерекшеліктерді көрсететін болған.

3.Топтық жұмыс. Оқушылар жаңа тақырыпта білетіндерін постер арқылы қорғайды. Тақырыпқа шолу жасайды.

Бағалау

Оқушылар өз-өздерін таратпалы кағаз арқылы бағалайды. Жиынтық бағасы қойылады.

Кері байланыс

  1. Білемін

  2. Білдім

  3. Білгім келеді




Үйге тапсырма

Оқулықтағы «Ежелгі Египет өнері» туралы оқу, іздену



3 сабақ




6 сынып

Сабақ тақырыбы:

Кескіндеме өнерінің түрлері,жанрлары

Жалпы мақсат:

Тақырыпты зерттеу арқылы ой өрістерін дамыту

Сабақтың мақсаттары

Кескіндеме өнерінің жанрлары түрлерімен танысу, жұмысқа дағдылану. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету және логикалық-ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту.

Күтілентін нәтижесі:

Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету

Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;

Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.


Негізгі идеялар:

Сабаққа қызығушылығын арттыру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар, маркер

АКТ


Интерактивті тақта

Оқыту әдістері:

Интерактивті оқыту әдістері

Миға шабуыл

Конвер- сұрақ әдісі

Жұпты әңгіме

Жигсо әдісі


  • Топтық жұмыс

  • Жұптық жұмыс

  • Шығармашылық жұмыс

Дерек көздері:

«Адам мүмкіндік-тері» тақырыбына берілген материалдар:

www.РефератOff.kz

www.art.kz


Тапсырмалар:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма


Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

І Ұйымдастыру



Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Жылы лебіз » тренингін өткіземін

Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Сынып оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін айтады.

ІІ Өткен сабаққа қысқаша шолу
«Мен – саған, сен- маған» әдісі арқылы сұрақ -жауап алу (диалогтік оқыту)


І топ:

1.Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс)


2. Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер)
3.Хроматикалық түстерді атаңдар? (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)
4.Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр)
ІІ топ: 1.Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі)
2.Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын,күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі)
3. Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы)
4.Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу)

Сұрақтарға келесі топ оқушылары жауап береді

ІІІ Білу ,тану

Уикипедия сайтынан алынған деректі талантты, дарынды оқушы түсіндіреді



Жанр дегеніміз өнер туындыларын бір-бірінен ажырататын ерекше белгілер.Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар.Олар : тарихи,тұрмыстық,соғыс тақырыбы,жануарларды бейнелеу,адам келбетін бейнелеу,натюрморт,теңіз пейзажы және табиғатты бейнелеу.

«Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі.


«Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз. Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Натюрморттың тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін.
17 ғасыр Голландияда
өлі табиғат француз сөзі
бұйымдар заттар
Натюрморт күрделі және қарапайым болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады.Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт.
Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады. Натюрморт салуға үйрену бейнелеу өнерінде сауатты сурет салуға бейімделудің алғашқы шарты болып табылады. Ендеше натюрморт бейнелеу, ереже заңдылықтарын меңгеру үшін алдымен пішіндері қарапайым үш заттан тұратын натюрморт бейнелеп көрейік, олар-құмыра, алма мен алмұрт.
Бұл заттардың пішіндері, көлемдері және түстері әр түрлі. Кез келген заттарды бейнелеу үшін олардың жеке-жеке көлемін және бір-біріне өлшемдік қатынасын (бір-бірінен қаншалықты үлкен не кіші), кеңістікте орналасуын мұқият қарап зерттеп алу керек. Тек содан соң бейнені түсіруге арналған қағаздың орналасу бағытын (тігінен немесе көлденең) бейнеленетін заттардың көлеміне, кеңістікте орналасу ерекшелігіне байланысты таңдап алынады.
Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады.

Пейзаж-қоршаған ортаны бейнелеу,табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету.Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны,шындық өмірді әсерлі,нақты береді.

Тарихи жанр-маңызды тарихи оқиғалар мен қайраткерлерді ,қоғамдағы мәні бар құбылыстарды суреттеуге арналған бейнелеу өнерінің негізгі салаларының бірі.


Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын:

- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.

Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

Кескіндеме өнерінің жанрлары.



Жанр дегеніміз өнер туындыларын бірі-бірінен ажырататын ерекше белгілер. Картинада бейнеленген суретке карап оның кай жанр түріне жататынын анықтауға болады. Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар. Олар: тарихи, тұрмыстық, соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу (анималистік), адам келбетін бейнелеу


(портрет), натюрморт, теңіз пейзажы (марина) және табиғатты бейнелеу


Ғалымбаева. Дастарқан
К. Әжібекұлы. Томирис Б. Зәуірбекова

Сәукеле киген қыз






Қолдану

«Бейнесюжет»

майлы бояумен

Натюрморт,

пейзаж салу әдісі


Қағаздың ортақ нүктесін тауып, заттардың шеткі нүктелерін анықтау Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау, көлеңке жарығын белгілеу

Нұсқаның толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы шығарып салу

Нұсқаның түстерін политраның көмегімен анықтау



Талдау

Тапсырма: Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек.

Сыни ойлана отырып , А Ғалымбаеваның «Дастарқан» атты натюрмортын орындайды

Пейзаж. И Левитан «Алма ағашы гүлдегенде»


Жинақтау





«Кім жылдам»
Шарты: Тақтада аяқталмаған сөйлемдер тұрады, әр оқушы сөйлемдерді жалғастырып жазады.
1. Бүгін мен білдім.............
2. Маған қызықты болды..............
3. Қиын болды.....................
4. Мен түсіндім...................
5. Енді менің қолымнан келеді.........
6. Мен сезіндім....................
7. Мен үйрендім..................
8. Мені таң қалдырды.........
9. Мен жасапкөремін.........

Бағалау

БҮҮ кестесін толтыру

БҮҮ кесесін толтырады

білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді













Бағалау

Қорытынды баға қою

Күнделікке бағаларын қойғызу.

Рефлексия

Сабақтан алған әсерін айту

Сабақтан алған әсерін айтады

Кейінгі тапсырмалар

Натюрморт жанрын бейнелеген суретшілер турал мәліметтер жинақтау.
Натюрморт,пейзаж салу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет