Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Торғай. Тоқылдақ . Дауысты, дауыссыз дыбыстар
|
Мақсаты
|
а) Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін пысықтау.Тоқылдақ –
орман сақшысы туралы түсінік беру.
ә) Сөздік қорын , логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау
қабілетін қалыптастыру.
б) Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырмашылығына қарай ажырата білуге үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, тоқылдақ, торғай суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: дүниетану
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа
дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырманы пысықтау, ережелерді еске
түсіру.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өткен тақырып
бойынша білімдерін пысықтау.
IV. Мақсат қою кезеңі- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?- Қандай құстар жыл құстарына жатады?
V. Жаңа сабақ-Балалар, дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.Дауысты дыбыстарға нелер жатады?-Дауыссыз дыбыстарға нелер жатады?-Оқулығымызға қарайық?
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
11-жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жазу
Торғай
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Суретке қарап әңгіме құрастыру. Торғай, жем деген сөздердегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.
12-жаттығу. Сөздерді қатесіз көшіріп жазу.
Суықторғай, қарға ,сауысқан, кекілік, тоқылдақ, шіл, құр, шағала, аққу.2. Сөздердегі дауысты дыбыстарды атау.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу Тоқылдақ.
Тоқылдақ ағаш діңінде отыр.Ол тұмсығымен діңді тоқылдатады.Ағаш қабығында құрттар, көбелектер, қоңыздар бар.Тоқылдақ сол зиянды жәндіктермен қоректенеді.Олардың жерге түскенін ұсақ құстар теріп жейді.Сондықтан тоқылдақ орман емшісі деп есептеледі.
2.Тоқылдақты неліктен «орман емшісі»дейді?
3. Құстардың тағы қандай пайдасы бар?
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Ой толғаныс
|
Жаңа материалды пысықтау Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс туралы түсіктерін пысықтау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |