Сабақтың атауы Білім күні. Бейбітшілік сабағы Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері



бет85/106
Дата25.01.2017
өлшемі10,01 Mb.
#7710
түріСабақ
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   106




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сөйлем.Жырау.


Мақсаты

а) Оқушыларға сөйлем, жырау туралы түсінік бере отырып,

шығармашылыққа баулу.

ә) оқушылардың сөздік қорын арттыру.

б) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі:буклеттер,батырлардыңсуреті,сұрақтар

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Заттың сынын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?Заттың санын білдіретін сөздерді не деп айтамыз?

III. Мақсат қою кезеңі. Бүгінгі тақырыбымызда сөйлем.Оның сөзден ерекшелігі

туралы анықтайтын боламыз.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

IV. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

Сөйлем сөздерден құралады. Сөйлемдегі сөздер бір бірінен бөлек жазылады: Бидай жайқалып тұр



Дәптермен жұмыс

148-жаттығу. Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыту.Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтау.Сөйлемдегі сөздердің бір-бірінен бөлек жазылатынын аңғарту.



Көктем келді

Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Жылғалардан су ақты. Өзендер тасыды. Мал төлдеді. Жылы жақтан құстар ұшып келді.




Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

Басылады


Ой толғаныс

149-жаттығу. Оқушыларға орны ауыстырылып жазылған сөздерден сөйлем құрастырып жаздыру.Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жаздыру.Соңынан нүкте қоюды үйрету.«Жырау» өлеңінің мағынасын түсіндіріп жаттату.

Ойнады балалар жасырынбақ. Амантай қалды арыққа жата. Тығылды қалқасына Сәуле теректің. Отыр арасында Жапар қалың қурайдың. Жамал бастады іздей оларды.



V.Бекіту кезеңі:Өз ойларынан сөйлем құрастыру.Сұрақтарға жауап алу.Дәптермен жұмыс Сөйлем сөздерден құралады.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.

ҮІ. Қорытынды. Сонымен бүгін біз қандай тақырып өттік Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем неден құралады?

Үйге тапсырма

Жырау өлеңін , ережені жаттау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сөйлем. Балаларға.

Мақсаты

а) Сөйлем туралы толық теориялық білім беру.Жамбыл

атаның «Балаларға» айтқан өсиетін түсіндіру.

ә)Оқушының сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін, тілін

дамыту.Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды

шығара білуге дағдыландыру.ой өрісін, танымдық қабілетін

арттыру.


б) Адамгершілікке, инабатты, мейірімді болып өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, Жамбыл ата суреті,сызбалар.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру



Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.



II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген «Жырау» өлеңін жатқа сұрау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

-Сөйлем дегеніміз не?

Сөйлемнің сөзден ерекшелігі не?Мысал келтір.

IV. Мақсат қою кезеңі. Балалар, қазақтың жүз жасаған ақынын кім айтады?

-Ол Ж.Жабаев



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.Сөйлемнің соңына нүкте (.), сұрақ белгісі (?), леп белгісі (!) қойылады.

Дәптермен жұмыс

150-жаттығу Әр сөйлемді оқып, жатқа жазыңдар.Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады, сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

Әрқашан болсын анам,

Болайын мен де аман

151-жаттығу Сөйлемдерді оқыңдар.Керекті жеріне нүкте қойып, оларды бас әріптен бастап жазыңдар

Құралай терезені ашты. Үйге салқын ауа кірді. Үйдің ауасы тазарды. Құралай сабақ оқыды.



Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

Басылады


Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс

Жамбыл аталарың туралы қандай кинолар түсірілді?жамбыл аталарың балаларға өте көп өсиет айтқан.Соның бірі бүгінгі «Балаларға» деген өлеңіӨлеңді мәнерлеп оқимз.Оқушыларға тізбектей оқытамын.



VI.Жаңа материалды пысықтау. Ережені сұрап, мысалдар келтіру.

VII.Бекіту кезеңі. Тест жұмысын алу..Өткен тақырып бойынша

Үйге тапсырма

Балаларға өлеңін мәнерлеп оқып келу, 152-жаттығу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет