Сабақтың атауы Білім күні. Бейбітшілік сабағы Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері



бет49/106
Дата25.01.2017
өлшемі10,01 Mb.
#7710
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106

Мағынаны тану

Мәтінді оқыту.Қоян

Қыста аңдарға жем табу қиын.Түлкі қыстыгүні қоян аулайды.Түлкіге қоянды табу қиындыққа түседі.Себебі қоян қыстыгүні аппақ «тонын» киіп алады. Ол аппақ қардан аумай қалады.Содан да ол алаңсыз жайылып, бұта түбінде ұйықтай береді.




  1. басқа аңдар туралы не білесіңдер?


V. Жаңа материалды пысықтау.Өзіндік жұмыс дәптерінің №2 тапсырмасы бойынша

1 нұсқа


1. Өлеңдегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз
2-нұсқа1.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз

2.Олар қандай дыбыстар?

А) дауысты Ә) дауыссыз
3-нұсқа

1.Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жаз.

2. Мына сөздерді буынға бөліп жаз.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

Басылады


Ой толғаныс

VI. Дәптермен жұмыс. Жұмбақ шешу
Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады (қоян)


VIІ. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай оқыту
VIII. Қорытынды. Аңдар туралы әңгімелеу.


Үйге тапсырма

Оқу 21 бет. Қоян туралы әңгіме жазып келу


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Мал атасы. Дауыссыз дыбыстар.


Мақсаты

а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік

беру.Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге

үйрету. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсінік

беру.


ә) оқу жылдамдықтарын арттыру,есте сақтау қабілеттерін

дамыту.Сөздік қорларына молайту.

б) әдемі жазуға тәрбиелеу, малды сүюге, күтуге

тәрбиелеу.Тәртіптілікке үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, нақыл сөздер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Пәнаралық байланыс: дүниетану



Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өткен сабақтардан алған білімдерін «Алма жинау» арқылы пысықтаймын.1 алма-дауысты дыбыстарды ата?

2 алма- дыбыстар нешеге бөлінеді?Ата. 3 алма-Сөз нелерден құралады? 4 алма-дыбыстар немен таңбаланады? 5 алма-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата 6 алма- мына сөздерден сөйлем құра? алма, алдым, сатып, мен.



IV. Мақсат қою кезеңі: Біздің бүгінгі тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар.Яғни, бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып, дауыстылардан ажырата білуге және ерекшеліктерін білуге үйренеміз. Мал атасы, құлыншағым, «Төлді қалай шақырады?» өлеңімен таныс боламыз.Төлді қалай шақыру керектігі туралы білетін боламыз.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

V. Жаңа сабақ.Дыбыстар туралы түсінікті қайталай келіп, дауыссыз дыбыстар туралы, түсінік беру. -Дыбыстар нешеге бөлінеді?-2-ге-Қандай? -Дауысты және дауыссыз

-Дауыссыз дыбыстарды ата -Дауысты дыбыстарды ата. -Дұрыс.Ал ендеше біз бүгін дауыссыз дыбыстар туралы білетін боламыз.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.Мысалы:т,с,қ.біздің тілімізде 25 дауыссыз дыбыс бар.Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ (у). -У дыбысы кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыстың ролін атқарады. -Оқушыларға дауыссыздарды қайталату, оқыту.Төрт түлік мал туралы түсінік беру.Суреттерін көрсету, төлдерін атату.




Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс.

-17-жаттығу. Өлеңді түсініп оқыту.Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката, сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу.(тақтаға орындалады.)

18-жаттығу. Оқушыларға Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мағлұмат беріп өтіп, «Құлыншағым» өлеңін оқып беру.Өлеңді мәнерлеп оқыту.Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру.(Орындарында отырып өз беттерінше орындайды.)

«Төлді қалай шақырады?» әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.Әңгіме жүргізу.Өлеңді кезекпен оқушыларға оқыту.Сұрақтарға жауап алу.



1/Төлдерді қалай шақырады? 2/Төлдер туралы өздерің не білесіңдер? 3/мысықты, атты қалай шақырады?

VI. Жаңа материалды пысықтау: Сұрақ-жауап арқылы өткен тапсырманы пысықтаймын.1/Төрт түлікті ата. 2/Төлдерді қалай шақырады? 3/Қой, сиыр, түйе,жылқы, ешкі сөздеріндегі дауыссыз дыбыстарды ата. 4/Төрт түліктің төлдерін, иесін атаңдар.

VII. Бекіту кезеңі.Сөздік диктант: қозы,лақ,бота.Дауыссыз дыбыстарды тапқызу.Кеспе әріптер арқылы жұмыс жүргізу.


Үйге тапсырма

19-жаттығу, дауыссыз дыбыстарды жаттау 23 бет


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет